Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ-НҰРЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ -

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ-НҰРЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3388 | Размер: | Автор: гость
. ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ-НҰРЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

24 ақпан күні «Байқоңыр «Космос» колледжі» білім мекемесінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Елбасының жолдауын іске асыру мақсатында «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ – НҰРЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты дөңгелек стол болып өтті. Дөңгелек столға «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының қызметкері Д.У.Азербаева, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Б.Карибаев, ҚР Байқоңыр қалалық прокуратурасының прокуроры С.С.Ғанибек және колледж студенттері мен қызметкерлері қатысты.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен еліміз Тәуелсіздік жылдарында ешбір қиындыққа мойымай әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды.Бұл еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, жалпы қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты.
Бүгінде күллі әлем жаһандық әлем дағдарыспен бетпе-бет келіп отырған сәтте, Ұлт басшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.Онда еліміздің биік мақсаттары мен міндеттері айқындалып, яғни «Мәңгілік ел» идеасы негізінде алға қарышты қадамдарды жасайтынымыз белгілі болды. Міне, осы жолда, еліміздің дамып, көркеюіне бағытталған қандай да бір істің жүзеге асырылуына басты кедергі болатын қоғамдық дерт – сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюымыз қажет. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімділігіне сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер болып саналады.». Міне, сондықтан біз, жастардың бойында жемқорлық әрекеттерге төсімсіздік қасиеттерді қалыптастыру, жас ұрпақтың бойын жемқорлық қасиеттерден аулақ ұстау жұмыстарын өрістетуге тиіспіз.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты-оның алды алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деді.
Жастарды жемқорлықсыз білімге талпынып, саяси, сауатты, салауатты, халқымыздың қалаулы азаматтары мен азаматшалары болып өсуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Н.К.Алимбаева
Байқоңыр «Космос» колледжі
директорының тәрбие орынбасары
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.