Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖАҢАША ТӘСІЛ – МҰҒАЛІМ ЖЕТІСТІГІ -

ЖАҢАША ТӘСІЛ – МҰҒАЛІМ ЖЕТІСТІГІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1156 | Размер: | Автор: гость
. Оспанкулова Нурбану Насируллаевна
Отырар ауданы «Ергөбек» атындағы
негізгі орты мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
ЖАҢАША ТӘСІЛ – МҰҒАЛІМ ЖЕТІСТІГІ

Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты мәселе болып табылады. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескерткен. Осы ойды негізге ала отырып сабақтарымда оқушыларыма еркіндікті ескере отырып, бағыт-бағдар беру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс».Жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Соның ішінде бірінші модульге тоқталар болсам, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді біз әрдайым жандандырып, жанартып отыруымыз қажет. Қалай оқыту керек екенін түсінуіміз қажет. Өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау білім берудің негізі. Біз күнделікті өмірде білім ала отырып, білім алуды үйретуіміз қажет.
Оқыту барысында негізгі факторларға тоқталар болсам, оқушылардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін үйренуі, өзін-өзі реттеуі, оқу нәтижелерін бағалауды игеруі. Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың пайымдаулары, көзқарастары мен білім деңгейлерін анықтап алу қажет. Оқушылардың нені игере алатыны мен нені игере алмайтындығын бақылау арқылы әртүрлі әдістерді пайдалануымыз қажет. Оқушылар өздері оқудың қажетті екенін, оны өмірде де өз қажетіне қолдана білу керек екенін сезінуі керек. Сонда ғана олардың оқуға деген ынтасы артады.
Егер де оқушы жаттап алатын болса, онда ол емтихан немесе сабақ аяқталған соң ұмытып қалады. Сондықтан олар өздері оқудың қажеттігін түсінуі қажет. Олар өздерінің алдына мақсат қойып, өз ойларын еркін айта білуі қажет. Оқушылар өз ойларын айта алады, пікірлесе отырып, оқуды түсінеді. Осы мақсатта біз өз оқу жүйемізді енгізуіміз қажет. Алда тұрған жұмысты жоспарлау мен мақсат қоя білу арқылы, оқушыларды ынталандырамыз жәнеде оқушылардың барлығын, белсенді ете аламыз. Сөзімнің соңын елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы үзіндімен аяқтағым келеді. «Бүгінгі оқушы – қоғамның ертеңгі мүшесі. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі болашағы бүгінгі оқушыға тікелей байланысты. Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мүғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сонда ұстазға жүктелетін міндет ауыр». Құрметті әріптестер! Ауыр да жауапкершілігі мол, даңғыл жолда сәттілік тілеймін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.