Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы. -

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2524 | Размер: | Автор: гость
. 5-сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы
Шұбарсу жалпы орта
мектебінің география пәнінің мүғалімі
Г.Шерубаева
Сертификат
Сабақтың тақырыбы: «Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы.» (көшіріп алу)

Пәні: Жаратылыстану
Сыныбы: 5 «г»
Мерзімі: 14.10.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: §6 Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жердің пайда болуы,пішіні, өлшемі,қозғалысы туралы оқушыларға түсіндіру
Дамытушылық: Дүние жүзінің картасымен глобустың көмегімен оқушыларға Жердің пішінін,көлемін таныстырып, ой-өрісін дамыту
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге қарым- қатынас жасауды үйрету, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап ,әңгіме-дәріс.
Сабақтың көрнекілігі: слайттар,карта, глобус, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) топтастыру, Эратосфен және Колумб.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы тексеру.
Плакатта жұлдызшалардың ішінде сұрақтар берілген, екі топтан оқушылар тақтаға
шығып, үйге берілген тапсырмаға жұлдызшаларда берілген сұрақтарға жауап
береді.



1.Қай жылы бірінші рет Жердің жасанды серігі ұшырылды?
(1957ж. 4 қазан.)
2.Алғашқы ғарышқа ұшқан ғарышкер кім?
(1961ж, 12 сәуір Ю.А. Гагарин. «Восток» атты кемемен Жерді айнала ұшып ,
алғаш рет Жерді ғарыштан көрді. Ұшу уақыты 1 сағ. 48 мин.)
3. Айға қай кезде және кімдер бірінші болып қонды?
(1969 жылы 21 шілдеде Нил Армстронг және Эдвин Олдрин бірінші болып Ай
бетіндегі «Спокоиствие» теңізіне арнайы Айда жүретін кішігірім кемемен
қонып, Айдың топырағын, тасын зерттеу мақсатында өздерімен бірге алып
келді.)
4.Қазақстанда ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?
(Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы ұшты.)
1. Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?
(Т. Мұсабаев ғарышта 3рет болды. 1994 жылы ғарыш кеңістігінде 126 тәулік
болды.
1998 жылы ұшу уақыты 207 тәулікке созылды. 2001 жылы алғашқы
ғарыштық туристі алып ұшты.)
2. Скафандр дегеніміз не?
( Скафандр ғарышкерлердің арнайы әзірленіп тігілген киімі.Ай бетіне қону
үшін скафандрдың жұмсақ түрі жасалған,ол әртүрлі төзімді материалдардан 17
қабатынан тұрады. Ай скафандрының салмағы жерде 90 кг – ға тең)
3. Алғашқы үлкейткіш дүрбіні кім ойлап тапты?
( 1609 жылы Галилео Галилей ойлап шығарды.)
4. Тұңғыш ғарышқа ұшқан әйел кім?
( 1963 жылы 16 маусымда бірінші рет ғарышқа В.Терешкова ұшты.)
ІІІ. Тұлғаны танып білу әдісі .
Оқушылар суреттегі тұлғалардың аттарын атап береді.
1. Ю.А. Гагарин 4. Т Әубәкіров
2. В. Терешкова 5. Т. Мұсабаев
3. Нил Армстронг 6. Галилео Галилей
Іv. Сергіту сәті .
Оқушылар сергіту сәтінде дөңгелек шар тәрізді тұрып, қол ұстасып өз армандарын айтады.
v. Жаңа сабақ
Жер туралы мәлімет.
Жер шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын пайда болған. Жер дегеніміз Күн
жүйесіне кіретін 8 планетаның бірі.Сегіз планетаның ішінде Жерде ғана тіршілік
бар. Жер - қатты, сұйық заттармен газдардан тұратын алып шар. Жер Күнге
жақын 3 – ші ғаламшар.
Жер өз осін әрбір 23 сағ. 56 минутта, ал Күнді 365 күн 6 сағатта айналып
шығады. Жер бетінің 3/4 бөлігін су, 1/4 бөлігін құрлық алып жатыр.
Глобус деп Жердің кішірейтілген моделін айтамыз.
Мәтінмен жұмыс
Эратосфен тобына
Жердің пайда болуы мен пішіні өлшемі.
Колумб тобына
Жердің қозғалысы.
Оқушылар жаңа сабақты оқып , әр топ өзінің тақырыбын қорғап шығады.
vІ. Сабақты бекіту
Картамен жұмыс
1.Картадан Оңтүстік Жартышар мен Солтүстік Жартышарды көрсету.
2. Батыс пен Шығысты көрсету.
3.Экватор сызығы қайсы ?, оның ұзындығы қанша ?
4. Полюсті картадан көрсету.
5. Жер шарында қанша материк бар ?
6. Жер шарында қанша мұхит бар ?
7. Біз қайсы материкте тұрамыз ?
8. Еуразия материгі қайсы жарты шарда орналасқан ?
9.Жалпы Жер көлемі қанша ?
10. Құрлықтың көлемі қанша ?
vІІ. Қорытындылау.
Сәйкестендіру.
510
Жол, із
71%
Жердің жасы
Орбита
6357
Экватор сызығы
365күн, 6 сағат
4,5 млрд. Жер көлемі
Экваторлық радиус
Су
Полярлық радиус 40.000
Жыл 6378 км


Білімдерін бағалау
vІІІ. Үйгетапсырма: §6 . Кескін картаға глобусты түсіру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы
«Шұбарсу» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жердің пацда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі,қозғалысы.
Сыныбы: 5 «Г»
Пән: жаратылыстану
Пән мұғалімі: Г.Шерубаева

2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.