Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жерім, елім- байлығым  Туған жерім – Созағым -

Жерім, елім- байлығым Туған жерім – Созағым

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5307 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО,Созақ ауданы,Шолаққорған ауылы,
А.Байтұрсынов атындағы
жалпы орта мектеп
География пәнінің мұғалімі,әйелдер мен қыздар кеңесінің төрайымы
Дүрменова Сырғакүл Жұматайқызы


Сабақтың тақырыбы Жерім, елім- байлығым
Туған жерім – Созағым
Сабақтың мақсаты Үйірме мүшелеріне , ақындардың
туған жерге арналған толғаныстарын өлең
арқылы жырлаған еңбектерін таныстыру.
Сабақтың тәрбиелілігі Туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға қалыптас- тыру. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру
2. Топпен жұмыс
3. Қорытындылау

Туған жер әркімге ыстық.туған өлке табиғатын, жерін,елін,байлығын жырламай өткен ақын , жазушылар жоқ шығар. Осы туған өлкенің табиғатын қорғау, байлығын ұқыпты пайдаланып, оны сүю, баптау, адамдардың өз мойнында.
Бүгінде экологиялық аймаққа айналып отырған жердің,елдің ертеңін ойлау,әр түрлі шаралар ұйымдастыру,дұрыс ұрпақ тәрбиелеу-борышты міндетіміз.

Оқушыларға өлең мәтіндері таратылады, мәтінді дауыстап оқиды, талдайды,өз ойларын ортаға салып ,пікір алмасады.

Туған жер
Туған жерім,өскен елім
Кең байтақ Қазақстаным.
Батыстағы Каспийден,шығыстағы Алтайға дейін
Бәрі менің Отаным.

Бидайға толы жерім бар,
Қазбаға толы елім бар,
Қорам толы қойым бар,
Ауасы таза тауым бар.

Төлеген Кәрібеков
Созағым алтын бесігім

Бұзылмас қамал қорғаның биік Қаратау,
Созағым менің басыма біткен ақ отау,
Самалың жанды тербеген Сүгір күйіндей
Берекелі елім жаныма біткен жанат-ау.

Бабалар жебеп басыңа елсің бақ қонған,
Жерұйық жерім рахат өмір тапқан жан.
Шыңдарың биік ақ шәлі тартқан ақ қардан,
Ұрпағың сенің дәулетіңменен шаттанған.

Нұрила Ескенова
Созаққа арнау

Армысың киелі жер Шолаққорған,
Тәнірдің әмірімен жаратылған.
Қорғаны Теріскейдің секілденіп,
Тұрмысың Қарабұлақ, Бала Торлан.

Мыңжылқы, Ақбикеш пен Келіншек тау
Мыңжылқы, жәдігерім бұлтқа оранған
Созақ, Созақ болғалы қанша заман,-
Баһадүрлер, шайырлар, дана туған.

Сағынтай Байділдаев
Тауға шығу

Ентіктім, есім кетті алып тыным,
Шын сырын қасқа шыңның танып бүгін.
Тіршілік шыр айналды көз алдымда,
Бір үрей маған қауыптымын.

Жол болып жоғары өрлеу ендігіме,
Қайсарлық қиындықты жеңді міне.
Жабырқау тартқан кезде тауға шықсаң,
Қуат күш құйылады демде ішіңе.

Оқушылар мәтін бойынша суреттер салады, табиғатқа сұғанақтық жасаудың
кері әсерін суреттер бойынша түсіндіреді.
Сабақ соңында «Жер- Ана»- ның үнін тыңдайды.

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,
Ей адамдар, жарандар,
Бәрің маған қараңдар!

То қтатыңдар жарылыс өртін,
Ойлаңыздар жер мен халық дертін.
Тартылмасын көк айдынды өзен ,көл
Жауламасын кең даланы тақыр шөл.

Көбейтіңдер жасыл алқап орманды,
Табиғатқа пана болар қорғанды.
Табиғаттың ала бермей байлығын
Бергін оған бар нарыңды,
Күте білгін Жер- Ананы !

Табиғаттың бар байлығы даламда
Жер-Ананың жаттығы жоқ адамға
Тамақ та, киім де, денсаулық та
Бәрі, бәрі табиғаттың қолында

Күтіңдер, баптаңдар,көбейтіңдер, көркейтіңдер
Үнемде, жетеді адамзатына
Барлығы мына менің қолымда
Ол мына менмін қасиетті Жер- Ана.

Қорытындылау

Үйірме жетекшісі Дүрменова Сырғакүл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.