.
.
Семеева Лаура Дыбырқызы Жаңа сөздер
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1884 | Размер: | Автор: гость«Тиірмен ұйғыр орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі. 5-сынып
Сабақтың тақырыбы Жаңа сөздер
Мақсаты Оқушылар жаңа сөздер туралы түсініп, оларды орынды қолдана білуді үйренеді
Күтілетін нәтиже 1. Жаңа сөздер туралы білемін;
2. Жаңа сөздердің туу себебін үйренемін
3. Сөздерді дұрыс жаза аламын;
4. Жаңа сөздермен сөйлем құрай аламын;
5. Сөйлескенде жаңа сөздерді қолдануды әдетке айналдырамын
Сілтеме Оқулық: қазақ тілі.5-сынып. Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова
Алматы. «Атамұра» 2015 жыл
Негізгі идеясы Сабақ барысында жаңа сөздерді көбірек меңгеру
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Диалогты оқыту: «Сұрақтар жауыны»әдісі
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Салыстыру» әдісі, «БББ кестесі»
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;смайликтер, табыс критерийі,
АКТ-ны қолдану; сергіту сәті
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Ойын: «Жаңа сөздер мен көнерген сөздер», «Карусель» әдісі
Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, желім, қайшы, стикерлер Оқулық, «БББ кестесі»
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Үйге тапсырма 1. 167-жаттығу
2.Жаңа сөздер бойынша ашық сұрақтар құрастыру
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар, көрнекі құралдар
3 мин Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту жаттығуы.
Топқа бөлу «Жұлдызшаларды таңдау»
Жұлдызшалар екі түсті оқушылар қалаған түстерін алып, топтарға бөлінеді Оқушылар жасалған жаттығуды қайталайды.
Екі топқа бөлінеді. Бейне көрсетілім,
жұлдызшалар
7 мин Оқушылардың білімдерін тексеру үшін «Сұрақтар жауыны» әдісін қолдану
Оқушыларға стикерлер таратылады, әр оқушы өткен тақырыптар бойынша бір сұрақ жазып, стикерді қолшатырға әкеліп іледі.
Сосын бір-бірден шығып, сұрақтарға жауап береді. Стикер, қолшатыр
1 мин
8 мин Тақырыпты ашу: «Салыстыру әдісі»
Компьютердің көне және жаңа маркасының суреттерін көрсету. Сөздердің де, көнерген және жаңа болатынын түсіндіріп тақырыпты ашу.
Негізгі бөлім.Мағынаны тану:
Жаңа тақырыпты оқып «БББ кестесін» толтыруға бағыт беремін. Екі суретті салыстырып, біріншісінің көне, ал екіншісінің жаңа екенін айтады.
Бірігіп табыс критерийін жасайды
Топ оқығандары бойынша «БББ кестесін» толтырады, талқылайды Суреттер
Оқулық
«БББ кестесі»
7 мин
1 мин Ойын: «Жаңа сөздер мен көнерген сөздер»
Әр топқа екі бөлікке бөлінген А3 қағазы және үлестірме қағаздарға көнерген сөздер мен жаңа сөздерді жазып таратамыз
Көнерген сөздер: сауыт, отарба, жебе, патша, уәзір, лашық, сәукеле, би, болыс, найза.
Жаңа сөздер: жарнама, орамжапырақ, қызанақ, жылыжай, ғаламтор, тінтуір, дәрумен, кеден, бөбекжай, ұялы телефон
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізуді ұсынады Оқушылар топпен ақылдасып, сөздерді екі топқа жіктеп шығады.
Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды. А3 қағаз, сөздер жазылған үлестірме қағаздар
10 мин «Карусель» әдісі
Бірінші топқа жоғарыда берілген көнерген сөздермен, екінші топқа жаңа сөздермен мәтін құрастыру тапсырылады, белгілі уақыт аралығында мәтіндер ауыстырылып, жалғастырылады.
Белгілі болу үшін әр топқа әр түсті маркер беріледі. Оқушылар топ болып мәтін жазады, келесі топтың мәтінін жалғастырады.
Екі топқа бастапқы ойдың жалғасқанын немесе жалғаспағанын айтқызу
Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды А3 қағазы, маркер
5 мин Қорытынды. «БББ кестесін» толықтыру Оқушылар не білгендерін жазып, кестені толтырады
2 мин Бағалау. Бағалау парағы(табыс критерийі) бойынша жиынтық бағалау қойылады.(Топ басшылары толтырып, өз бағаларын айтады)
1 мин Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі
Оқушылардың қолдарына бағдаршамның әр түсі жанған суреттері беріледі. Олар қалаған түстерін көтереді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.