.
.
Нұрханова Гульназ Жармуханбетовна Жәнібек Кәрменов «Әке тәлімі»
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2328 | Размер: | Автор: гостьС.Байжанов атындағы № 162 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы, Алматы қаласы
Сабақтың тақырыбы: Жәнібек Кәрменов «Әке тәлімі»
Берілген уақыт 45 минут Пәні: Әдебиеттік оқу Мерзімі: Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Жәнібек Кәрменов «Әке тәлімі»
Жалпы сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын меңгерте отырып, өз бетімен жұмыс жасауға, өздігінен қорытынды шығаруға, үлгі тұту, құрметтеу, өнерге деген талпыныс сияқты қасиеттерінің мәтіндегі ашылуына машықтандыру.
Сөздік қорларын молайту арқылы ой-өрістерін, көркем сөйлеу тілдерін дамыту, өнерге баулу.
Күтілетін оқу нәтижесі: - Мәтіннің мазмұнын түсініп меңгереді;
- Ашық және жабық сұрақтар қоя алады, оған жауап бере алады;
- Шығармашылық тұрғыда жұмылу арқылы өз ойларын еркін жеткізеді, қарсы пікір айта алады;
- Ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді.
Түйінді идеясы: Әннің құдіреттілігі
Сабақ типі: Жаңа білімді зерделеу мен алғашы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг
Белсенді оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер: Амандасу, асық алу арқылы топтасу, ой қозғау әдісі, постер қорғау, ой тастау, Инсерт әдісі, Дайындал... Назар сал... Жазыңдар! Эссе жазу, екі жұлдыз, бір тілек, басбармақ әдісі арқылы бағалау
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Мәтіндегі басты кейіпкерлердің суреті. Өнер, еңбек тақырыбына арналған нақыл сөздер мен мақал-мәтел жазылған плакат, инербелсенді тақта, үнтаспа.
I Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті: Оқушының әрекеті:
1-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Ойсергек «Амандасу» жақсы тілектер тілеп амандасуын ұйымдастыру. Оқұшылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілеп амандасады.
2-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
Асықтар бойынша топтарға бөлу Оқушылар алған түстері бойынша топтарға бөлінеді.
3-әрекет. Топтық жұмыс:
Ойлан, бірік әдісі бойынша топ мүшелерін сайлап алуды, топ ережесін сақтап отыруды тапсыру. Топ мүшелерін сайлайды. Ережені сақтауға уәде береді.
4-әрекет. Ұжымдық жұмыс.
Ой тастау әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар үй тапсырмасын айтады
5-әрекет. Жеке, топтық жұмыс.
Постер әдісі бойынша суретпен жұмыс. Оқушылар постер әдісі бойынша салып келген суреттерін қорғайды.
6-әрекет. «Басбармақ» әдісімен топ жұмыстарын бағалауды ұсыну. «Басбармақ» әдісімен топ жұмыстарын бағалайды
II Мағынаны ажырату кезеңі:
7-әрекет. Инсерт әдісі бойынша мәтінмен жұмыс. Оқушылар берілген мәтінді оқып, түсінгендерін талдап, жариялайды.
8-әрекет.
Ой сергек «Балалар» интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталап әрекет жасауларын ұсыну.
«Балалар» ой сергегіндегі қимылдарды қайталап, көңілдері көтеріледі.
9-әрекет. Топтық жұмыс:
Дайындал... Назар сал... Жазыңдар! әдісі бойынша сөздерді мәтіннен тауып жазу, сөйлем құрау.
Оқушылар мәтіннен тауып, жазып, сөйлем құрайды.
III Ой толғаныс кезеңі:
10-әрекет. Топтық жұмыс:
1-топ «Әке» туралы өлең
2-топ «Әке» туралы ән
3-топ «Әке» туралы мақал-мәтел
4-топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені...... тақырыбына эссе жазу. 1-топ «Әке» туралы өлең оқиды
2-топ «Әке» туралы ән айтады
3-топ «Әке» туралы мақал-мәтел айтады
4-топ «Мен әкемді мақтан тұтамын» өйткені...... тақырыбына эссе жазады.
11-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
Бағдаршам әдісі бойынша топ жұмыстарын бағалауды тапсырамын. Мұғалім баға қояды.
Бағдаршам әдісі бойынша топ жұмыстары бағаланады.
12-әрекет. «Кері байланыс» стикерлер тараптып, екі жұлдыз, бір тілек стикерлерге жаздырып, ілдіру.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілер алдында оқиды.
13-әрекет. Үйге тапсырма:
Мәтінді оқып келуді, Ермек Серкебаев туралы мәлімет жинап келуді тапсырамын.
Мәтінді оқып, мәлімет жинап келеді.
Мұғалім Нұрханова Гүлназ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.