Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Ж »  дыбысын  машықтандыру.  « Туған күн » - мәтін. -

« Ж » дыбысын машықтандыру. « Туған күн » - мәтін.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 9268 | Размер: | Автор: гость
. Тақырыбы : « Ж » дыбысын машықтандыру.
« Туған күн » - мәтін.

Мақсаты:

Білімділігі : Ж дыбысының шырайымен таныстыру.
Ж дыбысын дұрыс айтып ,буында , сөзде, сөйлем ішінде анық
айтуға дағдыландыру; Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту ;
Айтылған мәтінді дұрыс түсіну, сұрақтарға толық жауап беру;
Берілген тапсырманы дұрыс орындау және тақырыпқа байланысты
әңгімені жүргізе білу;

Дамытушылығы: Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізуге және
ой қорытуға дағдыландыру; ойын түрлері арқылы ізденімпаздық
қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау
барысында іскерлік, танымдылық қабілеттерін арттыру.
Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілігі: Адамгершілік қарым- қатынасқа үйрету. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа
тәрбиелеу.

Түзетушілігі : - Сөйлеу және есту мүшелерінің жұмысын ұсақ моториканы дамыту
арқылы бекіту;
- Есту арқылы қабылдауын дамыту және қалыптастыру;
- Қалдық есту қабілетін мүмкіндік жеткенше дамыту, осы негізде
ауызша сөздік тілдік қабылдауға сапалы және естіп- көру тірегін құру.

Көрнекілігі : кеспе сөздер , суреттер

Құрал- жабдықтары: дыбыс күшейткіш аппараты ( ДКА),компьютер(слайд), экран

Әдіс- тәсілі : түсіндіру, сұрақ – жауап , қайталау

Жоспары :

1. Оқу іс- әрекетін ұйымдастыру кезеңі.
2. Дайындық жаттығуларын жүргізу.
3. Дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы
4. Таныс тілдік материалдарды естіп, ажырату
А) сөздерді естіп қабылдау
ә) сөйлемді естіп қабылдау
б) сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру
5. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқу іс- әрекетін ұйымдастыру.
- Қабылдағышты ки ;
- Сен не істедің?
Оқушы : Мен қабылдағышты кидім.
- па-па-па
- Сен не естідің?
Оқушы : па-па-па
- Сәлемдес.
- Сенің атың кім?
- Сенің тегің?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Бүгін нешесі?
- Қандай күн?
- Қазір қандай сабақ?
- Біз сабақта не істейміз?

ІІ. Дайындық жаттығуларын жүргізу.

Мақсаты: дыбысты дұрыс айтуға қажет сөйлем мүшелерінің қалпын,
қимыл қозғалысын дамыту.

1. Тыныспен жұмыс: « Көбелекті ұшыр» - Көбелекті бір тынысты демде үріп, ауаны
жұтпау керек. Екі ұртқа ауа жинамай ерін
сәл алға созылады.

2. Дауыспен жұмыс : ( дауыстап, жәй, сыбырлап)
Алақай, алыстан атам мен әжем келді. ( дауыстап)
Жандос қарбыз жеді. ( жәй)
Тыныш , сәби ұйықтап жатыр. ( сыбырлап)

3. Тілге арналған жаттығулар :

Дыбыстарды анық айту үшін артикуляциялық аппаратты ретке келтірейік, ол үшін
жаттығулар жасайық .
« Күлімсіреу » , « Түтікше » , « Есік ашылды » - ерінге арналған жаттығулар
« Құймақ» , « Тәтті тосап» , « Мысық ашуланды», « Әткеншек» -тілге арналған
жаттығулар.

4.Фонетикалық жаттығу : Екі қолды алға созып, сұқ саусақтарымен дірілдетіп
«Ж» дыбысын айтқызу.
- Сен не істедің?
- Мен жаттығу жасадым.

ІІІ . Жаңа сабақ
- Мына суретте нені көріп отырсың?
- Үлкен гүлзарды көріп отырмын.
- Гүлзардың үстіне не қонды?
- Гүлзардың үстіне қоңыз қонды.
- Қоңыз ұшқанда қандай дыбыс шығарады?
- Ж – Ж – Ж
- Дұрыс. Ж дыбысын естіп тұрмыз.
- Бүгінгі танысатын дыбысымыз Ж дыбысы

Мұғалім алдымен шыраймен , одан кейін айнаға қарап көрсетіп түсіндіреді.
1. Ж дыбысының артикуляциялық кескіні :
«Ж» дыбысы дауыссыз дыбыс, ол өлеңдетіп, созылып айтылмайды, аузымызда
кедергі кездеседі.
Ж – дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де тістер дыбысты жібермей тұрады.
Тіл жоғары көтеріліп таңдайға тимей тұрады. Бүйірлері азуға тиеді.
Ж дыбысын айтқанда дауыс бар.

Бала айнаға қарап «Ж» дыбысын айтады.

2. Ойын : « Баспалдақ» - буындарды оқу
Жа – жо –жу – жы- же – жі
Аж –ож – уж – ыж – иж- ұж

3. « Ж» дыбысын буында, сөзде. сөйлем ішінде дұрыс,анық оқы.
- жа , - жо жапырақ Ағаштан жапырақ түсті.
- жу , - жө
- аж, - ож жүзім Жамал жүзім жеді.
- жү, - жы
- жә, - же жәшік Жәшік ағаштан жасалады.
- жи, - жі

- Cен не істедің?
- Мен буында, сөзде,сөйлемде оқыдым.

4. Ж дыбысын сөзде дұрыс,анық оқы:
Дауыстап Жәй
Жа (ға) Жы (лан)
Жа(ңбыр) Жі (п)
Жа(пырақ) Жү(зім)

- Сен қалай оқыдың?
- Мен дауыстап, жәй оқыдым..

5. Суреттерді ата. ( Ж дыбысының орнын табу)
Жалау, жолбарыс, қонжық, жылқы, жүзік, жіп.

- Сен не істедің ?
- Мен суреттердің атын атадым.

6. « Жоғалған әріпті тап»
...аңбыр, ...ылан, ...азу, ...акет, о...ау, ...ас.

- Сен не істедің?
- Мен жаздым.

7. Сөйлемдерді оқы. Ж дыбысын дұрыс, анық айт.
1. Жанар жатыр.
2. Жасұлан жүгірді.
3. Жандос жаттығу жасады.

- Сен не істедің?
- Мен сөйлемді оқыдым.
-
8. Жекеше- көпше түрінде айт.
Жылқы - жылқылар
Жапырақ – жапырақтар
Желім- желімдер

- Сен не істедің?
- Мен жекеше-көпше түрінде айттым.

ІІІ. Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай –ақ.

ІV . Есту қабілетін дамыту

Мұғалім: Мен мәтінді оқимын, сен мұқият тыңда ( экран арқылы)

Туған күн
Бүгін Әсемнің туған күні. Әсемнің туған күніне Дана, Сара, Қанат,
Самат келді. Дана қуыршақ сыйлады. Сара гүл сыйлады. Қанат ұшақ
сыйлады. Самат кітап сыйлады.

Мұғалім : Сен не естідің?
- ( туған күн, Әсем, Дана, Сара, Қанат, Самат)
Мұғалім: Мен мәтінді тағы оқимын, сен мұқият тыңда.
Сен не естідің?
- ( қуыршақ, гүл, ұшақ, кітап)
- Ал, енді мәтінді сен оқы, мен тыңдаймын.
( Оқушының дыбыстарды дұрыс, анық оқуын қадағалау)

- Сен не істедің?
- Мен мәтінді оқыдым.

V. Қима сөйлемнен мәтін құра. ( қима мәтін есту қабілетіне беріледі.)

VІ. Сұрақтарға жауап бер: ( есту қабілетіне беріледі.)
1. Кімнің туған күні болды?
2. Туған күнге кімдер келді?
3. Дана не сыйлады?
4. Сара не сыйлады?
5. Қанат не сыйлады?
6. Самат не сыйлады?
7.
- Сен не істедің?
- Мен сұрақтарға жауап бердім.

VIІ. Естіген сөзді суреттен көрсет:
( ұшақ, қуыршақ, кітап, гүл, сыйлықтар).

VIIІ.Естіту сөздігі : тыңда, қайтала ( экран арқылы)
(туған күн, сыйлық, Әсем, Дана, Сара, Қанат, Самат)

VIII. Үйге тапсырма:
« Ж» дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде айтқызып машықтандыру.
« Туған күн »- мәтінді оқу.

IX. Қорытынды
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Сен сабақта не істедің?

X. Бағалау.
- Қабылдағышты шеш.
- Берілген тапсырмаларды жақсы орындадың. Жарайсың!
- Сау бол!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.