Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жануарлардың тіршілігі. -

Жануарлардың тіршілігі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1160 | Размер: | Автор: гость
. Ниязбекова Баян,
«Үлгілі» жалпы орта мектебінің биологиядан қосымша білім беру педагогы
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілігі.

Сабақтығ мақсаты:
а) оқушылардың сабақта алған білімдерін қорытындылау, топтағы оқушылар арасынан алғыр, білімді оқушыны анықтау. Тапсырмаларды орындау барысында ұжымдастыққа , бірлікке , жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Пән аралық байланыс: әдебиет, география, тарих.
Көрнекілік: алтын сандықша,
биологиялық диктант, кеспе қағаздар, мультимедиялық тақта,
электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а )оқушылармен сәлемдесу
ә )оқушыларды түгелдеу
б )сынып тазалығын тексеру

1. кезең
Үй жұмысын сұрау.
Оқушыларды топқа бөлу.
1 .топ«Тамыр»
2. топ«Сабақ»
3. топ «Жапырақ»
4. топ «Жеміс» - деп бөліп әр топ өздерінің әзірлеп келген қосымша материалдарын баяндайды.

2. кезең
«Алтын сағатша» деп аталады

«Алтын сағатша ашылды , Ішінен сұрақ шашылды»- деп

ішінен оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Үй жұмысын пысықтау үшін мына өлеңмен аяқтайын

Жасыл желек- жердің сәні саялы ,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды

Мейіріммен жылуын арна жүректің,

Соған қоса алақан керек аялы.

3. Жаңа сабақты баяндау.
Зоология- жануарлар әлемі,

Осы емеспе адамзатқа керегі.

Жан- жануар барлығында білесің,

Бізге көп қой бұл саланың берері

«Сын тұрғысынан ойлау» техналогиясынан пайдаландым.

1. Қызығуды ояту кезеңі.

Бұл кезеңде оқушылар жұмбақтарды шеше отырып ,сабақтардың тақырыбын табады. Жануарлар туралы жұмбақ айтылады.
2. Ой шақыру кезеңі.

Оқушылар «жануарлар» жайлы ойларын дәптерге жазады.

Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасы

Жаңа сабақты пысықтау. «Жануарлар» сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақты пысықтадым.
Бағалау.
Үйге тапсырма : Оқушылар жануарлар туралы мақал- мәтелдер, аңыз әңгімелер туралы дәптерлеріңе жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.