Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жамбыл Жабаев. «Өмір жыры» өлеңі -

Жамбыл Жабаев. «Өмір жыры» өлеңі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2546 | Размер: | Автор: гость
. Ыбырайым Гүлпадиша Нұрманқызы
Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Жамбыл Жабаев. «Өмір жыры» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:Жамбыл Жабаевтың өмірімен таныстыру, шығарманың мазмұнын игерту.
ә)дамытушылық:оқушылардың талдай,түсіне оқу,тақырыпты қорыта алу,пікір
білдіру дағдыларын қалыптастыру,рухани танымдарын кеңейту.
б) тәрбиелік:еліне, халқынақамқор бола білуге, қайырымды, әділ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың типі:жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақта қолданылатын технология: АКТ (ақпараттық-компьютерлік технология), СТО технологиясының элементтері – ойын дәлелді жеткізу, топтастыру, эссе, шығармашылық жұмыс элементтерін қолдану.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:аялдап мәнерлеп оқыту,әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру, сөздік, «Миға шабуыл», әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі:Жамбыл Жабаевтың портреті, интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін презентация, Жамбыл Жабаевтың жыр жинағы, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына шығарылған фото-альбом.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, өзін-өзі тану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. оқушылармен амандасу, түгендеу:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгін сыныпта кім кезекші? Кезекші, бүгін сыныпта кім жоқ?
2. сыныпты сабаққа әзірлеу:
- Қазір жамбылтану сабағы. Сабаққа барлықтарыңыз әзір болыңыздар.
ІІ. Жаңа сабақ:
1.Қызығушылығын ояту кезеңі. «Миға шабуыл» стратегиясы.
- Жамбыл Жабаев кім?(айтыскер ақын, жыршы әрі жырау)
- Қанша жасынан бастап өлең шығара бастады?
- Қашан және қай өңірде дүниеге келді?(1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы қазіргі Жамбыл ауданында, яки бұрынғы Мойынқұм ауданында Жамбыл тауының етегінде)
- Шығармашылығының басты арнасы не? (айтыс)
- Қандай шығармаларымен таныссыңдар? («Менің өмірім», «Шағым», «Әкеме», «Жаныс ақынға», «Кәмшат қыз», «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды», «Бесік жыры», «Балаларға», «Жаңа жыл», т.б.)
2.Мағынаны танукезеңі:
Жазушының өмірі туралы мәлімет бойынша топтастыру:

• Жамбыл жабаев 1846 жылы 28 ақпан – 1945 жылдың 22 маусым аралығында өмір сүрді.
• 99 жыл өмір сүрген.
• Ақын, жазушы, жыршы, жырау, айтыскер болған.
• Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
• «Көрұғлы», «Шаһмардан» сияқты қырғыз жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап жүретіндіктен, жыршы атанады.
• Жамбыл Айкүміспен, Құлманбетпен, Шашубаймен және Досмағанбет секілді атақты тұлғалармен айтысқан.
Сөздікпен жұмыс:
Тайпалмайды – тайсалмайды, мұнда: тоқтамайды
Ен дала– кең дала
Асанқайғы – Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)
Қақтан безген – шындықтан безген, яки шындыққа мойынсұнбаған
Көр – адам жерленетін орын
Зындан – абақты, түрме
Шота – ХІХ ғасырдағы грузин ақыны
Ұсап – ұқсап.
Өмір жыры

Өшпейді халық жыры, қартаймайды,
Өшед деп оны ешкім айта алмайды.
Халықтың жүрегінің түкпірінен
Төгілген күй – шын жорға, тайпалмайды.

Алтындай ел ішінде сақталынған,
Сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды.
Еске алсам, ертегідей ертеңі өткен,
Талай жан // жүрегінің жырын төккен.

Еңіреп ен даладан бақыт іздеп, –
Таба алмай, аңсап Асанқайғы да өткен.
Құландай қақтан безген Қорқыт қаңғып,
Кездеспей көрден басқа ол да кеткен.

Еске алсам аңсағанды ескідегі,
Ертеде қиял нені көксемеді!
Кілемге отырып ап, көк сайрандап,
Сұңқарша ұшуды да көксеп еді.

Ол кезде патша мен хан зынданының,
Тұншыққан жырды бар ма ед ескергені.
Есімде ескі ертегі аңыз қылған,
Ұлы өмір жыланына шағылдырған.

Үскірік есіп тағдыр қара желі,
Өкпемді қарып аяз қабындырған.
Жамбылдың жыр төгілген тілін байлап,
Үніне туған елін сағындырған.

Мен ұзақ өмір сүрдім, көпті көрдім,
Көргенді ойға түйдім, ойлай жүрдім.
Құзынан таудың биік шыңға өрлеген,
Есіттім жырын ақын Шота ердің.
***
Жортқан жолбарыстай ақын Шота,
Халқына тәтті жырын алып ұшқан.
Жайлаған жылан-шаян тау құлады,
Патша өлді, еркін ақты тау бұлағы.

Құйылған бұлақтайын халық жыры,
Маржандай таудан шашқан саңғырады.
Ақынның жүрегінен шыққан өлең,
Шарықтап ұшты, ұсап тау қыраны.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы шығарманы талдау:
1. Шығарма қалай басталады?
2. «Халықтың жүрегінен төгілген күй» деп нені айтады?
3. Ақын «халық жырын» қалай бағалайды? (алтындай ел ішінде сақталынған, сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды)
4. Асан Қайғы, Қорқыт туралы естулерің бар ма? Олар кімдер болған?
5. Автор неге олар туралы сөз қозғайды? Еліне, халқына қандай еңбегін сіңірген?
6. Жамбыл атамыз осы өлеңінде бізге нені жеткізгісі келді?
7. Жамбыл Жабаев бұл өлеңін неліктен «Өмір жыры» деп атады?

ІІІ.Сабақты бекіту. Ой толғаныс кезеңі.
Эссе:
1. Мен–Жамбыл атамның ұрпағымын.
2.Мен –елімді, халқымды қорғайтын азаматпын.

Үйге тапсырма:
1. Өлеңнің ұнаған кез-келген 3 шумағын жаттау.
2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.