Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Желтоқсанның ызғары-ай.. -

Желтоқсанның ызғары-ай..

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1351 | Размер: | Автор: гость
. Екібастұз қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 Абай атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Бақтыгүл Далабайқызы

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы. «Желтоқсанның ызғары-ай...»
Мақсаты: Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, ел тәуелсіздігі үшін жанын қиған қазақтың ұл-қыздары жөнінде мәлімет бере отырып, еліміздің , халқымыздың бағына қонған тәуелсіздікті бағалауға тәрбиелеу, тәуелсіздіктің бағасын білуге шақыру.

1-жүргізуші:
1986 жылы 16 желтоқсанда Республика Орталық комитетінің 5-пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда Қазақстан республикасын 25 жыл басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың орнына Геннадий Васильевич Колбин тағайындалды. Бұған 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: "Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді, көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
2-жүргізуші:
Бір кезде өрт сөндіретін қызыл машиналар көрінді. 20 шақты машина жастардың үстіне суды жаңбырдай боратты. Милиционерлер шерудің алдыңғы сапында жүрген жастарды алып кетіп жатты. Қақтығыс басталып, опыр-топырға ұласты. Алаң қанды сойқанға айналды. Қарулы күш қарусыз адамдарды құмарлана ұрып-соғып, бас жарып, көз шығарып, шаштан жұлып, аяқтан сүйреп, өлер халге жеткізіп мертіктірді. Қараңғы түскеннен кейін ығыстыру операциясы басталды. Сойыл, арсылдаған иттерді пайдаланды. Тарихта «құйын» операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен Алматы көшелері қаңырап бос қалды.
Көрініс «Қайраттың өлім жазасына кесілуі»
Зарина (автор):
Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі №21 камераға қамалды
(Қайратты тергеуге әкеледі, қолы артында)
Қайрат
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұшырдың
Балағаттайсың мені бір түйінін түсіндім
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім

Тергеуші
Түкірдім мен жырларыңа
Ит, не деген өткір едің
Ине сұқтым тырнағыңа
Өлердей ғып тепкіледім
Алдап, арбау тәсілімен
Мойындата алмадым
Қайрат: Мойындата алмайсың
Тергеуші:
Байқа, 87 бұл бүлігі көп,
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең
Савицкийді өлтірдің алаңда сен
Қайрат:
Бітер екен осы бір кеңес қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан
Сенбесеңіз құдай мен достар куә.
Тергеуші:
Босқа шулап бүркіт болмас он мың қарға
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма?
Бәрібір іске аспады амалдарың
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз
Паспортыңды атуға даярлаймыз!
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар Қайрат деген атым бар
21-де жасым бар Қазақ деген затым бар
Бозторғайдай жаным бар Еркек тоқты құрбандық
Алам десең алыңдар Атам десең атыңдар
Жүргізуші.
Түрмеде Қайрат өзін-өзі өлтірді деген жорамал тарайды. Негізінде Қайраттың өліміне К.Власенко деген азамат кінәлі. Ол осы камераға бір күн бұрын әкелінген. Бұдан бұрын ол алты адам өлтірген. Власенконы Қайратпен бір камераға әдейі отырғызған. Қайрат 1988 жылы 21 мамырда өлтірілді. Сөйтіп жарық дүниемен қоштасты.
1990 жылы 24 қыркүйекте Қазақ КСР жоғарғы Кеңесі Президиумы арнайы комиссия құрды. Оның төрағасы М.Шаханов болды. Алматыдағы желтоқсан оқиғасына түпкілікті баға беру туралы қаулысында жастардың бой көрсетуі заңға қайшы сипатта болмағандығын атап өтті. М.Шаханов «Сенім патшалығы» атты кітап жазды.
1-оқушы
Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген
Біз қазақпыз қастерлер баба салтын
Аман бол, айналайын, дана халқым
Күн туса атқа қонам бір сен үшін
Міне жаным, міне қаным, міне антым
2-оқушы
Әр дауырдың еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның
3-оқушы
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың
Нашақор деп, маскүнем деп айыпталды ұланым
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!
Айналайын, айналайын жас Қайратым, қыраным?!
4-оқушы
Кетпес мәңгі көңілден
Қырдың гүлі қырмызы
Ағып түскен көгімнен
Желтоқсанның жұлдызы
Ләззат пенен Сәбира
Атыңды айтар кәрі жас
Арын темірқазық қып
Зұлымдыққа жаны қас
Адалдық пен нәзіктік
Ләззат пенен Сәбира
Желтоқсанның бораны
Желтоқсанның қар-мұзы
Ұмытылған жоқ әлі
Жалпы жұрттың жалғызы
Ләззат пенен Сәбира
5-оқушы
Шығар шақта қайраңнан
Атқа қону - ар ісі
Қайран елдің қайраңнан
Қасиетті намысы
Булықтың да бұлқындың
Қара ормандай жұртымның
Қайсар туған қыздары
Ләззат пенен Сәбира
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
Елім-ай деп егілген
Халқымның ұл-қыздары-ай
6-оқушы
Көтерілді жастарымыз алаңға
Көтерілді студент қыз, балаң да
Қан төгілді намысы үшін қазақтың
Ерліктері жайылды кең алаңға
Қаһарманын ұмытпайды халықтар
Ерлігіне тағзым етем қашан да
Тәуелсіздік алып берген алыптар!

Аружан:
Әр дауырдың еркіне сай нарқы өзгерген алтынның
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың
Нашақор деп, маскүнем деп айыпталды ұланым
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!
Айналайын, айналайын жас Қайратым, қыраным?!
Жүргізуші:Аделина
Сол бір қаһарлы желтоқсан күндерінен бері талай жылдар өтті. Қазақстан халықтарының өмірінде, яғни мемлекетімізде айтулы өзгерістер болды.
Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шомылмай жылына ма
Сүй отанды, шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал ойына қырына да,- деп Мұқағали жырлағандай Тәуелсіз Қазақстанның, жасампаз елдің бақытты бөбектерін қарсы алайық!
Хор. «Гүлжазира Қазақстан»
Асқар тауым, шалқар көлім, өзенім
Бәрінен де махаббатты сеземін.
Кең даламда еркін жүріп мақтанам,
Бұл менің сәулетті өз елім!
Алатауым айсәулелі Астанам
осы жерден басталады асқақ ән.
Ғарышқа Байқоңырдың төрінен
Батырлар сапарын бастаған.
Гүлжазира бау-бақшалы елімді
Мекендеген менің байтақ жерімді.
Барлық адам жасап жатыр сәулетті
Бақытты, көрікті өмірді.

Соңы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.