Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңа тәсілдер - оқушылардың табысты оқуының кепілі -

Жаңа тәсілдер - оқушылардың табысты оқуының кепілі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1457 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Жаңа тәсілдер - оқушылардың табысты оқуының кепілі

Рашидова Дилафруз Рустамхановна
Кентау қаласы, Ақын тұма атындағы №11 негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі

Қоғамның, ғаламның өркендеп өзгеруіне орай оқушыларға жүйелі әрі тиянақты білім беру- мұғалімдердің алдына қойылған үлкен міндет. Бұл мұғалімнің оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануын, шығармашылығын, тынымсыз ізденісін қажет етеді. Әр мұғалімніңкәсіптік шеберлігі артып отырады, егер олөзінің біліктілігі мен шеберлігін дамыта білсе. Мұғалім оқушының ойлау қабілеттерін арттырып,қадағалайды, бағыт беріп, белсенділігін дамыта түседі.
Сындарлы оқыту теориясынанегізделген жеті модульмен таныса отырып жаңа әдіс-тәсілдерді сабағыма ендіру арқылы қазіргі заман талабына сай білім беру мақсатында ана тілі пәнінен сабағымда оқушылардың өзбетінше ізденісі мен ұжымдық жұмыс жасауын ұйымдастырып жоспар жасадым. Сабақтың жоспары оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес қабілеттері ескеріліп жасалынғандықтан, сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастырылды.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлануды» талап етеді. Бұл түсінік оқушының өз бетінше берілген бір ақпарат туралы ойлай алатынын білдіреді. Ол сұрақ қоюдан басталып, дәлелге негізделе отырып жауап беруде, бүкіл оқу процесін құрастырады,сондықтан өздерінің өсуін бақылап отырады,соңғы нәтижені өздері шығарады. Осы технологияны пайдаланудың тағы бір ерекшелігі берілген ақпарат бойынша оқушылардың оқу процесінде стратегиялық ойлауы, білімі,біліктілігі, өзіндік көзқарасы өте жақсы дамиды. Барнс (1971)сыныпта сөйлеу қаншалықты қолданылса,оқушылардың оқуына ол соншалықты әсер етеді деген[1, 39-бет]. Яғни, оқыту сөйлесу, сұрақ-жауап, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады. «Оқыту үшін мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі диалогті оқыту тәсілін өте тиімді тәсілдің бірі ретінде әр сабағымда қолдану үшін пайдаланды. Бір-бірімен әңгімелесу, пікір алмасу арқылы оқушының сөздік қоры молайып, ойлау қабілеті дамиды.
Талдауға алып отырған «Көктем келді» тақырыбындағысабағымның мақсаты: «Көктем келді» өлеңнің мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға үйрену, талдау жұмыстарын жүргізе білу және сөздік қорын дамыту, өзін-өзі реттеуге бағыттау. Сонымен қатар оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзбетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Мақсатыма жетуде көптеген әдіс тәсілдерді пайдаландым.
Сабағымды кезеңдерге бөліп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, яғни 8-9 жасар балалардың қабілеттеріне қарай тапсырмалар ұйымдастырдым. Аталған тақырыпта өтілген сабағымның ұйымдастыру кезеңі оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырып, ынтымақтаса жұмыс істеуге бағытталған.Сондықтан сабағымды «Шаттық шеңберіне» тұрып, бәрі бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілеуден бастадым.

Жақсы лебіз сабақтың табысты болуының бастамасы

Топтарғабіріктіру кезінде мен жыл мезгілдерінің суреттері бойынша өткіздім. Оқушылар қағаз қиындыларынан суреттерді құрастыра келе мына топтарға жайғасты: 1 топ «Көктем» 2 топ «Жаз» 3 топ«Күз». Оқушылар топқа бөліне отырып, топ басшысын таңдады. Бұл әрекет балаларға өте ұнады. Өйткені бұл жерде менің көздеген мақсатым «Бүгін кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ?» деген жаттанды сұрақтардың орнына керісінше, сабаққа жағымды оқу ортасын құру еді.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанына қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатың мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.Оқуды бағалаудың мақсаты керісінше оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенің жинақтау болып табылады.[1, 58-бет]
Үй жұмысын «Веер» әдісіарқылыпысықтадым, әр оқушының білім деңгейін анықтауға тырыстым. Бұл кезеңде «жаңа білімге көпір салу» іс әрекеті жүрді. Білетін білімін еске түсіріп отыру жаңа білімге көпір салу болып табылады.
Сабақтың тақырыбын «Миға шабуыл» әдісі арқылы ашып алғаннан соң, оқушылардың сабақты меңгеруі үшін«Джигсо» әдісін қолдандым. Топта жұмыс жасаудың оқушыға жақсы нәтиже беретінін байқадым. Біріншіден, оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы ахуал орнаған жағдайда жұмыс нәтижелі болатынын негізге алып топтық жұмыс ұйымдастырдым. Екіншіден, олар бірін-бірі тыңдай отырып өзгелердің де идеяларын өз ойыммен салыстыра отырып, өзін-өзі реттейді. Үшіншіден, өздерінен ілгері құрдастарының көмегімен білім алады.
Келесі сабақтың кезеңінде оқушыларға «Көктем келді» тақырыбындағы өлең жолдарын мәнерлеп түсініп оқуды тапсырдым.Бұл кезеңді іске асыру үшін «Сен маған, мен саған» әдісін қолдандым.Мақсат – мәселені жұпта, сосын ұжымда меңгеру. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқып үйренуге деген жауапкершілігі артты. Оқушылар жаңа сабақты меңгеруді шығармашылық іс-әрекеттің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырды. Бұл тапсырма оқушыларға өте қызықты болды. Нәтижесінде, оқушылар «Көктем келді» өлеңін оқып, бір-біріне түсіндірді, топта талдады, зерделеді, өздері ұйымдаса отырып ой қорытындысын жасап,жаңа тақырыпты ойлары мен пікірлерін дәлелдеп шығуға тырысты.

Топтық жұмыс

Жоспарланған тапсырма барысында олар диалогтік тәсіл бойынша бір-бірімен пікірлесті, топта жаңа көшбасшы мен талантты және дарынды оқушылар көрінді.Оқушылардың өздерінің талқылауына берілген сабақ оқушылардың өз идеяларын жеткізе алуына көмектесті. Аталған әдіс тәсілдермен жұмыс жасау маңыздылығы ыңғайлы әрі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына негізделген болатын.
Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлаудың, талқылауды және жоспарлауды талап етеді. Бұл модульдің мақсатына курс барысында оқып-білуде көз жеткізгенім дарынды және талантты балаларға одан әрі оқуда жол көрсету.
Келесі кезеңде сабақты пысықтау мақсатында топтық жұмыс «Кластер» әдісін пайдаландым. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп кірісті. Олардың әрқайсысында әртүрлі ойлар болды.Солармен топ болып бөлісіп, өз ойларын дәлелдеуді үйренді. Барнс (1971 жылы): тіл сабақта қаншалықты қолданылса - білім соншалықты меңгеріледі, - деген ғой, міне осы сабақта бала оқи отырып, оны өзгелерге әңгімелеп беруде нәтижелі білімге қол жеткізді Топта бұл әдіс бойынша постерлер жасап, топбасшылары топтың атынан қорғап шықты.

Постер қорғауда

Мұғалімнің шеберлігі мен технологияны меңгерген деңгейіне байланысты өзінің сабақтарын қызықты, тартымды, ұнамды етіп өткізу – әр мұғалімнің өз қолында. Cабақ соңында әр топ өздері көшбасшы ретінде таныған, сабақ барысында өзгелерден ерекше белсенділік танытып,тобының алға шығуына үлесін қоса білген, топтағы үлгерімі төмен оқушыларға кеңес беріп ұтымды ойларымен көріне білген оқушыны қол шапалақтап қошемет ету арқылы мадақтады.Топ көшбасшысы атана алмаған белсенді оқушыларымның алдағы сабақтарда бұдан да жақсы белсенділік танытып, құлшыныс жасайтыны олардың қас-қабақтарынан анық көрінді.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен білімі, көңіл-күйі мен ұсыныстары жайлы ойларын стикерге жазып,«Тілек ағашына» жабыстырумен «Көктем келді» тақырыбында өтілген сабағымды аяқтадым. Кері байланыс алу арқылы келесі сабағымды оқушылардың оқу қажеттілігіне сәйкес жоспарлауға ықпалын тигізеді.


«Тілек ағашы» арқылы кері байланыс

Менің байқағаным, жаңа тәсілдермен өткен сабақтың тиімділігі-оқушылардың ойлау, сөйлеу және жазу қабілетінің қай деңгейде екеніне көз жеткізіп, кездескен олқылықты дер кезінде жөндеуге мүмкіндік алады екенсің. Сабақ барысында оқушылар менімен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу арқылы өмірде кездесетін түрлі кедергілерді жеңуге үйренді. Ең бастысы естігенін талдап, өз түйгенін айтуға дағдыланды. Оқушыларға сабақта, үй тапсырмасын берген кезде тек оқулықпен шектелмей, шығармашылық тапсырмалар да беріп отырдым.
Оқушы өз білетінін еске түсіреді, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Өз ойын айтуда, бөлісуде, ортаға салуда оның ойы тақырыпқа, тапсырмаға, яғни айтылған мазмұнға қарай жинақталып, шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайтынын ұғындым. Сонымен бірге оқушыларға өте қызықты болып, олар жеке ойларын ортаға сала отырып,жұптық,топтық әңгіме жүргізді.Топ көшбасшысы өзге топтардан төмен болып қалмауы үшін бәсекелесе отырып, барынша әрекеттеніп, қабілеті төмен оқушылардың аузына сөз салып беріп, сабаққа қатысып сөйлей алуына ықпал етті. Сонымен бірге оқушылар өз жұмыстарын, пікірлерін дәлелдей алуға, ізденімпаздыққа талпынды. Оқушылардың идеяларды бірге талқылап, оларды өз серіктестерімен бірге отырғызуды қамтамасыз ете отырып және оқушылардың айтатын идеяларына өзімнің тарапымнан шын ықыласпен қызығушылық таныттым.
Қорыта айтқанда, оқушыларға дәстүрлі сабақтарға қарағанда қазіргі өтілген сабақтағы әдіс-тәсілдер өте тиімді болды. Оларға берілген тапсырмаларды жалғыз орындауға қарағанда, топпен жауап берген оларға жеңілдеу әрі қызық болды.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012
2. Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде.Р.Имжарованың редакциялауымен, Ақтөбе, 2012
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.