.
.
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1859 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
а) білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жаттығулар арқылы меңгерту, Қазақстан календарындағы мереке күндерімен таныстыру.
ә) тәрбиелік: топтасып жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың адамгершілік қасиетін, көзқарасы мен сенімін қалыптастыру, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
б) дамытушылық: оқушыларды оқыту кезінде танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, тілін, жадысын, қиялын дамыту, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекі, техникалық құралдарды қолдану, әңгімелеу, салыстыру, құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, электронды оқулық,суреттер
Сабақтың формасы: топтық, ұжымдық, жеке
Сабаққа пайдаланылған оқыту технологиялары: дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек-сызба технологиялары, блум таксономиясы.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақты өлеңмен бастау.( слайд №1)
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызын мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім .
Психологиялық дайындық (слайд №2)
«Шаттық шеңберінде»
Жақсылықтан үйреніп
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан
ІІ. Кіріспе бөлім
Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу. Әр топқа ат қою.( слайд №3)
1. Білімділер
2. Ойшылдар
3. Тапқырлар
Топ басшыларын оқушылар таңдайды. Топ басшылары топ мүшелерін бағалап отырады.Бүгінгі сабақтың ерекшелігіне мән беру.
ІІІ.Үй тасырмасын сұрау (слайд №4)
ІҮ. Негізгі бөлім
Қайталау- білім анасы (слайд №5)
27:3 25:5 40:8 10:2 ( слайд №6)
1. Бастауыш дегеніміз не?
2. Баяндауыш дегеніміз не?
3. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүше дегеніміз?
Жаңа сабақтың тақырыбын шығару. Жалаң және жайылма сөйлем.
Дәптермен жұмыс (слайд №8)
Сызбамен жұмыс ( слайд№9)
Кітаптан Білгішбекпен Негештің сөздерін оқу. (Білу)
І-Mektep электронды оқулығын тыңдау. Түсіну (слайд№10)
Ү.Ережені шығару слайд №11
97-жаттығу. .Қолдану ( слайд №12)
Сөйлем құрап оқу, сөйлем мүшелеріне талдау.
Күн бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді.
Түн ұзарды. Мұғалім сыныпқа кірді.
Динара қуанды.
Құраған жалаң, жайылма сөйлемдеріңді тиісті пойыз вагондарына орналастыру.
Бұл сөйлемдердің ерекшеліктерін айту.
Мереке күндерімен таныстырып өту. ( слайд №13)
1-желтоқсан 1991-жылы Н.Ә.Назарбаевтың елбасы болып тағайындалған күні. (слайд№13)
16-желтоқсан Тәуелсіздік күні. ( слайд№14)
98-жаттығу ( слайд №15)
Жай сөйлем түрін анықтау. Ол жалаң сөйлем бе, әлде жайылма сөйлем бе?
1.Өнерлі өрге жүзеді. 2.Боран соқты. 3.Жаңбыр сіркіреді. 4.Екі дос мектептен қайтты. 5.Жарыс залда өтті.
1-қаңтар Жаңа жыл мерекелері ( 2015 жыл Қой жылы слайд№15)
ҮІ.Венн диограммасы ( слайд №17)
99-жаттығу слайд№18
Әр топ бір жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.
1.Оқушылар ............ кездесті.
2.Жолаушылар ..................жақындады.
3.Ұстаз .................. түсіндірді.
4.Айдын ..............қатысты. (барлық топ бірге орындайды)
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі. (слайд №19)
100-жаттығу Сәйкестендіру. (слайд №20)
Ұшақ биікке көтерілді.
Жалаң Айман мені кітапханада күтеді.
Күн жылынады.
Керек-жарақтың бәрі бар.
Жайылма сөйлем Әжем шұлық тоқыды.
Бау байланды.
ҮІІ. Кім тапқыр ?(слайд№21)
Математикамен берілген мақалды оқып, жалаң және жайылма екенін ажырату.
1.Білімділер тобы
Піл к3-ті
Піл к3ті емес
Тіл к3-ті.
2.Ойшылдар
4-еу түгел болса, төбедегі келер
6-ау ала болса, ауыздағы кетер.
3.Тапқырлар
6-н балдақ қол сәні
Әшекей т-10 сәні
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні. Күн мен теңескен күн. (слайд№22)
1-мамыр Ынтымақ пен бірлік, достық күні. (слайд№23)
7-мамыр Ұландар күні. ( слайд№24)
9-мамыр Жеңіс күні. (слайд№25)
ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс (слайд№26)
Берілген суретке әр топ сөйлем құрап, жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтайды.
1-сурет Мұғалім және балалар.
2-сурет Екі көбелек .
3-сурет Кітап
6-шілде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың туған күні. Астана күні. (слайд№27)
30-тамыз Конституция күні. (слайд№28)
Сабақты қорыту
Х.Семантикалық картамен жұмыс( слайд№29)
Қыс келді.
Қыста қар жапалақтап жауды.
Қар жауды.
Балалар шанамен ойнады.
Үйге тапсырма 101-жаттығу. (слайд№30)
Кері байланыс
Бағалау Әр топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалайды.
Үйге тапсырма 99-жаттығу.
Кері байланыс
Бағалау Әр топ басшылары сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалайды.
1-топқа.
Торғай
байғыз
бүркіт
2-топқа.
Қарға
қызғыш
Сұңқар
3-топқа.
Сауысқан
бұлбұл
аққу
4-топқа.
Кекілік
тауыс
қарлығаш
3-кезең. «Мәтінмен жұмыс»
197-жаттығу.Мәтінді оқу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді тап.
1-топ. Дүкен ашылды.
2-топ. Біз дүкенге кірдік.
3-топ. Керек-жарақтың бәрі бар.
4-топ. Мен оқу құралдарын алдым.
4-кезең. Тренинг «Мен – күнмін». Сергіту сәті.
Оқушылар күннің суретін салып, әр бала өз атын жазады. Күннің әр сәулесіне бала өзінің тек жақсы қасиетін, жетістіктерін жазса, келесі күннің сәулесіне өзінің кемшілігін теріп жазады. Күннің жақсы сәулесі көп болса,соғұрлым баланың шапағаты көп болғаны. Кемшілігі арқылы бала өзінің дұрыс емес жағын жөндейді.
5-кезең. «Бір мақалдан – 4 мақал»
1-топқа «дос»,
2-топқа «дұшпан»,
3-топқа «ақыл»,
4-топқа «ашу» деген сөздер таратылып беріледі. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, мақал құрастырады, жалаң немесе жайылма сөйлем екенін айтады. Содан соң осы 4 сөзді біріктіріп 1мақал құрастыруы тиіс Жауабы: «Ашу – дұшпан, ақыл-дос…».
6-кезең. «Ойланайық, табайық»
198-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу.
1-топ. Демалысқа шықтық.
2-топ. Жарас қуанды.
3-топ. Сатушы келді.
4-топ. Сәуле жазды.
Керекті сөздер: қатты, балалар, тез, дүкенге.
7-кезең. «Кім кідірмей табады?»
Берілген сызба қай сөйлемге сәйкес келеді?
1-топ.
А) жалаң сөйлем
Ә) жай сөйлем
Б) жайылма сөйлем
2-топ.
А) құрмалас сөйлем
Ә) жалаң сөйлем
Б) Жайылма сөйлем
3-топ.
.
А) Оқушылар қызықты сапарға аттанды.
Ә) Осымен үшінші рет келді.
Б) Қонақтар үйге келді.
4-топ. .
А) Жаңбыр жауып тұр.
Ә) Аппақ қар жауды.
Б) Күн жылынды.
8-кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»
199-жаттығу. Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, сөйлем түріне ажырату.
1-топ. Ел құлағы – елу.
2-топ. Ұстаздан шәкірт озар.
3-топ. Күш – білімде.
4-топ. Талапты ерге нұр жауар.
9-кезең. «Ең керемет жарнама»
Төрт топқа төрт заттың суреті беріледі (тоңазытқыш, компьютер, шаңсорғыш, қобыз). Әр топ осы заттарды жарнамалайды. Негізгі шарты: ол заттың атын атамауы тиіс. Басқа топтар жарнамаға қарап, ол заттың не екенін табады. Жарнама ішінен жайылма сөйлемдерді табады.
V. Сабақты қорытындылау
Сабақтың кезеңдері бойынша әр топтың бағасын шығару.Оқушыларды бағалау.
1-кезең 2-кезең 3-кезең 4-кезең 5-кезең 6-кезең 7-кезең 8-кезең 9-кезең
1-топ
2-топ
3-топ
4-топ
VІ. Үйге тапсырма
200-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазуға тапсыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.