.
.
«Жұлдызды сағат» ойыны Шаяхметова Анаргүл Әменқызы «Жұлдызды сағат» ойыны
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1298 | Размер: | Автор: гость11 - сынып ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
химия пәні мұғалімі
Тақырыбы: «Ізденген жетер мұратқа»
Мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімін қорытындылап, жүйелеу арқылы пәнге қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденуге баулу, ой – өрісін кеңейту, оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұжымдыққа баулу, шығармашылығын шыңдау, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тестер жинағы, слайд, жұлдызшалар, сандар жазылған таяқшалар, шар, интерактивті тақта.
Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында өтетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. 11 сыныптарда «Ізденген жетер мұратқа» деген тақырыпта қорытынды сабақ өткіздім. Жұлдызды сағат ойынына 6 оқушы қатысады. Алдарында 1, 2, 3, 4, сан жазылған қағаздар тұрады. Қайсысы дұрыс деп ойласа, сол санды көтереді. Дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша таратылады.
І тур
Тапсырмалар
1) Органикалық құрылыс теориясын кім ашты?
1) Ломоносов 2) Бутлеров
3) Франкленд 4) Кекуле
2) Қаныққан көмірсутектерге қандай гибридтену тән?
1) Sp 2) Sp3
3) Sp 2 4) S-S
3) Алкандардың жалпы формуласы ?
1)СпН2п+2 2) СпНп
3) СпН2п- 2 4) СпНп+2
4) Этанның формуласы қайсысы?
1) С2 Н6 2) С2 Н4
3) С2 Н2 4) С6 Н6
5) Этилен молекуласының пішіні:
1) сызықты 3) кеңістіктік
2) жазық 4) тетраэдр тәрізді
6) С2Н2 + Н2О СН3 – С – Н реакциясын ашқан ғалым:
1) Н. Зелинский 3) М. Кучеров
2) В. Марковников 4) Ш. Вюрц
7) Молекуласында сутектің 14 атомы болатын алкан:
1) гексан 3) октан
2) гептан 4) пентан
8) Циклогександы дегидрлегенде түзілетін қосылыс:
1) гексан 3) метилпентан
2) циклопентан 4) бензол
9) Алкандарға тән емес реакция:
1) жану 3) орынбасу
2) ыдырау 4) полимерлену
10) Алкандарды синтездеу үшін алынатын бастапқы заттар:
1) ацетилен және су 3) метан және оттек
2) галогеналкан және натрий 4) кальций карбиді және су
І турдан кейін, оқушылардың жұлдызшасы саналып, жұлдызшасы кем 1 оқушы шығады.
ІІ тур
1- тапсырма
1) Органикалық заттарға қайсысы жатады.
1) оксидтер 2) қышқылдар
3) тұздар 4) мұнай, газ, тағам
2- тапсырма
2) Алкендерге жалғанатын жұрнақ.
1) аль 2) ол
3)ен 4)ан
3 - тапсырма
3) Затқа сутегі қосыла жүретін реакция.
1)изомерия 2) гомолог
3)гидрлену 4) гибридтен
4- тапсырма
4) Мыналардың ішінде қайсысы химик емес?
1)Менделеев. 2) Ломоносов.
3) Тимирязев. 4) Авогадро
ІІ турдан кейін, ең аз жұлдызша жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.
ІІІ тур
Тапсырмалары
1) Алкандарға қандай байланыс тән?
1) сутекті 2) металдық
3) иондық 4) ковалентті
2) Дегидрленуге қай реакция жатады?
1) С+2Н2 2) С2Н6 +О2
3) С2Н4+Н2 4) СО2+СuО
3) ВЮРЦ РЕАКЦИЯСЫН КӨРСЕТ
1) 2СН3 СІ + 2Na 2) СН4 + 2Н2
3) С +2Н2 4) СН4 + СІ2
4) Қанықпаған көмірсутектерде қандай байланыс ?
1)Дара байланыс 2) қос баланыс
3) Үш еселі байланыс 4) 2 қос байланыс
Үшінші тур аяқталған соң, оқушылар алкандардың атауы берілген формуласын тап.
Метан, этан, гептан, октан, пропан, пентан, бутан, гексан
Ең көп құрастырған оқушыларға жұлдызша беріледі. Тағы оқушылардың жұлдызшасы саналып, жұлдызшасы кем 2 оқушы ойыннан шығады..
ІҮ тур
Соңғы тапсырмаға екі оқушы
«К а т а л и з а т о р» сөзінен бірнеше сөздер құрастырады.
Сөздер құрастырып болған соң оқушылардың тапсырмаларын тексеріп көп құрастырған оқушыға жұлдызша беремін, сонан кейін жинаған жұлдызшаларын санап, ең аз жұлдызша жинаған 1 оқушы ойыннан шығады. кім көп жұлдызша жинаса, сол ойынның жеңімпазы болады.
Мысалы:
тар тал так ор лиза за ат таза апа ата литр титр ит рак ар ал рок таза т.б
Назар қойып қарағандарыңызға рахмет!!!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.