Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ! -

ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1543 | Размер: | Автор: гость
. АТЫРАУ ҚАЛАСЫ, ҮШ ТІЛДЕ ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №30 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ СУЛЕЙМЕНОВА АҚТОТЫ ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ

Тақырыбы: «ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!»
Кештің мақсаты: Оқушыларға әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіндіру.Оқушыларға өлең оқытып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.
Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.
I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған
«ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!»-атты көркем сөз сайысын ашық деп жариялаймыз!
(Әнұран)
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным,-дей отырып әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде 5-11 сыныптар арасында көркем сөз сайысы ұйымдастырылып отыр.
І – жүргізуші:
Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырайық:
5"ә"-сынып оқушылары
1.Жауғаштиева Әсем
2.Жауынбаева Әсем
3.Габбасова Камила
6"а"-сынып оқушылары
1.Здығалы Бекжан 2.Жаңабай Нұрсұлтан 3.Оңғарсынова Аружан 4.Ихуанова Асель 5.Жұмабаев Парасат 6.Бақыт Жәнібек
6"б"-сынып оқушылары
1. Нығметиярова Жасмин 2.Түгелбай Зарина 3.Қуаншалиев Ислам
4.Кенжегарина Гүлнұр 5. Сарсенғали Нұрсұлтан 6.Мұқанова Гүлім
6"б" -сынып оқушысы Нығметиярова Жасминнің орындауында
"Туған жер"өлеңін қабыл алыңыздар.
7"а"-сынып оқушылары
1.Елтайқызы Аэлита
7"б"-сынып оқушылары 1.Бектасова Асем 2.Мамбеталі Перизат
3.Сакина Нұрсұлу 4.Қайырбек Гүлназ
6"б" - сынып оқушысы Түгелбай Заринаның орындауындағы "Аққу" би өнерін қабыл алыңыздар.
9"ә"-сынып оқушылары
1.Мәденият Аманбек
10"а"-сынып оқушылары
1.Бердіқұлова Гүлнұр
10"б"-сынып оқушылары
1.Сүндетқали Нұрзия
11"е"-сынып оқушылары 1.Қайырова Жұлдыз
Сайыскерлерімізбен танысып бола келсек,сайыскерлерге әділ баға беретін әділ-қазы алқасын тағайындап алайық.
Әділ -қазы мүшелері:
1. 2. 3.
І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
І – жүргізуші:
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
ІІ – жүргізуші:
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңын білмейтін адам кемде кем.
І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
6-сынып оқушысы
ІІ – жүргізуші:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді.
...Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл...
Сахналық көрініс:
І оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендерде болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден ғана естідім.
Төле би:
Жасыма!
Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
ІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса, бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім.
Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің де күнім туды ғой деп қуанушы едім. Молдалардың тілмаштардың қол жаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едім. Оның үстіне қазақ тілі – мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ не керегі бар, босқа қуанған екенмін...
Қазыбек би:
Налыма!
Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
ІІІ оқушы: (сахна сыртынан дауыс)
Жанның бәрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып, кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі де мен аямады.
Әйтеке би:
Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
І-жүргізуші:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
6-сынып оқушысы

ІІ– жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
ІІ– жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
6-сынып оқушысы
І-жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
6-сынып оқушысы
ІІ– жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
І – жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
6-сынып оқушысы
ІІ– жүргізуші:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
І – жүргізуші:
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері қаншама.
6-сынып оқушысы
ІІ – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
І – жүргізуші:
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
-сынып оқушысы
ІІ – жүргізуші:
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
І – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!

6-сынып оқушысы Жасмин орындауындағы
Бота Бейсенованың әні "Туған жер"
ІІ – жүргізуші:
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
6-сынып оқушысы
І-жүргізуші:
Жанымды жадыратқан бала тілім,
Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,
Жаралып жермен бірге, күн көзімен,
Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.
6-сынып оқушысы
ІІ-жүргізуші:
Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,
Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.
Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,
Жер-жерге баға берген сынды тілім.
6-сынып оқушысы
І-жүргізуші:
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.
6-сынып оқушысы
ІІ – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
6-сынып оқушысы
І– жүргізуші:
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
6-сынып оқушысы
ІІ-жүргізуші:
Ана тілім – бала шағым өркенім,
Ана тілім – болашағым, ертеңім,
Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,
Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.
6-сынып оқушысы
І-жүргізуші:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным -дей келе бүгінгі сайыс кешіміз өз мәресіне жетті.Ендігі кезек оқушылардың деңгейін бағалау сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
ІІ-жүргізуші:
Әділ-қазылар шешімдерін айтқанша 6-сынып оқушыларының көрінісін тамашалайық. Көрініс
"Қожанасыр және есек "
Баяғыда Хан Қожанасырды шақырып алып – Саған мың діллә берем , мына есекке он жылда тіл үйрет , – депті. – Айтқаныңызға құлдық – деп , Қожа бір қап ділдәні арқалап , есекті жетектеп келе жатса кемпірі алдынан шығып: – Ей , алжыған ! Қай заманнан көрдің есектің тіл үйренгенін- депті . Сонда Қожанасыр:- – Саспа , кемпір ! Он жылда не есек өлер , не мен өлем, не хан өліп бір жөні болар – депті жарықтық
Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.
І-жүргізуші:
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңіздер.
ІІ– жүргізуші:
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін! -дей келе кешке қатысқан сайыскерлерімізге және де кеш қонақтарына рахмет айта отырып, «ЖАСАЙ БЕР, АНА ТІЛІМ – ҚАЗАҚ ТІЛІ!» -атты салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.