.
.
Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1788 | Размер: | Автор: гостьБастауыш сынып мұғалімі Әкімбек Динара Мұратбекқызы
Пәні: дүниетану Күні:27.02.15 Сыныбы: 2 «Ж»
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жануарлар әлемінің алуан түрлілігімен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер: Тапсырмаларды орындау арқылы өз бетінше қорытындышығарады;
Өзгені тыңдап, өзінше жауап беруге үйренеді;
Бір-бірінің қатесін тексеру арқылы жауаперкершілікті сезінуге үйренеді.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, қорытындылау,ойындар.
Көрнекілігі: Слайд,плакат,үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
2. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі (6мин)
3. Мақсат қою кезеңі
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (10 мин)
5. Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі (6 мин)
6. Бекіту кезеңі (14+5мин)
7. Үйге тапсырма беру,бағалау кезеңі (2 мин)
Сабақ кезеңдері уақыт Мұғалім әрекеті: Оқушы әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі 2мин Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа керек құралдарын даярлату Оқушылар сабаққа назарларын аударады.
(Көңіл-күй көтеру).
Қайырлы күн болсын.
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын! (1слайд)
Топқа бөліну: Топ басшыларды сайлау, бағалау парағын беру.
1. Шөпқоректілер
2. Жыртқыштар
3. Талғаусыз қоректілер
4. Үй жануарлары
Суреттер оқушыларға таратылады.
Оқушылар қарайды,тыңдайды,қайталайды.
Суреттерді таңдайды. Сәйкесінше топтарына отырады.
Топ басшыларын сайлайды.
Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
6 мин (2слайд)
Өсімдіктің өсіп – өнуі үшін не қажет?
Бөлме өсімдіктері адамға қандай пайда әкеледі?
Қазтамақ жапырақтары қандай ауруларды емдеуге қолданылады?
... - өсімдіктің жер асты бөлігі. Әр оқушы жеке-жеке сұрақтарға жауап береді.
Мақсат қою кезеңі
Оқушыларға жануарлардың түрлерін алуан екенің таныту.
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
10 мин Топпен жұмыс. Оқушылар жұптасып үй жануарлары мен жабайы жануарларды тізбектеп жазады.
Слайд
Жақсы балалар! Орындап болсақ мәтінмен жұмысжасаймыз.
Әр топтан бір – екі оқушыдан абзац бойынша оқып шығады.
Слайд
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.
Дұрыстығын жұппен жұмыс барысында тексереді.
Мәтінді оқиды, талдайды, бір-біріне сұрақтар қояды.
Жаңа материалды түсінгендерін зерттеу кезеңі 6 мин Топпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтың 70 беттегі сұлба бойынша жануарларды анықтап табады.
Әр топ өз аттарындағы жануарларды тауып жазады. Оқушылар жазғандарын қорғайды.
Сергіту сәті 2 мин Сергіту сәті Оқушылар тыңдайды,көреді,қайталайды.
Бекіту кезеңі
14 мин
5 мин
Дәптермен жұмыс
Слайд
«Дұрыс және бұрыс емес пайымдау» ойыны.
Оқушылардың қолына белгі карточкалары беріледі: Қызыл – «жоқ», жасыл – «болады», сары – « білмеймін».
- Ерекше жануар. Тұмсығы етті, кеңсірігі дөңес, танауы салбыраған жұмсақ болып келеді. Бұл – ақбөкен. (Дұрыс).
- Далалы және таулы жерлерде тіршілік етеді. Іннен шыққан күйі артқы аяғымен шоқиып тұрып, жан-жағында қауіптің бар – жоғын байқайды. Бұл-қасқыр. (жоқ)
- Ең ірі мысық тұқымдас жабайы аң. Биік тау басында тіршілік етеді. Бұл – аю (жоқ)
Топпен жұмыс:
Әр топқа екі-үш жұмбақтар беріледі. Сол жұмбақтардың жауабын кестеге толтырады.
Шөпқоректілер Жыртқыштар Талғаусыз қоректілер
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсiп тұр бiр басында. (Бұғы)
Үстi толы ине,
Бiрақта, iс тiгiп,
Қадамайды түйме. (Кiрпi)
Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін (Аю)
Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын,табыңдар. (арыстан)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (мысық)
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
Асты тас, үсті тас
Ортасында жанды бас.(тасбақа)
Дәптерге жазады,дұрысты
ғын тақтамен тексереді.
Оқушылар дұрыс жауап болса жасыл, бұрыс болса қызыл, білмесе сары түстерді көтереді.
Жұмбақтардың жауабын айып, жануарлардың қандай түріне жататынын анықтайды.
Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі 2 мин өздеріне ұнаған бір жануарды зерттеп келеді
Үй тапсырмасынан түсінбегенін сұрайды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.