Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жамбыл  өмірі мен  шығармашылығы. -

Жамбыл өмірі мен шығармашылығы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1675 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы,
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досанов Алтынбек Алимжанович

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: айтыскер акын Жамбылдың өмірбаяны мен
шығармашылығын оқытуды оқушыларға жан-жақты білім беру
үшін ақынның туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін
танып білуді оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып,
іздендіре меңгерту.
2) дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін,
ауызекі сөйлеу қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру,әдебиетті сүюге баулу.
3) тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, әдебиетті, өнерді сүюге баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер
Сабақтың көрнекілігі:
Ақын портреті, ақын өмірі туралы буклет, ол туралы естеліктер, зерттеу мақалалары, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып, үй тапсырмасын сұраймын
ә) Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген Шәкәрім Құдайбердиевтің қазақ әдебиетінде алар орны туралы сұрап, мына сұрауларға жауап аламын.
а) Слайдтағы сұрақтар:
1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай ортада өсіп, кімнен үлгі алды?
2. Шәкәрім өлеңдері
3. Әндері
4. Поэмалары
5. Прозасы
6. Абай мен Шәкәрім шығармашылығының сабақтастығы
б) Шәкәрім шығармаларының кестесі Балалар, осымен Шәкәрім шығармаларын оқып аяқтадық, біз Шәкәрімді кім деп танимыз?
Шәкәрім Құдайбердиев – әрі лирик, әрі эпик ақын және прозанк, ол – композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол – терең ойшыл,сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет.
Ол – Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда – бірегейі.
Осымен Шәкәрім Құдайбердиев туралы сабағымызды аяқтаймыз.
Жаңа сабақ:
Ой шақыру:
а) Жамбыл туралы не білесіңдер?
ә)Төменгі сыныптарда қандай шығармаларымен таныс болдыңдар? Жүз жыл жырлаған жүрек Слайдтағы сұрауларға жауап аламын (ауызша) (Слайдтармен көрсетіледі) Сұрақ-жауап бөлімі бойынша Жамбылдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалынды. Интерактивті тақтадан “Жүз жыл жырлаған жүрек” атты тақырып көрсетіліп, астына сұрақтар жазылды. Оқушылар сұрақ бойынша жауап әзірледі.
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Жамбылдың ұстаздары және ақындық ортасы
3. Ақын жырлаған тақырыптар
4. Сатиралық өлеңдері
5. Жамбылдың айтыскерлігі
6. Құлмамбетпен айтысы
7. Отаншыл өлеңдері
8. Кеңестік дәуірдегі жырлары
9. Соғыс жылдарындағы өлеңдері
10. Дастандары

Жамбыл айтыстарында халық тарихын жақсы білетінін аңғартып, халық мүддесі, ел мүддесі атынан сөйлейді. Бұл айтысында Жетісу елінің бір жағынан қоқандық бектер, екінші жағынан қырғыздың манаптары, үшінші жағынан қалмақ алпауыттары жалаңдап құтын қашырған дәуірді елестетіп өтеді. Жамбылдың сансыз көп айтыстарының осындай сипаттары, тапқыр ой мен көркем тілі, ащы сатирасы оны
айтыстың жүлде бермес жүйрігіне айналдырды.
Жамбыл - ұзақ ғұмырында өмірдің ащы-тұщысын мол татқан халық университетінен өткен ақын. Ол туған халқы және көршілес елдердің бай ауыз әдебиетінен “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Мың бір түн”, “Фархад-Шырын”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, “Жүсіп-Зылиқа”, “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” сияқты жазба дастандарынан, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ақын – жыраулардың маржан-мұраларынан, жаңа заманның әдеби үлгілерінен сусындаған.
Хронологиялық кестемен жұмыс




жылдар



негізгі оқиғалар



шығармалары























Жамбылдың атын бұрынғы Одақтың барлық халықтары білетін. Оның шығармалары орыс тіліне аударылды. Шетелдің алдыңғы қатарлы прогресшіл адамдары Жамбылды үлкен жыршы деп таныды.
Дат жазушысы Мартин Андерсен Нексе: “Сіз өзіңіздің ұзақ өміріңізде көп, қызықты, ұлы істерді бастан кешірдіңіз. Сіз бақыттысыз, өйткені сіз мәдениеттің көшпелі өмірден өсіп жеткендігін көрдіңіз және сіздің жүрегіңізешбір қартаймайды, ер жігіттің жүрегіндей болып келеді” – деген болатын. Жамбылдың көптеген өлеңдері ағылшын, француз, испан, қытай тілдеріне аударылып таралды.
Жамбыл шығармашылығында айтыс қомақты орын алады. Жамбыл – айтыстың асқан шебері.Ол өз кезеңін көптеген атақты ақындарымен айтысып, бірде-бірінде жеңілмеген.Біз бүгінгі сабағымызды сатира, жыршы, жырау, айтыс туралы айттық. Сатира, жыршы, жырау, айтыс дегеніміз не? (ауызша жауап аламын)
Дәптерлеріне Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетінде алатын орны туралы ойтолғау жаздырамын.
“Жыр алыбы – Жамбыл”
Сабақты бекіту.
Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын шығармаларының толық жинақтары бірнеше рет басылып шыққан, ол туралы зерттеу кітаптары жазылған, кинофильмдер түсірілген. Жамбыл атымен облыс, елді мекендер, көшелер аталады. Ақынның туғанына жүз елу жыл толуын ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен күллі Қазақстан жұртшылығы, бүкіл дүние жүзі үлкен мереке ретінде атап өті.
Оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма:
1.Жамбыл Жабаев жөніндегі ақын-жазушылардың еңбектерін оқу.
2.Ақын өлеңдерін жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.