Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жүзден жүйрік» зияткерлік білім сайысы -

«Жүзден жүйрік» зияткерлік білім сайысы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1400 | Размер: | Автор: гость
. Биология
Байдарова Гулбаршын Андасовна
Сайрам ауданы, Шымкент аграрлық колледжінің жоғары санатты оқытушысы
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» зияткерлік білім сайысы
Жүргізуші.
Армысыздар, ардақты ұстаздар мен жарқын болашаққа нық қадам басқан студенттер!
Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысына қош келіпсіздер!
Сайысты ашу үшін сөз кезегін колледж әдіскері Казыбаева Алима апайға береміз.

Бүгінгі «Жүзден жүйрік» - зияткерлік білім сайысына қатысушы сайыскерлерді шақырсақ, топ мүшелері 1 курс студенттерінен құралған
1 топ «Білгір биологтар»
2 топ «Тапқыр химиктер»
3 топ «Алғыр экологтар»
өздерінің білімдері мен біліктеріе ортаға салып тапқырлығы мен бойындағы бар
қасиеттерін көрсетпекші.

Бүгінгі зияткерлік білім сайысы 7 бөлімнен тұрады.
1 – Таныстыру
2 – «Кімнің еңбегі?». (биология, химия, экология тарихынан)
3 – «Сандықтан шыққан лездеме сұрақтар!»
4 – Жеті жұрттың тілін біл
5 – Әдеби сайыс (биологиялық, химиялық, экологиялық ән-жырлар)
6 - Егер мен .... болсам! (Үй тапсырмасы)
7 - Іздеу ұйымы

Сайыс ережесі бойынша әрбір кезеңде сайыскерлерге жауабына сай ұпай беріледі. Студенттердің жауаптары ұпайлық жүйемен есептелінеді.

Сайыс болған жерде төреші болатыны даусыз. Сайысымызға бақылау жасайтын әрі әділ бағалап отыратын сарапшыларымызды таныстырып өтсек.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жүргізуші. Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емеспе тілегі елдің,
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді әрі білікті жас студент, - деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

I кезең. Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
1. «Білгір биологтар» белді мықты байлаған,
Жарысқа келдік алған беттен таймаған.
Тілейміз сәт сапар қарсылас топқа…
«Білгір биологтар» төсбелгілерін және топбасшыларын таныстырады.

2. «Тапқыр химиктер»
«Химик болғым келеді»
Химик болғым келеді, талабым бар,
Химик болғым келеді, қанатым бар.
Химик болғым келеді, химик болғым,
Химияның сырларын сараптаған.
Жетік білгім келеді химияны,
Қаламыма ұштадым, арманымды.
Химик болғым келеді, химик болғым,
Сан саласы химия қызықтырған….
«Тапқыр химиктер» төсбелгілерін және топбасшыларын таныстырады.

3. «Алғыр экологтар»
Біз «Алғыр - экологтар» алысқа қарай самғаған,
Жарысқа келдік жүлде емес бар арман.
Ұшқр ой мен білімді алыа кетер,
Сәлемін қабыл алыңыз «Алғыр экологтардың»…
«Алғыр экологтар» төсбелгілерін және топбасшыларын таныстырады.

Жүргізуші.
Алғандықтан терең білім, қайрат тың,
Болашаққа нық сезіммен барамыз.
Айдынында білім атты мұхиттың,
Шаршамаймыз тереңіне самғаймыз, - дей отырып, ғалымдарымызды еске түсіріп, қалдырған еңбектері арқылы ғалымдардың есімдерін табасыздар.
«Кімнің еңбегі?». (биология, химия, экология тарихынан)
Викториналық сұрақтардағы ғалымдардың аты-жөнін табу керек. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай. (Әр топқа 5 ғалымның есімін айту сұрақтары қойылады.)
1) Б.з.д. 384-322 жж. өмір сүрген тірі организмдердің баспалдағы туралы идеяны ұсынған, зоологияның негізін қалаған ғалым.
Аристотель.
2) 1735 ж бірінші бинарлық номенклатура мен систематикалық принциптерін жасаған швед ғалымы.
Карл Линней.

3. 1965 жылы “Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер” деген еңбекті жазған чех ғалымы.
Г.Мендель
4. 1953 жылы ДНҚ молекуласының молекулалық құрылымының моделін жасаған ғалымдар.
Дж. Уотсон мен Ф.Крик.
5. Қазақтан шыққан тұңғыш биолог – ғалым.
“Өсімдіктану” оқулығының авторы.
Күдерин Жұмақан.
Жүргізуші.
Келесі бестік.
1.6. Өсімдіктерді сұрыптап, іріктеп, будандастырушы.
И.Мичурин.
1.7. «Биология, микробиология негіздері» оқулығының авторы.
Дарханбаев Темірбай.
1.8. Мәдени өсімдіктерді жүйелеп, топтарға бөлген ғалым.
В.Вавилов.
1.9. 1868 ж Нуклеин қышқылдарын ашқан ғалым.
Ф.Мишер.
1.10. 1871 ж Белоктардың амин қышқылдарынан тұратынын анықтаған ғалым.
Н.Н. Любавин.

Жүргізуші.
Келесі бестік.
1.11. 1880 ж витаминдерді ашқан ғалым.
Н.И.Лунин.
1.12. Ноосфера ілімін жасаушы ғалым.
В.И.Вернадский
1.13. Экология ғылымының негізін салушы ғалым.
Эрнст Геккель.
1.14. Периодтық заңды ашқан ғалым.
Д.И. Менделеев.
1.15. Құрам тұрақтылық заңын ашқан француз ғалымы.
Ж.Л. Пруст


Жүргізуші.
«Сандықтан шыққан лездеме сұрақтар!»

Бұл бөлімде әр топтың топбасшысы сандықтан нөмірленген конверт алып шығады. Жүргізуші әр конверттегі сұрақты оқиды, оқушы сол сөздің жауабын тез айту керек.

№1
1. Металдар патшасы - алтын.
2. Адаммен бірге дамыған тарихи элемент – темір.
3. Күкүртсіз қандай аяқкиімді жасауға болмайды – резина аяқ киім.
4. Тіршілік тірегі деп аталатын металл - әк (Са).
5. Жануар атымен аталатын құс – Түйеқұс.
6. Адам тыныс алатын газ – Оттегі.
7. Ең әдемі құс – Тауыс.
8. Ең жоғары сатыда дамығат примат – Адам.
9. Жылқының арғы тегі – Тарпан.
10. Қара барыс – Пума.

№2
• Дүниедегі ең биік ағаш – Эвкалипт.
• Популяция терминін 1903 жылы енгізген ғалым - В.Иогансен
• Дене қызуын өлшейтін құралда болатын металл – сынап.
• Қайыңқұлақ саңырауқұлағы улы ма, усыз ба? – усыз.
• Ауаның құрамындағы ең көп элемент - азот.
• Ең ұзақ жасайтын ағаш – Емен.
• Қазақстандағы ең кішкене құс – Құрқылтай.
• Ең жүйрік аң – Қабылан.
• Бір тамшы да суды қажет етпейтін сүтқоректі – коала.
• Дауысы ең ащы аң – Бақырауық маймыл (дауысы 5км-ге жетеді)

№3
• Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау қай күнге белгіленген? - 5 маусым.
• Өсімдік пионері – Қына.
• Ұя салмайтын құс- Көкек.
• Адам асқазанының сөлінде қандай қышқыл бар? - Тұз қышқылы.
• Қай жануарлар көзін жұмбай ұйықтайды- балықтар.
• Ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұруы- иммунитет.
• Денеге күн сәулесінің әсерінен түзілетін дәрумен – Д.
• Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң қашан қабылданған? - 1997 жылы 5 тамызда
• Қазақстанның «Қызыл кітабы» ең алғаш қай жылы ұйымдастырылды? - 1978 ж.
• Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады? - Фтор.

Жүргізуші.
Бұл кезеңде жоғарғы 5 ұпайдан қойылады.
Бұл бөлімде мақал немесе жұмбақ айтылады. Жауаптары қазақша, орысша, ағылшынша берілуі керек. (Әр топ жұмбақты шешеді.)
Ендеше бастайық…

1.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
Көктем - весна - spring

2. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
Мысық - кот – cat

3. Жеті қазынаның бірі,
адамды қорып жүретін досы.
Ит - сабака - dog

4. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
Қоян - заяц - carrot

5. Ер қанаты - …
Ат - конь - horse

6. Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Болмаса ол жер бетінде өмір де жоқ.
Ақыры жанған оттың тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ.
Оттек – кислород - oxygen

7. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын табылды.
Өрт болып, ел сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып, соған ағылды.
Су – Вода - Water

8. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
Ауа – Воздух - air

9. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.
Жер – земля - land

10. Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.
Күн – солнце- sun

11. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.
Жел – ветер - wind

12. Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Күн келіп таң алдына алып кеткен?
Жұлдыздар – Звезды - Stars

13. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.
Пияз – лук - onion

14. Жер астында тұрағы,
Қорегін жұтып тұрады.
Сол қоректің нәрінен,
Жайқалады жапырағы.
Тамыр – корень - root

15. Төрт қанаты тым әдемі өрнекті,
Тоқымайды бірақ олар өрмекті.
Ұшады олар қанаттарын себелеп,
Оның аты түрлі-түсті ...
Көбелек – бабочка - butterfly

Жүргізуші.
Әдеби сайыс.
Әр топ өздері ізденіп тапқан ақындардың биология, химия және экологияға қатысты жазған жырларынан үзіндіні жатқа оқиды, мағынасын түсіндіреді.

«Білгір биологтар»
І. Жансүгіровтің «Жетісу суреттеріндегі» «Жер түгі» деп аталатын өлеңі:
Тау қонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттеген, еңлік мүйіз, киізкиік.
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық.
Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Мың тамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, елдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы жалғыз, құлмақ, қарақияқ.
Шоңайна, мендуана, сора, шақпақ.
Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.
Ақынның небәрі 54 жолдық өлеңінде 30түрлі ағаш, 60-қа жуық шөп пен қурай, бәрі 90 түрлі өсімдік атаулары кездеседі.

«Тапқыр химиктер»
Ш. Қалдаяқовтың «Химиялық портрет» атты өлеңі:
Алтындай менің ардақтым
Қорғасындай салмақтым
Көптеп көрмей өзіңді,
Электрондай зар қақтым.
Өзің менің оттегім,
Өмірім сенсіз жоқ менің.
Мінезің мыстай майысып,
Сынаптай сырғып кетпегін.
Шаштарың қара көмірдей,
Мүсінің құйған темірдей.
Күмістей менің аппағым,
Өзіңнен асыл таппадым.
Бұл өлеңде ақын ғашық болған сұлуға теңеулерді химиялық элементтердің физикалық қасиеттері арқылы жеткізеді.

«Алғыр экологтар»
Қ. Мырзалиев өзінің «Қызыл кітап» поэмасы:
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мәз болып ду-ду етіп,
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз, атасызды
Аяймын мен құлынсыз, ботасызды
Хайуанатқа жасаған қиянатың
Бауырыңа жасаған опасыздық!...
Ұяламын қарауға қоңыр қазға
Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы, зәбірі аз ба?!
Ұяламын қарауға шүрегейге
Құстың бірі туған да, бірі өгей ме?!
Бүгін кептер атқандар ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?! –
деп ақын жануарлардың мұңын жырлайды. Оларды қорғауға шақырады.



Жүргізуші.
Егер мен .... болсам! (Үй тапсырмасы. Оқушылар өз топтары атына байланысты «ой талқы».)
«Егер қолымда билік болса не істер едім...» әр-топтың жауаптары тыңдалады.

“Іздеу ұйымы”.
Бұл кезеңде өсімдіктер туралы қысқаша мағлұмат беріледі, ол қандай өсімдік екенін табу үшін 2 мүмкіндік беріледі. 1 мүмкіндіктен тапқан топқа 6 ұпай, 2 мүмкіндіктен тапқан топқа 3 ұпай.

1 сұрақ. «Білгір биологтар» тобына
1-мүмкіндік.
Бұл өсімдікті ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан.

2-мүмкіндік.
200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған.
Қандай өсімдік туралы айтылуда?
Картоп

2 сұрақ. «Тапқыр химиктер» тобына
1-мүмкіндік.
Мен екі жылдық көкөністік дақылдардың маңыздыларының бірімін. Сыртқы келбетім қабыршақты құрғақ, сары, ақ кейде күлгін түсті болып келеді.

2-мүмкіндік.
Мені шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда, асқа дәм беретін зат есебінде пайдаланады. Тұмау, жүрек жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылады.
Пияз

3-сұрақ«Алғыр экологтар» тобына
1-мүмкіндік.
Мен жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты, суды сүйетін дақылмын. Қайнатпам - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі.
2-мүмкіндік.
Мені өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған Ыбырай Жақаев.
Сонда мен қай өсімдікпін?
Күріш

Жүргізуші.
Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысының жеңімпаздарын анықтап беру үшін сөз кезегін әділ-қазылар мүшесіне береміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.