Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жанұя-тәрбие бастауы. -

Жанұя-тәрбие бастауы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1120 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы

Тақырыбы: Жанұя-тәрбие бастауы.
Мақсаты: Ата-аналармен кездесіп,оладың бала тәрбиесі жөніндегі пікірлерін ортаға салу.Оқушыларды сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.Жұмыстармен тапсырмаларды ата-аналармен біріге отырып шешу. Ұлттық тәрбиені насихаттау.
Сыныбы: 5сынып
Түрі: Кездесу.
Көрнекілігі: Слайд, даналық сөздер. мақал-мәтелдер.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Кітапханашының кіріспе сөзі.
ІІІ. Жанұя-шағын мемлекет.
ІҮ.Ситуациялық жағдайлар.
Ү.Мақал-мәтел орталығы.
ҮІ. Қортынды.
ІІ. Кітапханашының кіріспе сөзі.
Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар.Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек.
ІІІ. Жанұя- шағын мемлекет.(ата-аналар өз пікірлерін білдірді)
Шайғалиева.Г: Ұлтымызда «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.Әр жанұяда ата-ананың орны бөлек.Бала әкеден – ақыл, анадан – мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысыс, тірегі. Ал ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Үбіғалиев.Қ: Ата-анаға баладан жақсы, жақын ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар, сол жақсы орынды айтылған. Сондықтан да қай ата-ана баласын жаман болсын демейді. Баласының қатардан кем болмай бірдей ішіп, бірдей жегенін қалайды. Баламыз кішкентай көзімізден таса болып немесе мектептен кешігіп келіп қалып жатырса, баламыз неге кешігіп қалды екен деп іздеп отырамыз. Балаларымызды үнемі бақылауға алып отырамыз.
Едишева.Р: Кез келген ата-ана баласына отбасында ақылын айтып отырады.
Сонымен қатар балаларының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, болашақ ұрпақты жалғайтын шаңырақ иесі. Ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Кімде болса үмітті ең бірінші ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген.
ІҮ. Ситуациялық жағдайлар.
1. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. Бүгін балаңыз сабаққа келмеді, бұдан бұрын да бірнеше рет келмей қалғанын айтты. Сіз балаңыздың мұндай қылығын білмейсіз. Енді не істейсіз?
2. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты балаңызды басқа мектепке ауыстырдыңыз. Балаңыз бұрынғыдай емес ашуланшақ, сабаққа белсенділігі төмендеп кетті. Бірнеше рет себебін сұрағанмен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?
3. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз. Ол ән тыңдап отырмын деп барудан бас тартады. Не істер едіңіз?
Ү. Мақал-мәтел орталығы.
1.Әке туралы мақал білесіздер ме? Айтып көріңіздер.
2. Мақалды жалғастыр. Отанды сүю.........
3. Мына мақалдың мағынасын ашып беріңіздер.
«Әке-алтын діңгек», «Отбасына қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі»
«Балалы үй базар», «Жақсы сөз жансүйсіндіреді, жаман сөз жан күйіндіреді»
Ата-аналар мақал-мәтелдерді айтып жалғасын тауып, мақалдардың мәнін
ашып айтып отырды.
ҮІ: Қортынды.
Мектеп кітапханасында өткізілген «Жанұя-тәрбие бастауы» тақырыбындағы кездесуге қатысып, өздерінің жанұядағы балалардың тәрбиесі жөнінде өз пікірлерін ортаға салған ата-аналарға алғыс айтамын. Болашақ ұрпақты сіздер мен біздер болып азамат етіп тәрбиелеуге жұмыстанайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.