.
.
«Математика ойын әлемінде» "Жас математиктер !" интеллектуалдық ойын-сайысы.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1799 | Размер: | Автор: гость«Халық пен халықты, адам мен адамды
теңестіретін нәрсе — білім»
М.Әуезов
5- сыныптар арасында "Жас математиктер !"
интеллектуалдық ойын-сайысы.
Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруда логикалық есептердің маңызын ашу;
Дамытушылық: Математикалық ізденістерінің шыңдай түсуіне, мәселеден шыға білудің, шешімін табудың жолдарын анықтау
Тәрбиелік: Есеп шығарудың тиімді тәсілдерін ұқыпты пайдалана білуге үйрету;
Көрнекілік: интерактивті тақта , плакаттар, ұпайы жазылған парақшалар, таратпа материалдар, тапсырмалар.
Сайыстың барысы:
Сұрақ бізден, жауап сізден...
Есеп білген - өсер...
Математикалық жұмбақтар
Математикалық эстафета
Көңілді көбейту
Сайыскерлерді сынып бойынша 3 –ке бөліп, әр сынып өз топ басшысын сайлап алады. Топ басшысы топ құрамындағы оқушылардың аты-жөні айтып шығады.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Сайыс бар ма қазыларсыз, ағасыз,
Оның әрбір сөздеріне нанарсыз.
Ел сенімін ақтай білер төрдегі,
Ұстаздардан әділдікті табарсыз
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп келесі сайысымыз
бөлімі бойынша «Сұрақ бізден, жауап сізден...»
5 а- сыныбына қойылады.
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
Жауабы: үш
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
3. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді?
Жауабы: 9 есе
4. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
Жауабы: шырпы
5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары
2-5б сыныбына қойылады.
1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет
2. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса,
бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
3. Жылдын қай айы 29 бен аяқталады?
Жауабы: Жылдың барлық айында
4. Ең үлкен үш таңбалы сан қандай сан?
Жауабы: 999
5. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше
адам жүр?
Жауабы: үшеу
Келесі сұрақтар қалған 5 в –сыныбына қойылады.
1. Жылына күн неше рет шығады?
Жауабы: 365 немесе 364 рет шығады
2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?
Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
3. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?
Жауабы: екі сағат
4. Теңізде қандай тастар болмайды?
Жауабы: кебу тастар болмайды
5. Ең кіші үш таңбалы сан?
Жауабы: 100
Жүргізуші:
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді
Әр топқа 6 есеп жазылған парақ таратылады (Әр топтың мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығару керек. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі)
1-топқа
1) 33696 : 648 =
2) 12792 : 492 =
3) 160752 : 408 =
4) 4096 :512 =
5) 88320 : 192 =
6) 9120 : 760 =
2 – топқа
1) 209160 : 249 =
2) 18304 : 704 =
3) 1145814 : 437 =
4) 352659 : 437 =
5) 177132 : 509 =
6) 1488 : 248 =
3- топқа
1) 5742 : 638 =
2) 279222 : 346 =
3) 7420 :530 =
4) 223344 : 376 =
5) 8588 : 452 =
6) 497952 : 684 =
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Математикалық жұмбақтар» сайысына береміз: (Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі)
1-жұмбақ:
«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
2-жұмбақ:
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
3-жұмбақ:
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
4-жұмбақ:
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
5-жұмбақ:
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
6-жұмбақ:
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
«Математикалық эстафета» сайысына кезек береміз. Бұл жерде тақтаға
плакатқа жазылаған сандар ілінеді сол сандарды бағандап қосу қажет.
+ 789456 2) + 325641 3)+ 245653
214687 589789 675948
«Көңілді көбейту» әр топтан бір –бір оқушыдан шығып олардың көздерін байлап тақтаға бағандап көбейтуге екі орынды сандар беріп, сол сандарды қалай көбейте алатынын сынау
Жалпы ұпай сандарын есептеп, женген команда әшәндегі белсенді де, әрі дұрыс жауап беріп отырған оқушыларды мақтау қағазымен марапаттаймыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы
Шұбар елді мекені
«Шұбар» жалпы орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесі
" Математикалық сайыс"
интеллектуалдық ойын-сайысы.
(5- сыныптар аралығында)
Математика пән мұғалімдері: Бекпейсова А.С.
2015- 2016 оқу жылы
,
Бағалау парақшасы 5 а - сыныбы
№ Оқушының аты-жөні Сұрақ бізден, жауап сізден...
Есеп білген - өсер...
Матема
тикалық жұмбақтар Матема
тикалық эстафета
Көңілді көбейту Қорытынды баға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
5 б - сыныбы
№ Оқушының аты-жөні Сұрақ бізден, жауап сізден...
Есеп білген - өсер...
Матема
тикалық жұмбақтар Матема
тикалық эстафета
Көңілді көбейту Қорытынды баға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
5 в - сыныбы
№ Оқушының аты-жөні Сұрақ бізден, жауап сізден...
Есеп білген - өсер...
Матема
тикалық жұмбақтар Матема
тикалық эстафета
Көңілді көбейту Қорытынды баға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
1-топқа
1) 33696 : 648 =
2) 12792 : 492 =
3) 160752 : 408 =
4) 4096 :512 =
5) 88320 : 192 =
6) 9120 : 760 =
2 – топқа
1) 209160 : 249 =
2) 18304 : 704 =
3) 1145814 : 437 =
4) 352659 : 437 =
5) 177132 : 509 =
6) 1488 : 248 =
3- топқа
1) 5742 : 638 =
2) 279222 : 346 =
3) 223344 : 376 =
4) 8588 : 452 =
5) 497952 : 684 =
6) 497952 : 684 =
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.