Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Лексикалық тақырыбы: Саттар Ерубаев
Грамматикалық тақырыбы: Жалқы есім
Сабақтың мақсаты:
а)Саттар Ерубаевтың өмірімен таныстыру. Оқушылардың зат есім жайлы алған білімдерін кеңейте отырып, жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру.
ә)Оқушылардың ой өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық, іскерлік, есте сақтау,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
б)Оқу және жазу арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу,
ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сематикалық карта.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
2. Топқа бөлу.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
4. Жаңа сабақ.
5. Сабақты пысықтау.
Оқушыларды гүлдердің түсіне қарай топқа бөлемін.

«Алданған жолбарыс» атты мәтінді тест арқылы пысықтау.

С. Бегалиннің «Жаз лебі» атты өлеңін жатқа сұрау.
Оқушыларға грамматикалық тақырып бойынша бірнеше сұрақ қоямын.
1. Кім? Не? деген сұрақтарға қандай сөз табы жауап береді?
2.Оның қандай түрлері бар?
3. Жалқы есім қалай жазылады?
4. Жалпы есім қалай жазылады?

Жаңа сабақ:
Оқушылар, біз лексикалық тақырып бойынша ақын, жазушылармен танысып жатырмыз. Соның ішінде қандай жазушылармен таныстық?
Бүгін біз тағы бір жаңа жазушымен танысамыз. Ол С.Ерубаев.
С.Ерубаевтің «Бақыт» атты шығармасымен таныстырамын.
Шығарманы мәнерлеп оқып беремін, мазмұнын түсіндіремін. Оқушыларға тізбектеп оқытамын.

Сөздік дәптермен жұмыс.
Жаңа сөздерді пайдалана отырып, мысалдар келтіру.
Мысалы: күнде-каждый день
Мен күнде азанда сабаққа келемін.

Ал балалар біз грамматикалық тақырып бойынша не өтіп жатырмыз?

1 1) Ұлдың антонимі
2 2) Қыс көркі
3 3) Қатты зат
4) Кел сөзінің антонимі
4 5) Қазіргі мезгіл
5 6) Қабат, қабат, қаттама
6 Ақылың болса аттама
7 7)Қыстан кейінгі жыл мезгілі




Интерактивті тақта. Картамен жұмыс
-Суретте не көріп тұрсыңдар?-ҚР-ның картасы
-Картада нелер бейнеленген?-Қалалар,өзен, көлдер, таулар.
-Қала, өзен, көл, тау аттарын атату.
-Үй жануарларының суреттерін көрсету.
-Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?( оқушы жауабы)
Дұрыс айтасыңдар, бұл кісі, қала, жер- су, жан-жануарға ғана тән, осы заттарға қойылған жеке атауы екен.Осы заттарды атына қарай біз оларды ажыратады екенбіз.
Олай болса балалар, кісі аты-жөні, жер-су аттары жан-жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады.Яғни жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
-Суреттегі Астана, Алматы, Талдықорған-бұлардың жалпы атауы қалай аталады?-қала
-Балқаш, Алакөл, Қаратал-бұлардың жалпы атауы ше?-өзен, көлдер
-Құлагер, Ақтөс, Марғау-бұлардың жалпы атауы ше?-жан-жануарлар
Қандай туыстық атауларды білесіңдер? әже, ата, аға, әпке, ата-ана т.б
Сонымен, жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады екен.

Ойын: «Тізбек» Оқушылар алдымен жалпы есімдерді айтады. Бірінші айтылған сөздің соңғы әрпінен екінші оқушы жаңа сөз айтады.

Оқулықтағы тапсырма:
1. Сұрақтарға ауызша жауап беру,жалқы есімдерді табу.
2. С.Ерубаев деген мәтінді көшіріп жазу. Жалқы есімдерді анықтау. Сөйлемнің соңында арқашан сөйлемнің қандай мүшесі тұратынын анықтау.

Қорытынды:
Терме диктанты. Жалпы есіммен жалқы есімді ажырату.
Сематикалық карта

Зат есім түрлері Сұрақтары Кісі аты Кіші әріппен жазылады Жер-су аты Бас әріппен жазылады Мамандық атаулары Жан-жануар
Жалқы есім
Жалпы есім

Үйге тапсырма беру.



№16 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп



Лексикалық тақырыбы: С.Ерубаев «Бақыт»
Грамматикалық тақырыбы: Жалқы есім

Дайындаған: Турсынбаева А.Н.
09.02.2015ж

2014-2015 оқу жылы

Алдымызда арайланған көк белес
Мақтанышым туған жерім Сарыағаш
Сарыағаштай туған елмен шаттанам
Оңтүстікте туғаныма мақтанам

Армысыздар халқым менің қуатты
Күн де күліп, төксін бізге шуақты
Шәкірттерді тәрбиелеп, білім берген
Ақ ниетті ұстаздарым жүріңіздер қуатты

Мінезім ашық жарқын жүзім жылы
Айман менің есімім,Нурланқызы
Ана дейді жас сәбиде аңқылдаған
Алима менің анам жарқылдаған

Ұстазбын шәкірттерге білім берер
Шәкіртінің қадамына гүлдер егер
Жақсылықты ұран етіп әрқашан
Жемістердің нәтижесін бір көрер

Білімім бар азды көпті тоқыған
Дей алмаймын, бәрін білем, қатырам
Келіп тұрмын маған сенім артқасын
Қазақ тілі бірлестігінің атынан

Қандай жақсы сайыстардың болғаны
Әсем әнге жан-жүректің толғаны
«Жыл мұғалімі» сайысына қатысам
Биік шыңнан көрінсем, бақ құсының қонғаны
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.