Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалаушалар -

Жалаушалар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3690 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы , Атырау қаласы
№26 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиешісі
Каиргалиева Надежда Утепбергеновна
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: Жалаушалар

Мақсаты: балаларды «жоғары», «төмен», «бірдей»(биіктігі жағынан)көлем-
дерін салыстырып үйрету; биік және аласа заттарды ажыратуға
жаттықтыру;ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: қоян ойыншығы,шарлар
жалауша,түрлі түсті геометриялық пішіндер(шаршы,ұшбұрыш
дөңгелек)жолақтар(ұзын-қысқа)үлестірмелі материалдар

Билингвалды компонент: заяц-қоян,көжек-зайчиха,биік-аласа,
высокий-короткий

Шаттық шеңбер.
Біздің топтың ұл,қыздары
Тату –тәтті ойнайды.
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлайды-деп
балалар келген қонақтармен амандасады.
Ғажайып сәт.
Есік қағылады,қолында жалауша мен шары бар қоян кіреді.
- Көжектерімді таба алмай жүрмін, ертең мереке мына шарларды соларға әкелдім дейді
-Келіңдер,көжектерге шарларды үлестіріп берейік.
Тәрбиешімен бірге қайталап ,қонақтармен амандасады.
Балалар тәрбиеші мен қоянның диологін тыңдайды.
«Көңілді көжектер»дидактикалық ойыны
Жолақшаның жоғарғы жолында
қанша көжек болса,төменгі жолында сонша шар тұру керекті
гін түсіндіреді.Көжектерді бірі-
нен соң бірін қою керек екенін ескертеді.Соңында сұрақтар қояды:
-Көжектер нешеу?
-Шарлар нешеу?
Көжектер қанша болса,сонша
шарлар ұсыналады.
Сергіту сәті
Оңға,оңға,түзу тұр,
Солға,солға, солға түзу тұр,
Алға қарай түзу тұр.
Жоғары,төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
«Жалаушалар» дидактикалық ойыны
Балаларды жалаушамен ойнауға шақырады.Жалаушаны тәрбиеші кімнің қолына берсе, сол баланың жауап беретінін айтады.
Сұрақтар қояды:
- Піл үлкен бе, тышқан үлкен бе?
- Орындық биік пе, үстел биік пе?
- Сенің басыңда қанша шаш бар?
- Аспанда қанша жұлдыз бар?
- Аспандағы күннің көзі нешеу?
- Мысықтың құйрығы нешеу?
- Түйе үлкен бе, ит үлкен бе? (көп)
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады. Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек
«жоғары», «төмен», «бірдей» (биіктігі жағынан) ұғымдарын, заттарды санына қарай салыстыруды.
Нені игереді
пішіндерді басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алуды және олардың түсі мен көлемінің әртүрлі болатынын.
Нені біледі
жолақтардың ұзындығын, салыстыру әдістерін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.