.
.
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3094 | Размер: | Автор: ПубликаторСабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау.
Тәрбиелік: Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, әнді, өнерді сүюге тәрбиелеу, әсемдікті сезіне білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын әдеби, жүйелі тілмен жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу,
мінездеме, салыстыру, ой-түйін.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сурет, қанатты сөз, венн
диаграммасы, инсерт кестесі
интерактивтік тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Шығарманы талдау
- Балалар, біз сендермен өткен сабақта Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығармаға жоспар құрған болатынбыз. Бүгін осы шығарманы талдауды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі сабағымызда:
1. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу
2.Әмірқан бейнесінің әр қыры.
3.Ақтамақ хикаясы
деген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаймыз.
Өткен сабақта біз «Әнші» әңгімесінің авторы Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып кеткенбіз.
Жүсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі. Жүсіпбек – ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.
Жүсіпбек – новелла, повесть, романның айтулы шебері, психолог, тұңғыш оқулықтар мен педагогикалық мақалалардың авторы. Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне Б.Майлин:
«Мен Жүсіпбектей шебер жазушыны көрген емеспін» - деп баға берген. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу. Соның бір айғағы – осы «Әнші» әңгімесі.
«Әнші » әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді.
- Әміре Қашаубаев кім?
- Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант, қазақ әндерін Парижде өткен сән көрмесінде орындап, күміс медальға ие болған. Қазақ әндерін шетелде орындаған тұңғыш қазақ әншісі. Ресейде, Германияда өз өнерін көрсеткен.
(суреттерін көрсету)
- Енді шығырманың өзіне тоқталайық. Ол үшін тірек –схемаға сүйене отырып, шығарманы еске түсірейік . Біз шығарманы 3 бөлікке бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Әр бөлімге 2-3 сөйлеммен шолу жасап кетеміз.
( 3 бөлімді 3 оқушыға мазмұндатамын)
- Міне, шығарманың жалпы мазмұнына да шолу жасап өттік. Енді шығарманы әрі қарай толық талдау үшін әрі алдымызға қойған мақсатымызға жету үшін мен мынадай 4 дейгейлік жұмысты таңдап отырмын. Сабақ соңына дейін 4 деңгейді де толық орындап, мақсатымызғы жетеміз деп ойлаймын.
Шығармашылық
деңгей
Эвристикалық
деңгей
алгоритмдік
деңгей
оқушы деңгейі
Деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыс:
І. Оқушы деңгейі Сұрақ-жауап әдісі
- Автор Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігін қалай суреттеген?
- Әмірқан әншілік өнерді кімнен үйренді? (әуелі әкесінен, сосын әнші Жұмабектен)
- Әңгімені тыңдаушыға Әмірқан әңгімесінің әсері қалай сипатталады?
- Ән, өнер туралы Әмірқанның өзі не ойлайды? Өнерді қалай түсінеді?
- Әмірқанның әл-ауқаты, үй тұрмысы қандай?
ІІ. Алгоритмдік деңгей Оқулықпен жұмыс
Оқулықты пайдалана отырып, шығарма тілімен Әмірқанға сипаттама бер.
Арсын-гүрсін
Барды баламайды, сыпайы, бұйығы, момын
Жоқты санамайды.
әннен басқаға олақ еркін
сенгіш әнді жүрегімен орындайды
адал дос
ІІІ. Эвристикалық деңгей. Дәптермен жұмыс
«Адасқан сөздер» ойыны
1. Көңіл, шайдай, жадырап, ашылды, бір. (Көңіл бір жадырап, шайдай ашылды.)
2. Сауық, жасауға, наурызда, шәкірттері, қазақ, даярланды. (Наурызда қазақ шәкірттері сауық жасауға даярланды.)
3. Даярланғанбыз, әлімізше, өз,жақсы, сауыққа. (Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.)
4. Шартылдады, шапалақ, Әмірқан, шығысымен. (Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.)
5. Бізбен, болып, дос, кетті, кейін, наурыздан. (Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті.)
«Кім тапқыр?» ойыны (Ж.Аймауытовтың жұмбақтарын шешу)
1)Жабықта жарты күлше қыстырулы тұр. (Ай)
2) Там үстіне бір тақия тары септім, таң атқасын жинап алдым. (Жұлдыз)
3) Екі тері, тең тері,
етек-жеңі кең тері. (Күн мен түн)
4) Ерте тұрдым, екі айыр жолға түстім. (Шалбар)
5) Жатса қояндай,
Тұрса түйеде (Ер тоқым)
6) Екі шеті жұдырықтай,
ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)
ІҮ. Шығармашылық деңгей
“Ақтамақ хикаясы” деген тақырыпқа өз қиялыңмен Әмірқан әңгімесін ары қарай жалғастырып, әңгімені аяқта.
- Міне, осымен біз алдымызға қойған мақсатымызға да жеттік.
ІІІ. Қорытынды
Инсерт кестесі
НЕНІ БІЛЕМІН? НЕНІ БІЛДІМ? НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?
Бес жолды өлең
“Әнші”
1. Зат есім: Қайрат
2. Сын есім: күшті, жігерлі
3. Етістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайды
4. Синоним: күш, жігер, қуат,ерік
5.Сезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.
«Әңгіме кестесін» құру
1. Әңгіменің аты: «Әнші»
2. Авторы: Ж. Аймауытов
3. Кейіпкерлері: Әмірқан, Шәкет, Ақтамақ, студент жастар, ұрылар
4. Қай кезеңді суреттейді: Көктем мезгілін, ХХ ғасырдың алғашқы
кезеңдерін суреттейді.
5. Немен аяқталды: Әмірқанның әңгімесімен
6. Не үйретті: Әннің, әншінің құдіреттілігін, әнді қалай айту керектігін,
достыққа адал болу керектігін үйретті.
- Бүгінгі сабақты Ж.Аймауытовтың өз сөзімен аяқтағым келеді.
«Өзі өмірді анық жете біліп, өзгелерге жөн сілтеп,
қараңғыны жарық, бұлдырды ашық көрсете алмаған
ақын – ақын емес».
Ж. Аймауытов
ІҮ. Бағалау
Ү. Үйге тапсырма: 1. Әміре Қашаубаев салған әндерді іздеп табу.
2. Ж. Аймауытовтың басқа да шығармаларын оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.