Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалаң және жайылма сөйлем -

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1386 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. .Көптілеуова Клара Тәжіғалиқызы
Атырау қаласы
М.Әуезов атындағы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемнен ажырата білуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың ой –өрісін, шығармашылық ойлау қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту;
Тәрбиелігі: Ізденімпаз, өз ойын еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: Ойын, көрнекілік, сұрақ-жауап, ізденушілік
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте, Power-point презентациясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.
Оқушыларды сурет қиындылары бойынша өз таңдауларымен үш топқа орналастыру.
ІІ. Өтілген материалды қорытындылау
Үй тапсырмасын тексеру. 75-жаттығу
Сурет бойынша әңгіме құра.
Әңгімедегі 2- 3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
«Сиқырлы сандар» ойыны



- Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 10
- Сөйлемнің қандай мүшелері бар? 30
- Тұрлаулы мүшелерге не жатады? 20
- Бастауыш дегеніміз не? 40
- Баяндауыш дегеніміз не? 50

Ой қозғау. Сөйлем туралы не білеміз?








ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі. Оқушылар Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.Сызбаны толтырып, қорытынды шығарады.

Жай сөйлем мен оның түрлері

туралы білгім келеді?

Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке
сөйлемді жай сөйлем дейміз.
Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

Кестемен жұмыс





Оқулықпен жұмыс.
79-жаттығу. Сөздерден сөйлем құрау. Сөйлем мүшелеріне талдау. Құраған жалаң, жайылма сөйлемдеріңді тиісті вагондарына орналастыру. Болғаннан кейін дұрыстығын слайдтан тек

Сергіту сәті.

Сөйлемді көшіріп жазып, жай сөйлемнің түрін анықтау.

Шығармашылық жұмыс

1топ «Аққала» тақырыбына ойдан өлең құрастыру;
2 топ «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз құрау;
3 топ Берілген мәтінді керісінше оқу.

сыҚ
сыҚ ілігзем. адалаД рақ пыуаж рұт. ралалаБ немрақ панйо рүж. ралО надрақ қашрыуқ ыдасаж.
ңыдралалаБ ырадлоқ ыдңот. қаріБ ыратқашрыуқ імедә пылоб ытқыш.ңытқашрыуҚ ізөк недрімөк ыдласаж.

Топпен жұмыс.
82-жаттығу.

1 топ Жалаң сөйлемді жазу;
2 топ Жайылма сөйлемді жазу;
3 топ Сызбаға сай келетін сөйлемді тауып жазу;
83-жаттығу.
Ребусты дұрыс шешіп, мақалды жазу.
Мақалды жай сөйлем түрлеріне және сөйлем мүшелеріне талдау.


Бекіту. Венн диаграммасы

Жалаң Жайылма

VI. Сабақты қорыту. Балаларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
81-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді оқу. Оларды жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу. Шешендік сөздер жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.