.
.
О.Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектебінің Жұрнақтар жалғану жолмен жасалған
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2697 | Размер: | Автор: гостьқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсілбеков Сардар
Пәні: Қазақ тілі
5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақтар жалғану жолмен жасалған
туынды сөздер.
Сабақтың мақсаты: а) Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер туралы
білімдерін пысықтау. Жұрнақтар жалғану жолмен жа-салған туынды сөздерді лексикалық жолмен жасалған туынды сөздермен салыстыра түсіндіру.
ә) Тәрбиелік мақсаты – еібексүйгіштікке, адамгер-шілікке, инабаттылыққа және әдебиетті сүюге тәр-биелеу.
Көрнекіліктері: Таблица, үлестірмелі материалдар, суретті
карточкалар.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, тест әдістері.
І Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Оқушыларды түгелдеу.
3) Оқушылардан үй тапсырмасын сұрақ-жауап
арқылы сұрау.
а) Үйге берілген 360-жаттығуды орындауға тақтаға екі оқушы шығарамын.
ә) Үлестірмелі карточкалар (тест сұрақтары, суретті карточкалар) таратылып, бірнеше оқушыларға тапсырма беремін.
Тақтадағы үй жұмысы тексеріліп болған соң сол екі оқушыға мынадай сұрақтар қоямын.
1. Сөзжасам дегеніміз не?
2. Жаңа сөз тудырудың қандай тәсілдерін білесіңдер?
3. Қазақ тілінде сөздер қаншаға бөлінеді?
4. Түбір сөздер мен туынды сөздерге мысалдар келтір: оқу, мал т.б.
5. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?
Жауап берген соң орындарына отырады.
Оқушылардағы үлестірмелі кестелердегі жауаптарды тексеремін.
Өткен сабақты қорыту. а) Сонымен сөзжасам дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Қазақ тілінде сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып екіге бөлінеді: жер, жұрт, жұмыс түбір сөз болса, жер серігі, жұмысшы, жылы сөз туынды сөз болады.
ә) Сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ, жаңа мағынаға ие болуын лексикалық жолмен жасалған туынды сөз дейміз.
Жаңа сабақ: Жұрнақтар жалғану жолмен жасалған
туынды сөздер.
Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда жаңа мағыналы сөздер жасалады.
Мысалы:
ауыл/дың, бала/лық
үй/шік, ас/хана
арба/кеш
Жұрнақтар екі түрлі болады:
Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар.
1) Сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ дейміз.
Мысалы: аш, тол сөздерінен ашық, толық деген жаңа сөздер жасалған ық жұрнағы арқылы.
2) Сөдің негізгі мағынасын өзгертпей, оған қосымша мағына үстейтін жұрнақ сөз түрлендіруші жұрнақ дейміз.
Мысалы: қалашық, көлшік түбірлері – қала, көл дегендер: -шық (шік) жұрнағы түбірлердің негізгі мағыналарын өзгертпеген. Ол тек қаланың, көлдің кішкентай екенін білдіреді.
Бір сөзге бірнеше жұрнақ жалғана береді. Мысалы: сен-ім-ді, оқы-т-у-шы-лық т.б.
Оқулықпен жұмыс: 362-жаттығу.
Көп нүктенің орнына
хана жұрнағы арқылы
жасалатын сөздерді қоямыз.
363-жаттығу. Мәтінді оқып, түсінігімізді айтамыз. Мәтіннен туынды сөздерді теріп жазамыз. Күз/де, күз/гі. Қон/ыс, көк/теу жаттығуды орындап болған соң 3 топ та жаңа сөз жасайды.
1 топ 2 топ 3 топ
Жаңа сабақты пысықтау:
Оқушыларға үш түрлі краточка тапсырамын.
Қорытынды: тақтаға үш плакат ілемін. Плакатта әріптер бар. Әріптерді құрастырып сөз, мақалдар құрастырады.
1 топ
Әріптердің орнын ауыстыра отырып, жаңа сөз жаса. Осыдан жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.
2 топ.
Сағат тілі бойынша екі әріптен қалдыра
Отырып оқысаң, ел туралы мақал оқисың. Осылдан жұрнақ арқылы жасалған туын-ды сөзді тап.
3 топ.
Уайым өтесің теңіз
Батасың желқайық кетесің
тәуекел түбі де
мінесің да түбі
Уайым түбі теңіз
Батасың да кетесің,
тәуекел түбі желқайық
мінесің де өтесің.
Осы жазылған тәртібімен оқымай, шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқысаңдар халық мақалы шығады. Желқайық қандай сөз?
Үй тапсырмасы: 364-жаттығу.
Үлгі: Алдар Көсе – қазақ халық ауыз әдеиетіндегі арасына көп тараған
қандай?
ұнамды күлдіргі кеіпкер.
сүйкімді, жағымды көңілді, сайқымазақ
Бағалау.
Тест сұрақтары
1. Буынның түрлерін ата.
а) ашық, тұйық, бітеу буындар
ә) ашық, жабық
б) тұйық, жабық, ашық
в) бітеу, жабық, қысаң
2. Екпін қаншаға бөлінеді?
а) 4
ә) 3
б) 2
в) 6
3. Антонимдік сөзді тап.
а) биік-терең
ә) қиын-жеңіл
б) үлкен-алып
4. Сөз буынға қай жерде дұрыс бөлінген?
а) Ең-бек-те-ну
ә) Еңбект-ену
б) Еі-бек-тену
5. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
а) синтаксис
ә) фонетика
б) лексика
6. Дауыссыз дыбыстар салдар мен үннің қатынасына қарай қаншаға бөлінеді?
а) 2-ге: жуан, жіңішке
ә) бөлінбейді
б) 3-ке: ұяң, үнді, қатаң
в) 4-ке: еріндік, езулік, ашық, қысаң
7. Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі қандай екпін деп аталады?
а) дыбыс екпіні
ә) сөз екпіні
б) тіркес екпіні
8. Басқа тілден еген сөздерді қалай атайды?
а) диалект
ә) кәсіби сөздер
б) кірме сөздер
9. Көнерген сөздерді тап.
а) саяжай, теңге, кеден
ә) күн, ай, аспан
б) космос, ғарыш, кеме
в) садақ, сауыт, қызыл атау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.