.
.
Шымкент қаласы №93 В.Терешкова атындағы жалпы орта мектептің «Жиырма тоғызыншы сөз» Абай
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1478 | Размер: | Автор: гостьқазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Байжанова Айгуль Аскаровна
7-сынып. Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Жиырма тоғызыншы сөз»
Абай
Сабақтың мақсаты:
1.Абай туралы,Абай шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру,қара сөздері туралы түсінік беру. Қара сөздердің мәнін түсінуге үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.
3.Әдебиеті мен мәдениетін қастерлеуге, ақын шығармаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,талдау.жинақтау.
Көрнекіліктер: Ақын шығармалары, «Қара сөздері», суреттер, бейнефильм.
Пәнаралық байланыс: Ән-музыка, бейнелеу өнері, тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындықтары.
ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі. «Жылы сөз»арнау.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
«Шаттық шеңбері» Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуы.
Сынып оқушыларын топқа бөлу.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Қараңғы түнде тау қалқып» өлеңі. Абай
«Абай кім?» Оқушы білімін жаңғырту.
І топ. Қазақтың киіз үйін бейнелей отырып қорғады.
ІІ топ. Бәйтеректі бейнелей отырып қорғады.
Бейнетаспа көрсете отырып Абай мұражайына саяхат жасау.
ІV Жаңа сабақ:
І Абайдың көркемдік, әлеуметтік,дінге деген көзқарастары,философиялық ойлары мен тұжырымдары «қара сөздер»деп аталатын шығармаларынан көрінеді. Бұл- жалпы саны
45 бөлек шығармадан және «Қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы бірер сөз» деген тарихи мақаладан тұратын еңбек. Абай өзінің қара сөздер жазудағы мақсатын «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым.Енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ,»- деп түсіндіреді.
Абайдың қара сөздері қазақ өмірінің, жалпы адамзат тіршілігінің күрделі мәселелеріне арналған туынды болып табылады.
Біздердің бүгінгі талдайтын тақырыбымыз «Жиырма тоғызыншы сөз»
2. І топ. Қара сөздегі ақын сынына іліккен мақалдар.(Саңырауқұлақтың суретін бейнелей отырып қорғады)
ІІ топ. Қара сөздегі Абай сыны,берілген түсінік.(Жеміс ағашының суретін бейнелей отырып қорғады)
3.Пікірлесу сәті.
І топ. «Періштені алтын да жолдан тайдырмас»
ІІ топ. « Ата-анадан тәтті жоқ»
«Қара сөз туралы» ой бөлісу. (Түймедақ гүлі суретін бейнелей отырып қорғады)
І топ. Абай қара сөздерінің жазылу үлгісі туралы ойларың.
ІІ топ. Абай қара сөздерінде көтерілген мәселе туралы ойларың.
V Сабақты бекіту.
Абай аталарына арнау өлең (1 шумақ)
VІ Сабақты қорытындылау.
1.Сұрақ-жауап.
Абай қара сөзі бізді қандай болуға үйретеді?
2.Мұғалім сөзі.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деп ақын өзі жырлағандай артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі мәңгі өлмек емес.
VІІ Оқушы білімін бағалау.
VІІІ Үйге тапсырма.
1.Абай қара сөздерінің мазмұнымен танысу.
2. Абай атамызға хат жазу.
ІХ Рефлексия кезеңі. «Аяқталмаған сөйлем»
«Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым ......»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.