.
.
Еркебаева Насиба Султановна, Жүннен жасалатын бұйымдар
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3684 | Размер: | Автор: гостьЫ.Алтынсарин ат. мектеп жанындағы
интернаты бар жалпы орта мектебініңтехнология пәні мұғалімі.
ОҚО Қазығұрт ауданы
Жүннен жасалатын бұйымдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жүннен жасалатын бұйымдар туралы толық мағлұмат беру. Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдыққа баулу арқылы этнопедагогикалық білім беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: дайын жүннен жасалатын бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, этнопедагогика.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
Жаңа сабақ.
Жүн – қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді. Ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі.
Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтарының ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамына жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім т.б. жасауға пайдаланылады.
Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т.б. ешкі тұқымының жүні биязылау болады. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әртүрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады.
Жүннен жасалатын бұйымдар:
Арқандар: ат арқан, белдеу арқан, жел арқан, желі арқан, қом арқан, қосарқан, матау арқан, сүйретпе арқан, тарту арқан.
Жіптер: Бас жіп, бауыр жіп, бұғалық жіп, жан жіп, керме жіп, күрде жіп, ноқта жіп, өре жіп, тең жіп.
Киіз үй жабдықтары: ақ басқұр, ала басқұр, бас бау, босаға, дөдеге, кереге бау, таңғыш, түндік бау, уық бау, үзік бау.
Киім кешектер: жабағы күпі, жадағай шапан, жү қолғап, жүн шолық, түйе жүн далғабай, түйе жүн кеудеше, шепен, шидем шекпен.
Мал әбдездері: айыл, асмалдық, бұйда, жел бұйда, жүген, арқан, құр айыл, ноқта, түйе ноқта, шылбыр.
Төсеніштер: алаша, бөстек, кілем.
Шаруашылық бұйымдар: дорба, қанар, қап.
Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге келе жатқан өнер. Шеберлердің қолымен шыққан қолөнер туындылары, халықтың өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, табиғатпен, эстетикалық талғамдармен байланысты болған. Қазақ қолөнеріне пайдаланған негізгі шикізаттың бірі – жүн.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігіне үлкен рөл атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі төсеніштер, қап, шекпен, аяққап, басқұр сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең көп қолданылатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті.
Киіз үйдің даму тарихында киіз басауды ойлап табудың маңызы аса зор болады. Киіз басу өндірісі өзінің өсу шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен. Қазақ халқының киізге деген мұқтаждығы әр уақытта орасан зор болған, ол тек үйді жабу үшін ғана пайдаланып қоймай, киіз үйдің ішкі жасауларына да қолданылады. Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты оның ішінде жүннен алуан түрлі бұйымдар жасау белгілі бір өнерлілікті, шеберлікті қажет етті.
Ал, біз осы бұйымдардың ішінен киіздің жасалу жолдарына тоқтаймыз. Киізді бүкіл үйдің жабыны және төсеніші ретінде пайдаланған. Киізді жасау үшін ең алдымен кірінен, шайырынан тазартып қырқылған. Қойдың күзем жүнінен киіз басылады.
Қазіргі уақытта жаңа технология бойынша жүннен алуан түрлі бұйымдар жасалады: төсеніштер, кілемдер, киімдер, бас киімдер, аяқ киімдер.
Сергіту сәті. Берілген мақал-мәтелдерді толықтыру:
• Өнерді үйренде, .......... (жирен).
• ............ көп жерде – өнер көп. (Ел).
• Үйренгенің өзіңе, істегенің еліңе ...... (құт).
• Шебердің саусағы ......... (алтын).
• Оюды оя алмаған .................... (ойланбаған).
• Еріншектің .............. бітпейді (ертеңі).
• ............ – мол өнер. (Қолөнер)
• Жеті ре өлшеп, ..... рет кес. (бір)
• Қыз еркем, .............. көркем. (кестесімен)
• .... ойғанның – ойы ұшқыр. (Ою)
Жаңа технология бойынша киізді де басқа жолдармен дайындауға болады. Дайын жұқа киіз бетіне киіздің эскизін салып оны боялған жүндер мен ине арқылы толтырып шығарылады, онда қабырғаға ілуге жарамды әсем жұмыс шығады.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылар бүгін біз жүннен жасалатын бұйымдар туралы мағлұмат алдық. Сонымен:
- Жүн дегеніміз не?
- Жүндер неше түрге бөлінеді?
- Жүннен жасалатын киім-кешектерді ата?
- Жүннен жасалатын шаруашылық бұйымдарды ата?
Оқушы білімін бағалау.
Әрбір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателіктерін қайта түсіндіру.
Үй тапсырмасы: жүн туралы ғаламтордан қосымша ізденіп, оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.