ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1482 | Размер: | Автор: ПубликаторОңтүстік Қазақстан облысы , Шымкент қаласы,
№3 жалпы білім беретін орта
мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Амиров Манат Мустафаевич
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда әлеуметтік-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда ересек адамдар арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Арнайы тәртіпке бағынатын қиын оқушыларды тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі өте зор.
Ы.Алтынсариннiң педагогикалық көзқарасынан да бүкiл әлемдiк тәлiм- тәрбиенiң деңгейi гуманистiк көзқарас, яғни шәкiртке жылы жүректi болу, мұғалiм мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерiнiң көрiнiс тапқанын көремiз. Ол өз еңбегiнде «Мен балаларды жазалауды сүйетiн қатал адам емеспiн. Бiрақ тентек етiп өсiрсең, балалардың адамгершiлiк қасиетiн бұзып аласың» дедi
Ұлы ойшыл Абай адамның өсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң ролiне ерекше тоқтала келе, адам баласы бiр-бiрiнен ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Онан басқа жолмен озамын демектiң бәрi - ақымақтық дей келе, адамды тәрбиелеудегi қоғамдық ортаның ролiнiң ерекшелiгiн саралап көрсетіп бердi. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негiзге байланысты, ақсүйек тұқымынан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтiн теріс көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мiнезiнiң қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенiн дәлелдедi. өзiнiң отыз жетiншi сөзiнде: «Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi.
Бiрде бiр адамзат қоғамы өзiнен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелiк тәжiрибесiн пайдаланбай өмiр сүрген емес.
Қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, күні бүгінгі дейін педагогтардың, психологтардың және заңгерлердің зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылып келе жатыр.
- балалардың өз бетімен жүруіне қарсы күрес жүргізу мәселелері;
- оқу орындарын балалардың денсаулығына, әлеуметтік және педагогикалық бақылаусыз бетімен кетуіне және сонымен қатар тәрбиеленуі қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының түрлері мен тәсілдеріне қарай айырып бөлу қажеттілігі;
- тәртібі қиын балаларға арналған мекемелер мен оқу орындарында жұмыс істейтін тәрбиешілердің арнайы білімі болуы;
- тәртібі қиын балаларға адамгершілік тәрбие беруді қоғамдық пайдалы еңбек барысында жүзеге асыруды белсендіру
И.А.Невский тәрбиеленуі қиын оқушыларды топтарға бөліп, оны үш жағдаймен түсіндіреді:
а) педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы;
ә) әлеуметтік тәрбиесінің дұрыс болмауы;
б) психикалық қалыпты нормадан ауытқуы.
Ал тәрбиеленуі қиын оқушыларға тән ерекшеліктерді мынадай үш топқа бөледі:
1. Білімі. Тәртібі қиын оқушылардың оқу және әлеуметтік-этикалық білімі өзінің өте кемдігімен, жүйесіздігімен және түсінігінің қателігімен ерекшеленеді.
2. Дамуы. «Қиын» оқушылар әдетте өзінің ақыл-ой қабілеттілігі, сана-сезімінің өсіп-жетілуі жағынан өз құрбыларынан артта қалып, жұмыс істеуге қабілеттіліг төмендеп, кейбір психикалық функцияларының өсіп-жетілуінде ауытқушылығы (қабылдауы, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, елестетуі, еркі, сөйлеуі, сезімі, т.б.) байқалады. Кей жағдайларда олардың ақыл-ойы, психикалық қасиеттері өз деңгейінде дамыған да болып келеді, керісінше, теріс бағытта, яғни олардың өздері үшін маңызды жағдайларда аса қырағы, байқағыш, көреген болып келеді. Ал сабақта ерікті қабылдауы, зейін қойып тыңдауы нашар, әлсіз болады. Сондықтан мұндай оқушыларға қолайлы жағдай туғызып, тиімді тәрбие әдістерін қолдану арқылы оқуға, өзінің айналасындағыларға қатынасын өзгертіп, тәртібін жақсартуға болады.
3. Қатынасы. Тәртібі «қиын» оқушылардың өздеріне тән ерекшеліктері сабаққа, ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегіне қабілетсіз болып келетіндіктері. Ал бұл жағдай олардың оқудан әр уақытта да үлгермеушіліктері, еңбек ету дағдыларының жоқтығы, оқу пәндеріне, жалпы білімге, оның нәтижесіне қызықпаулары, еңбектенуге қабілетсіздігі және осыларға байланысты болатын жағымсыз жағдайларды олардың әр уақытта да уайымдауынан болады. Мұның барлығы да олардың басқалардың еңбегінің нәтижесін пайдалануға дағдылануынан, басқаның еңбегін қадірлемеуінен келіп шығады. Тәрбиеленуі қиындар кейде мектептің мүлкін алып кетеді, терезені, мектеп мүлкін қиратады, өсімдіктерді бүлдіреді. Олардың тек қана оқу пәндеріне, еңбектенуге, басқалардың еңбегінің пайдалы нәтижесіне қызықпаушылық қабілеттері ғана төмен емес, тіпті, кейде жалпы адамды рухани бай ететін, адамның адамгершілік қасиетін жақсартатын әдебиетке, өнерге, тарихқа, жаратылыстануға, табиғатқа деген қызығушылықтары да төмен болып келеді.
Осы жоғарыдағы айтылған нәрселерді ескере отырып, мен жалпы білім беретін мектептерде интербелсенді әдістерін қолдануды ұсынамын.
Өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде оқытудың интербелсенді тәсілдерін қолдана отырып, мынадай факторларға сүйенемін:
- оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
- оқушылармен жекелей, жұппен, топпен және ұжыммен жұмыстар жүргізуге баулу;
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;
- оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту.
Шығармашылық жұмыстар арқылы:
1. Оқушы өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Оқушыда өзіне, өз ісіне деген сенім пайда болады.
3. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
4. Салыстыруға және қорытынды жасауға үйренеді.
5. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.
6. Шығармашылық ізденіске талпынады.
Осының нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Қоғамның дарынды балаларға деген қажеттілігі білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің құрамдас бөлігін анықтауға арналған ғылыми педагогикалық еңбектердің ішінде А.Н.Лук қабілетті үш топқа бөледі: шығару, іздену және ойлап табу.
1. Оқушының кез келген іс-әрекетте жақсы нәтижеге жету мен белгілі бір қабілет түрін дамытуы үшін алдымен оның сол іс-әрекетке деген қызығушылығы және ынтасы болу керек.
2. Көңіл-күй – кез келген іс-әрекетті орындаудың негізгі көрсеткіші.
З. Кез келген іс-әрекетті ақыл-ой қабілеттері негізінде жүзеге асырамыз.
Педагогика ғылымы ешнәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп есептейді. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуға мақсатты түрде ықпал ететін – мектеп.
Қабілет адамды шығармашылық деңгейге көтереді. Ал шығармашылық дегеніміз - ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен ерекшеленеді.
Шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі - шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс-әрекетіне қадам жасаған сайын оқушының шығармашылығы арта түседі.