Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жолымды жақсылықтан бастаймын -

Жолымды жақсылықтан бастаймын

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1474 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Орындағын:Беркинбаева Гулмира Баянбайқызы №40мектеп- гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Жолымды жақсылықтан бастаймын

Сабақтың мақсаты: а)білімділік:тақырыпты түсіндіру барысында оқушылардың «жақсылық» құндылығы,адам бойындағы ең жақсы қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. ә)тәрбиелік:жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашып,оқушыларды қолынан келгенінше жақсылық жасауға тәрбиелеу. б)дамытушылық:оқушылар бойына жақсылықты түсіну,жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.
Сабақ көрнекілігі:Арнайы слайдтар,тірек сызбалар ,арнайы жүрекшелер Сабақтың әдіс тәсілі:пікір алмасу,сұрақ жауап,өз ойларын білдіру
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Жаңа сабақ

Шаттық шеңбері Мұғалім шаттық шеңберінде оқушылардың жағымды көңіл күйлерін қалыптастыру үшін Д.Әлімжановтың «Жақсы адам көңілі - күн» деген өлеңін оқиды және жақсылыққа жетелеу мақсатында бір – біріне жақсы сөз,жақсы тілек айтуды ұйымдастырады.
Жақсы адам көңілі – күн
Д.Әлімжанов
Жақсы адам көңілі – күн, Жанға сәуле түсәрген. Нашар адам көңілі – түн, Кеудеден оттты өшірген. Талпын жақсы болуға , Күндей сәуле шашатын. Білім іздеп,өнер тап, Түнді күндей ашатын.
Әңгімелесу :Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау үшін арнайы сұрақтар қолданылады: ●Жақсылық,жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер? ●Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
●Жақсы сөз айту,жақсылыққа жата ма?
●Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
●Жақсы адам бойында қандай қасиеттер болады?
Жаңа ақпарат


Шығармашылық жұмыс .Оқушылар сызбаны өз беттерінше толтырады

Дәйексөз
Мұғалім сабақты дәйексөз талдаумен жалғастырады.Оқушыларға жақсы адаммен сөйлессең,көңіл ашылатынын ,рухани азық алатынын түсіндіреді.
1.Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең, Көңілің ашылады
2.Жақсылықты ақылмен жаса.
3.Адам жақсылық жасау үшін жаралған.
4.Адам жаны жақсылыққа тоймаған.
5.Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе.
6.Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын! Жаманның жамандығын айт,құты қашсын
Тыныштық сәті
Мұғалім баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін ,көңілді орта құру үшін « Тыныштық сәті» әдіс тәсілін қолданады. Тыныштық сәті толықтай тыныштықта өткізіледі немесе А.Енсеповтың орындауындағы «Сағыныш» күйін тыңдатады. Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады,ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.
Мұғалім сөзі: - Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,жақсылыққа және тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашсаңдар болады
Сахналау :оқушылар арнайы көрініс көрсетіп ситуацияны талқыға салады.



1.Тапсырма: Мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беріңіз.
Ғ.Мүсіріпов
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу... Тілін білмеген түбін білмейді,ондай адам күлдірем деп күйдіреді,сүйдірем деп сүріндіреді,білдірем деп бүлдіреді,қуантам деп қуартады,келтірем деп кетіреді,емірентем деп егілтеді,жұбатам деп жылатады! Адам өзінің жаралуымен, өсуімен,өркендеуімен, жеңіп жеңілуімен,күліп жылауымен нені көрсетеді?Кейдежеңілгені өкініш болса,кейде жеңгені өкініш екендігі,кейде жылағаны өкініш болса,кейде күлгені,жеңіп мәз болғаны өкініш екендігін көрсетеді.Сонымен бірге ,өкініш арқылы жаңылғанын түсінеді,қайталамайды,түзеледі,өседі.
● «Адам күлдірем деп күйдіреді,сү йдірем деп сүріндіреді» немесе «жұбатам деп жылатады» дегенді қалай түсінесіз?
●Сіздің ойыңызша дұрыс сөйлей білу дегеніміз не?
2.Тапсырма: Оқушылар «жақсылық» ұғымын сурет салу арқылы бейнелеп, түсіндіреді
ІІІ.Қорытынды
Жүректен жүрекке
Мұғалім :Балалар ортақ шеңберге жиналайық, бір бірімізге күлімдеп,аса сүйіспеншілікпен,мейірімділікпен қарап,бір бірімізге тақырыпқа байланысты тілектерімізді жеткізейік

IV.Үйге тапсырма: «Жақсы мен жаманды айыра білу,өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығы» жөнінде ой толғау жазып келу
V.Бағалау:Оқушылардың белсенділігі үшін рахмет айту
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.