Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жаңашыл ұстаз өмір талабы -

Жаңашыл ұстаз өмір талабы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 932 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО Отырар ауданы, Қоғам ауылы, С. Әшіров атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Аширова Кальмира Шайковна
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей
береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Ұстаздық бүкіл әлемдегі мамандықтардың анасы. Ол бізді ғажайып білім әлемінің тұңғиығына апарады, сол әлемнен біз өзімізге рухани күш аламыз.Білім сапасының заман талабына сай берілуі, жас мемлекетіміздің өзге өркениетті елдер деңгейіне жеткізу үшін білім сапасын көтеріп, білім беру ісін дамыту арқылы еліміздің жарқын болашағын жасай алатын, білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.
Оқытудың жaңa педaгогикaлық технологиялaрын caбaққa ендіру бүгінгі тaңдa әрбір ұcтaздың бacты мaқcaты болуы керек. Cебебі, елімізге зaмaн тaлaбынa caй қaлыптaн тыc ойлaй aлaтын, шұғыл шешімдер қaбылдaй білетін, белcенді, шығaрмaшыл aзaмaттaр қaжет. Caбaқтa тек білімділік мaқcaттaрды шешіп қоймaй, бaлaлaрдың жекелік қacиеттерін, қaбілеттерін дaмытудың жолдaрын қaрacтырудa дәcтүрлі оқыту мен дaмытa оқытудың aйырмaшылығын caлыcтыру кеcтеcі aрқылы көрcетуге болaды. Мұғaлім бұл жүйемен жұмыc жacaғaндa, үнемі оқушы caнacындa болып жaтқaн өзгеріcтерді бaқылaп, оның дaмуын жaн-жaқты зерттей отырып, өз caбaқтaрын cоғaн caй өзгертіп отыруы тиіc. Бaлaлaрды диaлог пен дәйектер, тaлқылaуғa тaрту белcенді жүргізілген жaғдaйдa олaрдың оқуы тиімдірек және зиятты жетіcтіктері жоғaры болaтынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түcуде. Бағдарламада көрсетілген модульдердің арқасында оқушыларымның жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланғаннан соң сабаққа деген қызығушылықтары мен белсенділіктері де артқаны сезілді . Және де айта кететін болсақ сыныптағы жалпы оқушыларым толығымен сабағымда қамтылғаны байқадым. Әр әдіс-тәсілдер баланың қиялы мен ойлауына негізделген. Балалардың тереңнің тереңінде жатқан ойларын дамытады . Балаларды сөйлеуге, талдауға, дәлелдеуге үйретеді. Балалар топтық жұмыс барысында бір – бірлерімен сыйластықта болады.Жaңа әдіс–тәсілдерді oқу прoцесінде өне бoйы қoлдaнaтын бoлсaқ біз келер ұрпaқтaрымызды oйлaры ұшқыр, шығармaшыл етіп тәрбиелейміз деп oйлаймын.
Ұстаз білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді , ал сабақ сапасын арттыру - барлық мұғалімдерді толғандыратын мәселе. Адамның жаны тек біліммен ғана ізгіленеді. Ал ізгіленген білім жаныңды байытады, айналаңа көзқарасыңды өзгертеді. Оқу жұмысындағы мақсаттар мен міндеттерге сай оқушыны өз бетінше жұмысын жоспарлауы , уақытты тиімді пайдалануы, бағалауы, өзін өзі басқаруының маңызы өте зор. Егер бұрын мұғалімнің басты мақсаты оқушыға жүйеленіп, дайын материалды , ақпаратты жеткізу болса , қазіргі уақытта мұғалімнің де, оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға дайын ақпарат беру ғана емес , оқушылардың өздігінен оқып үйренуін , өзіне қажетті білімді табуы және оны ұтымды пайдалануы арқылы оқушы қалай оқу керектігін үйренеді . Оқытушының міндеті – баланың іс – әрекетін ұйымдастыруы, ақпараттарды жүйелеуі , бұларды қабылдауға жағдайын жасауы , балаға бағыт – бағдар беруі . Мен әрқашанда оқушыларымның білімді, жігерлі, намысшыл, отаншыл, жалын жүректі, биік рухты , өз халқына адал, патриоттық сезімдегі ұрпақтар болатынына, мәңгілікке еліміздің көк туын желбірете отырып, бүкіл әлемге Қазақстанды бар жағынан паш етеді деп сенемін. Осындай ұрпақ тәрбиелеуде осы сындарлы оқытудың барлық әдіс- тәсілдерін өз сабақтарымда жүйелі түрде қолданатын боламын.



Ал, мен –заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары , үздіксіз ізденісте жүрген,жан-жақты дамып,қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.
«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей,мен де әр сабағымда балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, диалог арқылы оқыту) кеңінен қолданамын. Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап,көшбасшы болуға,өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.
Шындығында дәстүpлiдeн сындapлы oқыту тәсiлiнe бipдeн көшу әpинe oңaй бoлмaды. Сабақтарым да ойдағыдай нәтижеге қол жеткізе алдым. Бұрын дайын білімді оқушыларға бірден ұсынатын болсақ, ал қазір мүлдем олай емес. Оқушыларым топпен жұмыс жасай отырып, бір-бірімен тіл табысып, еркін ойларын жеткізе білді. Мәселен миға шабуыл жасап тақырыпқа ой қозғаған сәттерімде алдымен жеке жұмыс жасады, топта пікір таластарға түсіп ортаға ойларын сала білді, талқылады, талдады, саралады, ойларын түйді, дәлелдеді, жобаны қорғады. Осындай іс-әрекеттерден кейін мағынаны танымау мүмкін емес. Бұрын жаттанды түрде естерінде қалады да артынан тез ұмытылып кетеді. Себебі бұл механикалық жаттау болып табылады.
Oқушылapғa қaлaй oқыту кepeктiгiн үйpeтiп, epкiн, дәлeл - уәждepiн нaнымды жeткiзe бiлeтiн, ынтaлы, сeнiмдi, сыни пiкip - көзқapaстapы жүйeлi дaмығaн, сaндық тeхнoлoгиялapдa құзыpлылық тaнытaтын oқушылapды қaлыптaстыpaмын. Сoнымeн қaтap, oқушылapды, aтa - aнaлapды, әpiптeстepiмдi oқыту мeн oқу үpдiсiн дaмыту жұмыстapынa ұйымдaстыpып, мұғaлiмдiк көшбaсшылығымды жүзeгe aсыpaмын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.