.
.
Аманшеева Бибажар Тамабайқызы Жаяу жүргіншілер ережелері
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5066 | Размер: | Автор: гостьАқтөбе қаласы,
№36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Білім беру саласы : «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы : «Жаяу жүргіншілер ережелері»
Мақсаты: балаларға жол ережесі, жол белгілері туралы білім беруді жалғастыру. Жол белгілерінің қауіпсіздік сақтаудағы маңызды ақпарат екенін саналарына жеткізу. Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолда зейінді болу дағдыларын бойына сіңіру.Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу.
Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
-Балалар, енді бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Жақсы, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын мына өлең жолдарын тыңдап, айтайық.
Бұзба көше тәртібін
Ұрынарсың апатқа.
Ұқыпты болсын әр күнің
Жақын болма шатаққа!
-Балалар өлең не туралы?
-Көшедегі тәртіп туралы.
Көшеге шыққанда неге мән беру керек?
-Жолға.
-Қандай жол белгілерін білесіңдер ?
-Бағдаршамда қанша түс бар?
-Сары түс жанғанда қозғалысты бастай беруге бола ма?
-Қызыл түс нені білдіреді?
-Жолды кесіп өтуге бола ма?
-Жаз мезгіліндегі, қыс мезгіліндегі жолдардың айырмашылығы неде?
-Қай мезгілде машина тез тоқтап үлгіреді, қыста ма, жазда ма? Неге
-Сенің бір адымың машинаның қанша метріне тең?
-Жаяу жүргіншілер жолы қалай аталады?(Балалардың жауаптарын тыңдап, толығырақ түсіндірме беру.)
Инерактивті тақтамен жұмыс.(Суреттер бойынша сұрақ-жауап алу)
-Балалар, егер жолдан өту керек болса, бағдаршам жоқ болған жағдайда, ерінбей, жаяу жүргіншілер өтетін жерді іздеп тауып, тек сол жерден өту керек! Ол үшін ешқашан ерінбеңдер!
Ойын: «Жолдан өту»
Жұмбақ жасыру:
Қырдан қырға жалғасады,
Барған сайын алға асады. (Жол)
Оңға да бұрады, Көшеде жүреді көп үйлер,
Солға да бұрады. Сол үйлерді жүргізушілер
Жол тәртібін жүргізеді.(машина)
Реттеп тұрады. (Бағдарлаушы)
-Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
Балалар:- Автобус, троллейбус, машина, пойыз, ұшақ т.б(өз ойларын айтады)
«Жеке көлік», «Қоғамдық көлік» туралы ой қозғау, түсініктеме беру.
Ойын: «Автобуста»
Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелерін түсіндіру:
1.Жол билетін алу.
2.Қарт адамдарға , жүкті әйелдерге орын беру.
3.Қоғамдық көлікте қоқыс тастама, сағыз лақтырма.
4.Орындықтарды шұқып бұзба.
5.Қатты дауыстап сөйлеме.
6.Автобустан түскенде артынан өту керек.
7.Трамвайдан түскенде алдынан өту керек т.с.с
Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын: « Жол белгілерін табайық»
(Фазлмен жұмыс)
Карточкалармен жұмыс.( Қызмет көрсету, тыйым салу, ақпаратты көрсеру белгілерін ажырату)
Қорытындылау:
-Сонымен, балалар біздер бүгін не туралы айттық, нені білдік?
Сақта көше тәртібін Сары жанса сабыр
Бағдаршамның ал тілін Сақтай тұрам әзір
Біліп алдым мен де Жанса қызыл шоқтай,
Жасыл жанса демде Қаламын кілт тоқтай.
Алға кетем лезде.
Табамын деп төтені Дәл ортаға жеткенше,
Қиып өтпе көшені. Сол жағыңа қарап ал.
Түсін мұны қатер деп, Жол ортадан өткенде,
Түсін мұны қатем деп. Оң жағыңа қарап ал.
Ақтөбе қаласының білім бөлімі
№ 36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымы
«Гүлдер» ересектер тобында өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: «Жаяу жүргінші ережелері»
Өткізген: Аманшеева Б.Т.
Ақтөбе, 2015 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.