Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ж. Молдағалиев .Отан, қазақ халқы, оның тілі, тарихы тағдыры: Менің халқым,  Ғажапсың Қазақстаным,  Тарих туралы. -

Ж. Молдағалиев .Отан, қазақ халқы, оның тілі, тарихы тағдыры: Менің халқым, Ғажапсың Қазақстаным, Тарих туралы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2080 | Размер: | Автор: гость
. Уразова А.Қ
7-сынып БҚО , Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп- гимназиясы
Тақырыбы Ж. Молдағалиев .Отан, қазақ халқы, оның тілі, тарихы тағдыры:
Менің халқым, Ғажапсың Қазақстаным, Тарих туралы.
Мақсаты Оқушылар ақиық ақынның өлеңдеріне талдау жасау арқылы мағынасын ашып, ойын жеткізіп, топпен бірге тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу ,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже А. Өлеңнің мазмұнын, ашып өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді;
В.Тілін, сөздік қорларын дамытады;
С.Сыныпта шығармашылық жұмыс арқылы , ақын өлеңдерін өмірмен байланыстырып айтады;
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Топтық , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер,
Сабақ барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг Оқушыларды сапқа тұрғызып, ақынның өлеңдері арқылы тақырыпқа бөлу.
Тренинг арқылы психологиялық ахуалды жақсарту Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.
Кіріспе
«Поэзия минуты,
Поэзия минуты: Жыр арқауы – туған ел:
1.«Туған елді жырлаймын»
2.«Ауыл түтіні»
3.«Жағанда тұрмын Жайығым
4. «Орал туралы ойлардан» Оқушылар интерактивті тақтадан кез-келген ұяшықты таңдайды да,топ мүшелері кезектесіп жауап береді. Оқушылар еске түсіреді, талдайды.
Тұсаукесер
Қызығушылығын ояту
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Ж.Молдағалиев өлеңдеріне көптеген сазгерлер ән шығарған екен. Соның бірі –Ерболат Құдайбергенов. Ендеше, Ерболаттың орындауындағы « Мен қазақпын» әні «Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы, әдебиетіміздегі ірі құбылыс. Ол – Оралдың ғана ақыны емес, қазақтың Жұбаны».
З. Қабдолов Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Негізгі бөлім
«Менің халқым», «Ғажапсың Қазақстаным», «Тарих туралы»
Постермен тақырыпты қорғау Ақынның туған жер, Отан, қазақ ұлты, оның тілі, тағдыры;Ана, әйел, махаббат;Соғыс тақырыбы; Бейбітшілік, достық, еңбек, халықтар достығы; Замандастар, ұлы адамдар бейнесі.тақырыптарында бірнеше өлеңдері бар. Бүгін Отан, қазақ ұлты, оның тілі, тағдыры; тарауы бойынша «Менің халқым», «Ғажапсың Қазақстаным», «Тарих туралы» өлеңдерімен танысамыз. Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату.
Өлеңді оқушылар дауыстап мәнерлеп оқиды, мазмұнын идеясын ашады.
І топ . Тар жолдан таймай өткен халық- батыр,
ІІ- ІІІ топ. Мен нағыз ұлы тарих куәсімін.
ІV топ. Ал бүгін көркің мүлде өзге,
Ғажапсың , Қазақстаным!
Постер арқылы ақын өлеңін қорғату.
Сергіту сәті. «Поезд»
І-ІІ топ 1-шапалақ-2 аяқ;
ІІІ-ІV топ 2-шапалақ -1 аяқ;
Өлең құрылысына талдау.
Елі бар бақ жұлдызы жанып тұрған,
Жері бар жаралғандай жарық нұрдан,
Ер халқым , көтерілші өн бойыңа,
Ғаламды таңырқатсын алып тұлғаң.
1 шумақ, 4 тармақ, 3 бунақ, 11-12 буын, қара өлең Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап отаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау.
топтан бір оқушы шығып орындайды.
Қорытынды «Туған жер – алтын бесігім» тақырыбына өлең құрастырамыз, немесе ой толғау жазамыз. Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу
Рефлексия
Қорытындылау Стикерлерді толтыру
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойыңызды стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин) Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады.
Үйге тапсырма Өлеңді жаттау.
«Менің елім –Қазақстан» тақырыбына кітапша, альбом жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.