.
.
Дүниетану. 2-сынып Жанауарлар қалай өсіп өнеді?
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1858 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: Жанауарлар қалай өсіп өнеді?
Сабақтың мақсаты:
1. Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жануарлардың негізгі топтарымен ( үй жануары, жабайы және сүтқоректілермен) таныстыру.
2. Жануарлардың құрлықта, суда, құрлықта да, суда да тіршілік ететіндігін, олардың әрқайсысының өз икемделген тіршілік ортасы барын аңғарту.
3. Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Жануарлар туралы слайдтар
Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Құстардың дыбысы
1. Оқушыларды үш топқа бөлу
1 топ – Жыртқыш құстар
2 топ – Жыл құстары
3 топ – Қыстап қалатын құстар
Топтастыру стратегиясы
Жыртқыш құстар – кезқұйрық, бүркіт, үкі, қыран, жапалақ
Жыл құстары – бұлбұл, бозторғай, көкек, қарлығаш, қоқиқаз
Қыстап қалатын құстар – сауысқан, қарға, көгершін, суықторғай, көкшымшық.
Ұя жасау үшін не қажет?
Қоқиқаз қалай ұя жасайды?
Ұя жасамайтын құс?
Құстар қандай топқа жатады?
Ұяның манына неге баруға болмайды?
Қосмекенділер
Аңдар Жорғалаушылар
Жануарлар
Балықтар тобы Құстар
II . Жаңа сабақ
Әр топқа тапсырма беру
1 топ – аю, кірпі
2 топ – бұлан, қоян
3 топ – бақа, жылан
Әр топ осы жануарлар туралы білетінің айту
Өзім әр аң туралы айту.
Аю. Салмағы 700-1000 кг, ұзындығы 2,5 метр, 50 жылдай өмір сүреді. Аюдың әдетте екі баласы болады. Олар қыста дүниеге келеді. Қонжықтарының салмағы жарты кг.
Кірпі. 30 см, тұрқы, инелері 16000, ұзындығы 2-4 см, жуандығы 1 мм. Кірпі баласының салмағы 12-25 грамм, көзі 2 аптадан кейін ашылады. Кірпі баласы – кірпішешен.
Бұлан. Бұлан бұғы тұқымдасына жатады. Мүк пен қына жейді. Шанаға жеккен қос бұғы 100 кг. Жүк тартып 10 км жылдамдықпен жұре алады.
Қоян. Қоян өте өсімтал. Ол жылына 2 – 4 рет көжектейді. Қоянның сүті өте нәрлі. Ол сиырдың сүтінен 6 есе майлы.Сондықтан көжек 3-4 күн бойы ашықпайды. Одан кейін қыбырлап дыбыс береді.
Бақа. Бақа суды өз денесіндегі терісімен ішеді. Суға еніп, терісі сіңіреді. Көктемде уылдырық шашады. Уылдырықтан шөмшібалықтар шығады. Үлкейгенде желбезектері жойылып, құйрығы түсіп қалады.
Жылан. Жылан жұмыртқа туады, одан жыланшалар шығады. Жылан ысылдауы «мен мындамын» дегені. Жылан терісінен сумка, белдік, уынан дәрі жасайды.
III.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп тізбектеп оқу. Сұрақтармен жұмыс.
IV.Дәптермен жұмыс.
Жануарлардың төлдерін табу.
V.Семантикалық карта
Жануарлар Көжек Кірпішешен Бұзауқа Қонжық Жыланша Шөміш балық
Аю +
Кірпі +
Бұлан +
Бақа +
Қоян +
Жылан +
VI. Бес жол өлең
Әр топ өз тобындағы жануарға бес жол өлең құрастырады
1 топ – аю, кірпі
2 топ – бұлан, қоян
3 топ – бақа, жылан
VII.Қортындылау. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.