.
.
Сабақтың тақырыбы: Жердің су қабығы-гидросфера. Дүниежүзілік су айналымы Жердің су қабығы-гидросфера. Дүниежүзілік су айналымы
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1277 | Размер: | Автор: гостьСабақтың оқыту мақсаты: Оқушыларға гидросфера және оның құрамдас бөліктерін, табиғаттағы су айналымы мен оның маңызы туралы әңгімелеу арқылы олардың танымдық қабілеттерін, ізденуі мен шығармашылығын, өздік жұмысын, картамен сандық көрсеткіштермен жұмыс істеуін, логикалық ойлауын, іскерлігімен іздемпаздығын, сөздік қорын дамытуға жағдай туғызу.
Міндеттері: - Өз бетімен тақырыпты меңгеруге үйрету;
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың білімді іс -тәжірибеде көрсету дағдысын қалыптастыру;
- Топтық жұмыста оқушы белсенділігін жетілдіру. .
Күтілетін нәтиже: - Оқушылар тақырыпты өз беттерімен меңгереді;
- Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасып, пікірін дәлелдей алады, қызығушылығы артады
- Топтық жұмыста іс-әрекет жасай алады.
Сабақтың оқу жабдығы: Атлас. Дүние жүзінің физикалық картасы, плакат, интерактивті тақта, электронды оқулық
Қолданылатын модулдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудаАКТ – ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ –жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.
Стратегиялар: «Топтастыру», «Еркін жауап стратегиясы», «Инсерт әдісі» «Ментальды карта», «Ыстық орындық»
«Рефлексия»
Бөлімдері Уақыт Мұғалімніңіс -әрекеті Оқушыныңіс -әрекеті Ресурстар
І кезең
өткен тақырыптар бойыншажаңа сабақты меңгеру ге негіз болатын қайталау тапсырмалар 7
Амандасу
Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау
Үй тапсырмасын бекіту.
Үй тапсырмасын бекіту. Сәйкестік тесті.
1. Жер қабаттарын анықтау.
Литосфера А. Ауа қабаты
Гидросера Ә. Тас қабаты
Атмосфера Б. Тіршілік қабаты
Биосфера В. Су қабығы
2. Атмосфера қабаттарының биіктігін табыңыз?
Стратосфера А.80 шқ жоғары
Тропосфера Ә. 80 шқ
Мезосфера Б. 55шқ
Термосфера В. 20 шқ
3. Атмосферада қандай газ қанша пайыз құрайды?
Оттегі А. 78%
Азот Ә. 0,95%
Көмірқышқыл газы Б. 20,9%
Аргон және инертті газдар В. 0,05%
4. Қысымды, жел бағытын, ылғалды және температураны өлшейтін құралдарды сәйкестендіріңдер.
1. Барометр А. Температура
2. Флюгер Ә. Қысым
3. Термометр Б. Ылғалды
4. Гигрометр В. Жел
5. Жер шарындағы қандай басым желдерді білесіңдер?
6. Климатты қалыптастырушы факторларды ата?
7. Климатты жіктеп аудандастырған кім?
8. Климаттың өзгеруіне әсер ететін қандай факторларды білесіңдер?
Таратпа тест
интерактивті тақта
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз беті-мен мең геруіне жағдай жасау 10 Мағынаны тану. Түртіп алу әдісі (инсерт әдісі)
Оқушылар мәтінді оқып шығады. Әркім өзі жеке – жеке оқиды. Оқып болған соң топ болып кестені толтырады. Өзара топ ішінде талқылайды. Бірінің білмегенін бір – біріне айтады.
V
Бұрыннан білемін
+
Мен үшін жаңалық
-
Келіспеймін
?
Сұрақ пайда болды?
(инсерт әдісі)
кестесі
8 Толғаныс
Дәптерге судың қасиеттерін тірек сызба арқылы жазу
интерактивті тақта
10 Ментальды карта Табиғаттағы су айналымының сызбасын құрастыру Атлас, оқулық ватман, маркер
3 Сергіту сәті Презентация көру таныстырылым
Қорытынды 7 Сабақты бекіту:
«Ыстық орындық»
Үйге тапсырма
БағалауӘр оқушы өзіне өзі баға қойып бағалау парағына белгілейді
Журналға сол бағалары бойынша ортақ баға қойылады.
Өзін әділ бағалаған оқушыларды атап өтіп мақтаймын.
Рефлексия.
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдыңыздар?
Қоштасамын. Сабақ осымен аяқталады.
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді
Жердің су қабығы-гидросфера. Дүниежүзілік су айналымын оқу.
Бағалау парағы
аты-жөні: «3» «4» «5»
Сабақтағы белсенділігім
Басқаларды тыңдауым
Өз пікірімді айтуым
Топ жұмысын қорғауға қатысуым
Қорытынды бағам:
Бағалау парағы
стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.