Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар -

Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2066 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Атырау қаласы
Жалпы білім беретін Абай атындағы №15 орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Мырзабаева Дина Жұмабайқызы
Тақырыбы: «Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар»
Түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс.
Мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан – жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.
Армысыздар ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»
Әбу – р – Райхан әл Бируни
айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек ғана білімді жастар екені даусыз. Олай болса 5 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Жүзден – жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбындағы сайысымызды бастаймыз. Ортадағы топтармен таныстырып кетейік: «Бәйтерек» пен «Ханшатыр».
Ойынымызға төрешілік жасайтын әділқазылармен таныстыра кетейік.
1.______________________________
2.______________________________
3.______________________________

Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өрендер.
Қош келдіңіз бүгінгі ойнымызға,
Бұл кеш қалсын мәңгі есіңізде, - дей отырып ойынымыздың І туры «Қызықты басқатырғылар».
І тур: «Қызықты басқатырғылар»
(әр топқа 9 сұрақтан қойылады, әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):
1. 86 санын ешқандай математикалық амал қолданбай 12 – ге арттыр. (98)
2. Екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөліндісі де 36 – ға тең. Осы екі санды тап. (36,1)
3. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 – ға тең. Ол қай сандар? (1,2,3)
4. Сызғыштың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрышы болады?
(5 бұрышы болады)
5. Екі санның қосындысы 7 – ге тең, айырмасы 3 – ке тең, көбейтіндісі 10 – ға тең. Ол қандай сандар? (5 пен 2)
6. Екі адам 2 сағат шахмат ойнады. Әрбір шахматшы неше сағат ойнады. (2 сағат)
7. Қайрат Жансаядан кіші, бірақ Тоқтардан үлкен. Ал Айгүл Жансаядан үлкен болса, ең үлкені қайсы? (АЖҚТ)
8. Жаттықтырылған ит алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрғанда салмағы 3 кг. Төрт аяқтап тұрғанда салмағы қанша?(3 кг)
9. Алманың жартысы неге ұқсас? ( жарты шеңберге, транспортирге ұқсайды)
10. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? (12 минутта, бәрін бірге саламыз)
11. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, баласы, немересі)
12. Пернетақтада неше перне бар? (101 – 102 перне бар)
13. Презентация сөзінің мағынасы....(тапсырамын, ұсынамын)
14. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6 – ны алса, 6 – ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72)
15. Бір жанұядағы 5 ұлдың 1 – 1 ден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар. (6 бала)
16. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтқанда 80 мин ұшты. Себебін түсіндір. (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин)
17. Бір топ үйрек ұшып келеді. Біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, ал үшеуі тізбектеліп ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді? (3 үйрек)
18. Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен қоңыз жинады. Егер қораптағы барлық аяқтарды жинаса, 54 аяқ болады. Қанша қоңыз, қанша өрмекші жинады? (қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ болады. 5 қоңыз, 3 өрмекші)

ІІ тур: «Сырлы сандар әлемі»
(әр сұраққа дұрыс жауап үшін 5 ұпай):

1. 2 – ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестіру. 2 + 2 – 2 + (2 : 2) = 3
2. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 5*5*5 – 5*5 = 100
3. 2 – ні 5 рет пайдаланып 5 санына теңестіру. 2 + 2 + 2 – (2 : 2) = 5
4. Бесбірліктің көмегімен 100 санын жаз: 111 – 11 = 100

ІІІ тур: «Тапқыр болсаң шешіп көр»
(Әр топқа логикалық тапсырма беріледі. Тапсырма құны 3 ұпай)

1. Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы, неше тауығы бар?
Шешуі: Қозы х 4х + 6х = 40
Тауық 3х 10x = 40
x = 40 : 10
x = 4
Жауабы: Елдостың 4 қозысы, 12 тауығы бар.

2. Әкесі неше жаста болса, баласы сонша ай? Екеуінің жастарының қосындысы 39 жыл. Баласы неше жаста?
Шешуі: 12х + х = 39
13х = 39
х = 39 : 13
х = 3
Жауабы: Баласы 3 жаста.

IV тур: «Мақал – мәтел жарысы»
(Ойыншыларымыз мақал – мәтелдер жарысында сыналатын болады. Мақалдың жалғасын дұрыс тапқан топқа 5 ұпай беріледі)

1. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)
2. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
3. Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
(Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді)
4. Досыңның мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болсада сақтан)
5. Жеті жердің тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
6. Алдыңа бір қарасаң, (артыңа он қара)
7. Жігітке жеті өнер де, аз, (жетпіс өнер көп емес)
8. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
9. Алты аға бірігіп әке болмас,
(Жеті жеңге бірігіп ана болмас)
10. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды).

Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі сайыс кезегі «Сөз жұмбақ»

V тур: «Сөзжұмбақ»
Сөзжұмбақты дұрыс тапқан топқа 5 ұпай беріледі)

1. Тізудің бір бөлігі,
Екі шеткі нүкте көрігі.
Ұзындығы және бар.
Айтшы сыйлық сенікі (Кесіндісі)

2. Шекер жейтін ақ құтан,
Бір қазыққа байланды.
Аузына тістеп шекерін,
Ол қазықты айналды.
Ол не? (Циркуль)

3. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым. (Шеңбер)

4. Нүктеден екі сәуледен,
Құралған айтшы бұл не екен? (Бұрыш)

5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

6. Атадан он баламыз,
Бір – бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз. (Цифрлар)

7. Нәрселеді санаған,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан – жағыңа қарамай. (Натурал сан)

8. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (Компьютер)

Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.