.
.
ЖАҢАША ОҚЫТУ - ӨМІР ТАЛАБЫ ЖАҢАША ОҚЫТУ - ӨМІР ТАЛАБЫ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1171 | Размер: | Автор: гостьОҚО, Бәйдібек ауданы
"Жолғабас негізгі орта мектебі "МКМ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шугыла Орынбасаровна Альжанова
ОҚО, Сайрам ауданы № 101 жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Курбанбаева Нигора
"Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан ең басты мақсаты - елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие беру", -- деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында ерекше атап көрсеткен.
Әлем өзгеруде, әлеммен бірге біз де өзгеруіміз қажет. Білім нәрімен сусындатып, келешек кемеліне кәміл сеніммен жол тартатын шәкірттердің ХХІ ғасыр талаптарына сай келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізетін жобалайтын мектеп мұғалімдері қандай болуы керек? Нағыз мұғалімдер мемлекет тұрақтылығы мен дамуының мықты тірегі, ұлттық құндылықтың, рухани күштің, білімділік пен біліктіліктің, даналық пен зиялылықтың, ізденімпаздық пен шығармашылықтың үлгісі болып табылады.
Заман талабына сай жан-жақты, сан алуан жаңалықтарды енгізу қажет, ал ұстаздарға бұл бағытта нақты көңіл бөлінсе, нәтижеге жете алады. Бұл жердегі мәселе -- мұғалімдердің инновациялық мүмкіндігін мектеп қазіргі оқытуды басқа елдермен салыстырмалы түрде әлемдегі елдердің ұстанып отырған бағыты -- баланы ең әуелі логикалық ойлауға үйрету, сыни ойлауын қалыптастыру, яғни қазіргі ақпарат төңірегінде өзін еркін сезінуге қажетті, өз бетімен білім ала алатын, білетіні жүйелі түрде өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу. Сондықтан да ең алдымен оқушылардың білім сапасын арттыруда ең бастысы мұғалімдердің кәсіби біліктілігінде, кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалім -- бағдарлама, оқулық, оқушы арасын байланыстырушы. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліліктің басты белгілері - мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы.
Мұғалім құзыреттілігі жоғары деңгейде болғанда ғана білім беру саласы қарқынды дами алады. Сондықтан ең алдымен мұғалім біліктілігін арттырудың жүйесін жаңарту керек.
"Білімдінің сөзі - ем, мейірімі көп, өзі кең!" - деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай біздің оқып жатқан деңгейлік бағдарлама оқушыларды еркіндікке, ойын ашық айтуға, ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеуге үйрететінін түсіндім.
Біз оқуда, сыныпта отырған әрбір оқушының әр түрлі қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін, ішкі уәжін ескере бермейміз. Сол себепті жалпы қойған талабымызды немесе берген тапсырмамызды орындай алмаған оқушыны дайын еместігіне назар аудармай "үлгермеуші" оқушы санатына жатқызамыз. Осылайша балада ашылмай жатқан ішкі ресурстарды "көміп тастаймыз". Сол себепті оқу жоспарын дайындау кезінде әр оқушының қажеттілігіне қарай ұйымдастыруды басты назарда ұстау қажет. Қоғамдағы өзгеріс динамикасы өте жоғары жылдамдықта. Білім саласындағы өзгерістерде жылдам дамиды. Сол себепті ұстаздар жылдам түрде оқыта білуге дағдылану керек. Оқыту үрдісінде оқушының өзіне қажетті ақпаратты жылдам және аз уақытта игере білуін дағдыландыруымыз керек. Яғни, біз аз уақыт ішінде оқушыларға көп нәрсе үйрете білуге дағдылануымыз қажет. Мұғалім өзінің кәсіби өзгерту, ортасын және саяси әлеуметтік көзқарастарын өзгерте алуы қажет. Сондықтан мектепте оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын және мүмкіндіктерін жетілдіру қажет. Оқушылардың шығармашылықпен айналасуына ықпал жасау, оны дамыту мектептің даму жоспарының ажырамас бөлігі болуы керек. Сондықтан біз балаға таңдау мүмкіндігін бере отырып, оған осы білімді алуды таңдай келе оны зерттеуге де мүмкіндік береміз. Біз оқушыдан қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді зерттей алатын, сонымен бірге зерттеудің әдіс-тәсілдерін қолдана алатын дағдыларды қалыптастыруымыз шарт. Сыни тұрғыдан ойлайтын, сынай отырып, өзіне тиімді және кері әсер ететін факторларды алдын ала білу қабілеті қалыптасқан зерттеуші оқушыларды дайындау керек. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет деп ойлаймыз. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту:
- Қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет екендігі;
- Қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керектігі туралы негізді шешім шығаруға үйрету дегенді білдіреді.
Оқушылардың сын тұрғысынана ойлауын дамытудың ең тамаша тәсілі бұл бірлескен оқыту. Бірлескен оқу кезінде оқушылар өз сыныптастары немесе үйлестірушіден тұрақты қолдау мен кері байланыс алу арқылы сын тұрғысынан ойлауға тартылады. Зейінсіз оқушылармен қатар отыратын оқушылар олардың жинақталуына және оқуға тартуына көмектеседі. Ол үшін әрбір сабақты қызықты, әрі түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып өту әрбір мұғалімнің міндеті. Мысалы сабақтарда "ДЖИГСО" әдісін, СТО-ның миға шабуыл, ISNERT, БЛУМ секілді кеңінен тараған стратегияларды жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жүргізу оқушылардың сыни ойлау дағдыларын, оқышылардың сабаққа деген белсенділігі мен ынтасын арттырады.
Сын тұрғысынан оқытуды оқу үрдісіне ендіру сыныпта оң нәтиже береді. Сын тұрғысынан оқыту -- оқушылардың өз бетінше оқуға мүмкіндік береді және интеллектуалды қабілетті дамытуға әсер етеді. Сын тұрғысына ойлауда топтық жұмыстарды пайдалану, диалогтық оқыту әдістерін қолдану, оқушының өзін-өзі және өзара бағалау стратегияларын қолдану, өзара байланыстыра жүргізілуі керек деп ойлаймыз. Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс. Бұл топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамытады. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту оқушыда оқу барысында тек білімді игеріп қана қоймай, оны өмірде қолдана білу дағдысын дамытады. Деңгейлік бағдарлама бойынша мұғалімдер "Жеті модульді" өз сабақтарымызда ықпалдастыра отырып сабақ жүргізу арқылы
оқушылардың пәнге қызығушылығының артқанын, және бұл кезеңде білім сапасының жоғарылағанын байқадым.
Еліміздің іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты десек, барлығымыз біріге күш жұмсап ел ертеңіне сеніммен қарайық!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: "Бүгінгі күн - талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар адамдардың уақыты" десе, білім нәрімен сусындап жатқан шәкірттеріміздің арқасында біршама шыңдарды бағындырдық. Алар асу әлі де алда деп ойлаймын. Әрине, мұның барлығы да ұстаздар қауымының талапшылдығы мен ізденімпаздығы және ынтымағымен келеді. Сөзімнің соңында әріптестеріме: "Жұлдызы жанған ғасырымыздың жұлдызға айналар жастарын тәрбиелеуден талмайық", -- дегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. "Мектеп" журналы 2015ж мамыр
2. "Мектеп" журналы 2015ж наурыз
3. "Мектеп" журналы 2015ж тамыз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.