Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жақсылықпен жаным дос» -

«Жақсылықпен жаным дос»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1252 | Размер: | Автор: гость
. Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: 1 мамыр
Мерзімі: 13.11.2015ж
Мұғалім: Абишева Жансұлу
Сынып: 4 «А»
Оқушы саны: 22
Тақырыбы: «Жақсылықпен жаным дос»
Сабақ: № 9
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Басқалар туралы жақсы ойлау. Отбасында, мектепте өзін дұрыс ұстау, таза жүруге үйрету.
Мақсаты: дұрыс әрекет, құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға адам өмірінде дұрыс әрекет, маңыздылығын ашып көрсету.
2. Жанашырлық, кішіпейлдікке, мейірімділік қасиеттерін көрсете білуге тәрбиелеу Ресурстар:
(құралдар, мәліметтер, видеоролик, дәптер, түрлі-түсті қалам,)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті:«Нұрға бөлену» Ескерту
5 т
Дәйексөз: Қай кезде, кімге болсын қолынан келгеніңше жақсылық жаса деген халық сөзі бар.
Дәйек сөзден қандай ой түйіндедің?
Жақсылық жасаудың мағынасын түсіндіңдер ме?
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Оқиғаларды әңгімелеу.
Оқушыларға сыйлық ретінде өсиет әңгіме.
Табиғаттың жаратылысы.
Бір адам бір құлап,бір тұрып жерден ұша алмай жатқан торғайдың балапагнын құтқарғысы келіп жерден көтереді.Ол адамның қолын шоқып алады, ал адам сондада құтқаруға тырысып қолына алады,бірақ торғай қайта шоқып алады.Мұны көрген данышпан жапқындап келеді де қайта қайта қолың шоқыған балапанды несіне құтқарып жатқанын сұрайды.Сонда жаңағы кісі: “Шоқу торғайдың табиғатында бар нәрсе.Менің табиғатымда болса сүйу бар.Торғайдың табиғатында шұқу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймынғой”,-дейді.
Талқылау сұрақтары: Оқушылар өздері жайлы жаңа да қызықты не білгендері жайлы, өздерінің қандай сезімде болғандары жайлы айтады
Шығармашылық жұмыс. (Топтық жұмыс)
Топпен ән айту.
Жас дәуірдің түлегіміз
Сөзі: Е.Өтетілеуовтікі
Әні: И.Нүсіпбаевтікі
Үйге тапсырма:
Келесі сабақтағы №10 сабақты «Жақсы мен жалқау адам» құасиеттері туралы өлеңді жаттап келу
Сабақтың соңғы тыныштық сәті:
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көзімізді ашамыз. Бүгінгі сабақта не түйіндедіңдер? Сабақ аяқталды
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде
Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.