Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әжемізде қонақта -

Әжемізде қонақта

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1987 | Размер: | Автор: гость
. Атырау қаласы
№3 Қарлығаш балабақшасының
Музыка жетекшісі:
Исмуратова Женис
Санаты: 2

Технологиялық карта І-ші кіші сәбилер тобына арналған

Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу ісі-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Әжемізде қонақта»
Мақсаты: әнді тыңдауға және әуенге жеңіл қозғалуға,шеңбер бойымен тұруға,жүруге
Дағдыландыру,жануарларға деген қызығушылық,қамқорлық сезімін ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әженің үйінің көрінісі,ойыншық күшік,лақ,мысық,
қозы,күшіктің үйшігі.
Сөздік: күшік,мысық,лақ,қозы,құлыншақ.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық


-Құлыншаққа «мініп»,тез жетейік,-деп ұсынып,
«Құлыншақ»әнінің ырғағымен құлыншақ жүрісін салып,
«жолға шығады».Ән аяқталғанда тоқтап, «әженің үйіне
келгендерін» айтады. Әже-педагог балаларды қарсы
алады.Әженің «үй жануарлары»-ойыншықтарды (мысық,күшік,лақ,қозы)көрсетіп,атын айтып,дыбыстарын салып берулерін сұрайды.

Көңілді әуенмен қуанып,
«құлыншақша»шауып,шеңбер
бойымен жүгіреді.
Ән аяқталғанда тоқтайды.
Әженің үйіне келіп,амандасады.

Балалар жануарлары атап айтып,
дыбыстарын салып,көңілденеді.

Ұйымдастырушылық –
ізденістік «Күшігім» әні орындалады(муз.М.Ерімбетов,сөзі Т.Исалиев) .Музыка жетекшісі;
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып,керіліп,
Беті-қолын жуады,- деп өленді айтып,
қимылмен көрсетуді сұрайды.
«Лағым» Д.Ботбаев.с.ж.А.Асылбек)

«Анасын тап» дидактикалық ойыны ұсынылады.
Берілген суреттегі жануарлардың төлін тауып; көрсетулерін қадағалайды. Әнді қосылып айтуға тырысады.Ән мәтініне сәйкес қимылдарды көрсетеді.Мысық-
тың іс-әрекеттерін,қимылын
көңілдене көрсетеді.
Балалар әнді нақышына келтіре
айтуға тырысады. Әуенге ілесе
мәтінге сәйкес лақтың қимылын
көрсетеді.

Балалар ойынды шаттана қабылдайды,төлдерді өз енесіне
«тауып беруге» тырысады.

Рефлексиялық - түзетушілік Кәне,төлдермен қоштасайық,-деп балаларға ойыншықтарды ұстап;сипап көруге мүмкіндік береді.
Әже балаларға алғыс айтып,шығарып салады.Жақсы,
белсене араласқан балаларды мақтау,мадақтау. Төлдерді ұстап көріп,сипап,
қуанады.
әжеге рахмет айтып,қоштасып,
Көңілді әуенмен шығады.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: қол ұстасып жүру,әуенге ілесе жүру,көрсетілген қимылдарды қайталау,әннің жеке
сөздерін қайталау.
Игереді: әже туралы біліп,төлдерді еске түсірді.
Меңгереді:төлдердің дауыстарын салады,шақыра біледі,бірге қуана ойнайды,шеңбермен
жүруді,ән мәтініне сай қимылдауды біледі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.