.
.
Исакова Калдыкыз Сериковна ЖАҢАША ОҚЫТУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2129 | Размер: | Автор: гостьШымкент қаласы №90 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ЖАҢАША ОҚЫТУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. (Hattie, 2009) (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 4 - бет). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» оқып, білген осы анықтама маған көп ой салды. Шындығында да осы үшінші деңгейлі үш айлық курсқа келіп, мұғалімнің барлық жұмысының жүйесін, мақсатын түсінгендей болдым.
Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушы тәрбиелеу үшін сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына күш салуға бағыттайды. Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушы тәрбиелеу үшін сыни ойлайтын мұғалім қалыптастыру қажет. Міне, үш деңгейлі үш айлық курстардың идеясы осы екендігіне көзім жетті. Қалыптасып қалған «дәстүрлі» стильге жаңалық енгізу. Мұғалім заман талабына сай болуы үшін қоғам мұғалімнен үнемі ізденуді, білімін жетілдіруді, жан – жақты, білікті болуды талап етеді. Осы талапты мен де өзіме қоя отырып сындарлы оқыту теориясының «Бірінші бетпе – бет» кезеңіне тыңдаушы ретінде қабылдандым. Мен курс барысында өзіме тиімді жаңа әдіс – тәсілдерді үйрене білдім. Бұл менің өзгерісімнің бірі деп есептеймін. Үйренгенімді «мектеп тәжірибесі» кезінде тиімді қолдануға тырыстым. Ең әуелі мен өзімнің курс барысында тыңдаушы болған кезді есіме алдым. Біз онда облыстың әр түкпірінен келген, бір – бірін мүлде танымайтын тыңдаушылар мәселені өзіміз талқылып, пікірлесу арқылы жұмыс жасадық. Білімді өздігімізден ақылдаса отырып, талдай отырып игеру ұнады. Сол сияқты оқушыларға да дәл сондай мүмкіндік беруге тырыстым. Ең бастысы оларға өз қалауларымен еңбектерін қолдану ұнады. Тізбектелген сабаққа кіріспес бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, топқа бөлінудің маңыздылығын түсіндірдім. Мақсат, міндеттерін өздері айқындаған сабақ өту барысында, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырған сабақ кезінде топтық жұмыс жасай отырып, өздіктерінен жұмыс жасаудың ерекшелігін айта отырып, топ ережесін құруды ұсындым. Өзара келісе отырып, топ ережесін құрып, әр сабақта осы ережеге бағыну керектігін ескертіп, баса айттым. Топқа бөліну үшін парталардың ерекше етіп қойылуының өзі оқушыларға әсер ете бастады.
Оқушылардың менің ұсынған жаттығулар мен әдіс – тәсілдерден өзгеше әсер алғаны маған қуат бергендей. Әр сабақта топқа бөлінудің әр түрлі тәсілдерін тақырыптың мазмұнына сай етіп қолданып отырдым. «Біздің ауыл» сабағында ауыл суреттері арқылы топқа бөлінген кезде, оқушылардың ауыл туралы не білетінін білдім, «Отан» сабағында «Мақалды тап» жаттығуы арқылы отан туралы мақалды құрастырып, сол мақалдың мағынасын ашу кезінде сын тұрғысынан ойлана отырып, әр сөздің мағынасы болатынын, сол мағынаға үңіле білуге үйреттім деп ойлаймын. Ойын сияқты ұйымдастырылған тапсырмалар бастауыш сынып оқушылары үшін алға жетелеуші, ынталандырушы құрал екендігін түсіндім.
Сонымен қатар «Кері байланыстың» оқушы мен мұғалімге тигізетін әсерлерін атап өттім. Әділ бағалаудың маңызын түсіндіріп, өзім де олардың әрбір іс – әрекетін қолдап, мадақтап, бағалап отырдым. Оқушыларым мұғалім тарапынан қолдауды қуана қабылдап, барынша сабаққа белсенді қатысумен болды. С деңгейлі оқушыларымның өзгеше өзгерісі мені де қуантты. Оларды күннен күнге қызықтыруға бел будым. «Жарайсың, сен өте жақсы айттың, жалғастырып айтып көр», «Сен өзгеше ойлайсың», «Сенің қолыңнан келетінін білгенмін» сынды сөздердің оқушыны алға жетелейтініне көз жеткіздім. Оқушыға мейірім мен қолдаудың жеткілікті екендігін үнемі сездіріп отырсақ, үлкен нәтиже беретінін айтқым келеді. Тізбектелген сабақтар топтамасын өту барысында қандай жаңалық енгізсем, оқушыларды одан әрі қалай қызықтырсам деген ой мазалады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда жаңа сабақты түсіндіріп беретінмін. Тізбектелген сабақтар топтамасын өту барысында «Джигсо» әдісі арқылы мәтінді бөліктерге бөле отырып, тақырыпты толық оқып, меңгерді. Бұл кезде байқағаным, бұрынғы сабақтарда С деңгейлі оқушылар ұзақ мәтінді оқудан тартынатын болса, жаңа тәсіл арқылы өзіне бөлінген бөлікті оқып шығып, топтық талқылауды өз ойын айтып, қорғау кезінде де белсенділік танытқаны болды.
Үшінші сабақ «Қала» тақырыбындағы С.Жиенбаевтың әңгімесі болатын. Дәстүрлі сабақта мәтінді оқып шығып, сұрақ – жауап әдісі арқылы түсінгендерін қорытындылып баға қоюшы едім,- деп ойладым. Ал бұл сабақ сәтті өткен сабақ болып оқушыларға да, маған да ұнады. Өйткені бұл сабақ барысында оқушылар мәтіндегі мазмұнды өмірмен салыстырып ойларын ортаға сала отырып, қала туралы үйрендік деп кері байланыс берді. Бұны да менің оқуды, оқушыларды өзгертудегі жетістігім деп айта аламын.
Төртінші сабақтың тақырыбы «Отан» атты мәтін болатын. Бұл сабақта алған кері байланыстарды ескере отырып, барынша түрлендіріп өтуге тырыстым. Әрбір тапсырманы оқушылар жаңалық ретінде қабылдап, қызығушылықпен орындады. Менің олардың әрқайсысының ішкі тілегін тыңдауға тырысқаным – оқушыларға оң өзгеріс әкелді. А деңгейлі оқушыларым өздерін көшбасшы етіп көрсете білді, В деңгейлі оқушылар өздерінің көп қырлы екендігін сезінді, С деңгейлі оқушылар ешқашан ойды іркіп, үлестен қалмау керектігін түсінді деп айта аламын. Тізбектелген сабақтар топтамасы төрт сабақтан тұрса да оқушыларға оқуда, өзінің оқуына өзі жауапты екендігін сездіруге ықпалы тиді. Тізбектелген әр сабағымда оқушылардың кері байланысы арқылы өзіме тиімді жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, сиқырлы білім шексіздігін көре алдым деп айта аламын.
Әрине, ешнәрсе қиындықсыз болмайды. Қиындықтар мен кедергілер жайлы айтар болсам, маған алғашқы кезде уақыт жетіспеушілігі, А, В, С деңгейлерді бақылау барысында В деңгейлі оқушының сөздік қорының аздығы, С деңгейлі оқушының еркін қарым – қатынасқа түсе алмауы мені алғашқы кезде ойландырды. Осы қиындықтан шығудың жолын өзім іздеп табуым керек болғандықтан, оқушылардың жанында барынша ұзақтау болып, сабақтан тыс кезде де олардың әрекетін бақылап, топтық жұмыстың маңыздылығын, топ мүшелері бір – біріне көмектесуі керек екендігін және көшбасшылар өз тобына жауапты екендігін сезіндіріп отырдым. Осы бір ай тәжірибе кезінде барлық қиындықтар мен кедергілердің шешімін таптым деп айта алмаймын, алайда екінші бетпе – бет кезеңінде әріптестерден де көп нәрсе үйреніп, осы кедергілерді жеңу жолдары туралы көптеген пікрталастар арқылы мұндай кедергілерді жеңу жолдарын таба алдым.
Бағдарламаның негізгі мақсаты сол балаларды өздігінен білім алуға үйрету. Енді мен әр сабағымды жаңаша құрылымдап өткізуге тырыстым. Бұған мектептегі тәжірибе кезі жақсы мүмкіндік болды. Сондай-ақ сабақ өту дәстүрімізге өзгеріс енгізгенімді оқушылар да байқаса деп ойладым. Нені оқыту керек? Балалар қалай оқиды? Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек? Табысты бола білгендігіңізді қалай бағалау керек? деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасадым. Өзімнің сабақтағы мұғалім басқарушы рөлінен арылып, бағыттаушы рөліне енуім үшін осы модульдермен жұмыс жасау керек деп білдім.
Сабағымда қолданылған бағалаудың екі түрі – формативті және суммативті (жиынтықты) де оң әсерін берді. Оқушыларға мадақтау көп көмегін тигізеді. Оқушылар бірін-бірі бағалау, мұғалінің формативті бағалауы арқылы сабаққа деген ынтасы арта түсті. Дегенмен алғашқы кездегі қиындықтар, бірте-бірте кейінгі сабақтарда жеңілдей бастады. Алғашында оқушылар түсініңкіремей, көптеген сұрақтар қойып шулағанын байқадым. Сабақта өте келе оқушылар қалыптасты.
Кеше Бүгін Ертең
Мен қандай едім? Мен қалай өзгердім? Мен не істей аламын?
деп ойландым.
Мен тәжірибем барысында үйренгенім: дәстүрлі сабақта баланың ойлау мүмкіндігі шектеулі болатын. Дәстүрлі сабағымда оқушыларымды жиынтықты бағалап, дайын тапсырма бойынша дайындайтынмын. Тек нақты сұрақтар қойылып, нақты жауап айтатын. Ал жаңа бағдарламаның жеті модулінің сабақтарға кіріктіру барысында мынандай нәтижелерге жеттім:
Бала сын тұрғысынан ойлауды үйренді.
Оқушының сабаққа деген ынтасы артты.
Топпен жұмыс жасауды үйренді.
АКТ – ны пайдалану арқылы білімін жетілдіреді
Өзін – өзі бағалай алу арқылы қай деңгейде екенін біледі.
Менің сабағымда не өзгерді?
Сын тұрғысынан ойлауды үйрене отырып, оқушылар өзін – өзі реттеп, топпен жұмыс жасай білді.
Білім берудегі және білім алудағы жаңа тәсілдерді меңгерді.
Талантты және дарынды оқушыларды зерттеу барысында деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасадым.
Оқушылардың қабілетін зерттей отырып, көшбасшылық танытқан оқушыны анықтадым.
Оқушылар алған білімдерін өзіне бағалатуды үйреттім.
Сабақтар барысында әріптестер тарапынан қызығушылық танытып жаңа әдісті түсіндіруіме тілек білдіргендер де болды. Әр сабағыма қатысып көргеннен кейін өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың айтуынша сабақтың барысында диалогтің жақсы орын алатындығы, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, өз бетінше ізденуіне жаңа әдіс жол ашады деп өз пікірлерін білдірді. Мұндай пікірлерден кейін әріптестер жаңашыл бастаманы құптап қолдау көрсететіндеріне менде сенімді болдым.
Мұғалім ретінде бағдарламадағы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін түсініп, қолдана білгеннің нәтижесінде балалар өздігінен жұмыс жасады. Соның нәтижесінде мен оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын бағалау керектігін де ұғындым. Осы курс арқылы бұрынғы сабақ берудің дәстүрінен жаңаша оқуға бет бұрдым.
Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» көрсетуге тиіс.
( Eyre and Lowe, 2002). (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 68 бет).
Оқушылар берілген уақыт ішінде бір - бірімен жұптасып әңгіме өрбіту арқылы өздерінің маған беймәлім қырларын ашып таныстырып өтті. Мұғалім ретінде мен олардың пәнді оқу үдерісіндегі қажеттіліктерінен басқа, өзге де қызығушылықтарын қаншалықты жақсы біле бермейтініме көзім жетті. Мысалы: Бекзат есімді оқушы суретшілік қабілетімен танылса, Арман рөлдік ойындарда өзінің актерлік шеберлігімен көзге түсіп жатты. Сондай-ақ, Мағжанның сөз саптауы бізге сабақтар кезінде жақсы мәлім болды. Сыныпта топтық жұмыс ұйымдастырудың да өзіндік тиімді жақтары бар екенін аңғардым. Мәселен, топтық жұмыста оқушылар әрқайсысы жекелеген пікірлерін ортаға салып талқылауды үйренді. Сонымен қатар оқушылар өз пікірінен басқа өзгенің де идеясы құнды екенін түсіну арқылы, топ мүшелері арасында өзара сыйластық орнайды.
Сабақтардың бойында мен зерттеуге алған оқушыларым Сатан Барысхан өзінің дарындылығын көрсетіп, берілген тапсырмаларды жылдам орындады. Орташа Байжан Бекзат өздігінен ізденді, сабақта өзінің белсенділігін көрсетіп отырды. Абжапар Абдуқадыр берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға, жауап беруге тырысып отырды. Үлгерімі төмен оқушыларға түрткі сұрақтарды қою арқылы диалогқа түсірдім. Модульдерді қолдана отырып сабақ өтудің оқушылар арасында кері байланыс орнатуда тиімділігін, өзара кеңес беру арқылы білім алуға мүмкіндік беретінін байқағандықтан болашақта іс-тәжірибемде үнемі қолданамын.
Мен енді сабақ барысында танымдық қабілетті дамытатын тапсырмалар құрастыруды қолға алдым. Себебі кейбір оқушылар сыныптағы өзге қатарласынан тапсырманы тез орындап болады. Сондай жағдайда уақытты бос жібермес үшін ондай балаларға жеке тапсырмалар дайындап әкеліп отырдым. Тіпті кей кездері мұндай оқушылар өздері ынталанып үлгірімі төмен сыныптастарына көмектесіп те жатты. Өзара әрекеттесу кезінде оқушылар бір-бірін оқытуға, тыңдауға үйренді. Сұрақ қоюдың сынақтан өткізу, түрткі сұрақтар сияқты түрлерін оқушылар өздері бір-біріне немесе топ мүшелері қарсы топқа сұрақтар қойғанда белсенді қолданып отырды. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап беруі өздеріне де ұнайтындықтарын аңғардым. Бұл маған сабақ барысында тақырыпты талдап ашуға, оқушылар өздерін еркін сезініп ойларын білдіруіне көмектесті. Сондай-ақ сабақ барысында сұрақ қою мен жауап беру әдістерін меңгерту кезінде белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Олар бастапқыда өз ойын айтып жауап беруге қиналды. Сондықтан жұмыс барысында мұндай оқушыларды зерттеуіме тура келді. Оларды қайтсем топ алдында сөйлетемін деп алдыма мақсат қойдым. Осылайша оларға жауапкершілік жүктеп көрмек болдым. Осы кезде сыныптастарынан көмек сұрап, жан-жақты ізденетінін байқадым. Көп жағдайда оқушылардың сабаққа ынтасыз, белсенділігі төмен болатын себебі өзіне деген сенімінің аздығынан болатынын түсіндім. Бағалау кезеңінде бұрынғы сабақтарымда мұғалім ретінде оқушы білімін өзім бағалаған болсам, бұл жолғы сабақтарымда оқушылардың өздері бір-бірін немесе өзін-өзі бағалауына мүмкіндік бердім. Сол себепті критерийлер арқылы бағалау әдісін қолдандым. Топ басшысы алдын ала берілген бағалау парақшасына балдық жүйемен топ мүшелерінің жинаған ұпайына сәйкес бағалап шықты. Критерийлер арқылы бағалау әділ болғандықтан оқушылар бағалауға риза болып, жақсы баға алу үшін топтық жұмыста белсенділік таныту керектігін ұғынды. Меніңше бұдан оқушылардың білім алуға деген құлшынысы артып, қажеттілік деңгейі де өседі. Балдық жүйе әділ бағалауға, таза еңбегіне, қабілетіне қарай жинаған еңбегін бағалауға, өзін-өзі реттеуге мүмкіндіктер ашып берді. Менің мұғалімдік тәжірибемде әлі көп нәрсені үйреніп, ізденіс жасап талпынуым керек. Сындарлы оқыту теориясы бойынша тізбектелген сабақтар оқушыға тек білім негізін беріп қана қоймай, сонымен қатар заман талабына сай қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға көмектеседі. Мектептегі іс – тәжірибе кезеңі жақсы өтті, жаңа серпін алдым деп сенемін. Жеті модулді болашақтағы сабақтарымда тиімді әдіс – тәсілдер арқылы қолданатын боламын.
Екінші бетпе – бет кезеңінде әріптестерден үйренгенім, көңілге түйгенім көп болды. Бір ғана тәсілге сан қырынан қарап, салыстырып, артығы мен кемшілігін көруге мүмкіндік туды. Үш айлық курстан өтуім мол тәжірибе жинақтауыма септігін тигізгені анық. Сабақ жоспарын жасағанда әр оқушы үшін мақсат қойып, «осы сабақтан оқушы не алуға тиіс?» деген ой туындады. Сабақ жопарын жасағанда бағдарламадағы жеті модулдің қайсысы тиімді, қандай әдістер арқылы кіріктіруді үйрендім. Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқытуды, соған сәйкес сұрақтар мен тапсырмаларды дайындауды, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануға бейімдеуді, білім беруде мұғалімнің көшбасшылық қабілеті жоғары болуы керек екендігін, талантты және дарынды оқушыларды тануға, дамытуға арналған деңгейлік тапсырмалардың маңыздылығын түсініп, жүйеледім.
Тиімді жұмыс түрлерін жүзеге асыру арқылы болашақта мен өз тәжірибеме ғана өзгеріс енгізіп қоймай, әріптестеріммен де әдістемелік іс–тәжірибемді бөлісемін деген ойдамын. Өйткені балаларды оқытуда негізгі рөлді мұғалім атқаратындығын білемін. Қашанда бала қызығушылығын оятып, танымын кеңейту үшін модуль түрлерін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қолдануды болашақта үнемі басшылыққа алатын боламын.
Біліктілікті арттыру курсымды аяқтағаннан соң өзімнің бар түсінгенімді, ала білген біліміммен мектептегі әріптестеріммен міндетті түрде бөлісемін. Олармен ынтымақтастық атмосферасын құрып, бірігіп жұмыс жасауға тырысамын. Мен кәсіби білімімді құра аламын және жетілдіре түсемін, менде ниет бар сондықтан бұл аса қиын, қорқынышты деп айтпаймын. Келешекте жұмыс барысында осы жеті модульді үнемі қолданып, балаларды болашақта өзіне деген сенімі зор тұлға етіп тәрбиелеймін деп нық сеніммен айта аламын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2.Мектепте орындауға арналған тапсырмалар.
3. Интербелсенді әдістемені жоо – да қолдану мәселелері оқу құралы.
А.Әлімов «Алматы – 2013 жыл »
4.Дүниетану 1 – сынып. Алматы «Атамұра» 2012 жыл.
5.Интернет жүйесі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.