Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл басына таласқан хайуанаттар -

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4439 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Агабекова Роза Тагаевна

Мектеп алды даярлық сыныбы
Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Мақсаты: Ертегіні айта отырып рөлмен ойнау, диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту. Дәстүрден тыс жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы балалардың шығармашылықтарын дамыту.
Қажетті құралдар: Кейіпкерлер киімі, қол еңбегіне арналған қажетті құралдар.түрлі түсті суреттер.
Техникалық құралдар: үнтаспа, интерактивтік тақта
Әдіс тәсіл: Сұрақ –жауап, тыңдау, мәнерлеп айту.
Психологиялық дайындық Тәрбиеші балаларды дөңгелене тұрғызады. - - --- «Сәлем сөздің анасы,
Сәлем берер әр қазақтың баласы»-демекші қонақтармен амандасып алайық
Қол алысып қане біз,
Достасайық бәріміз.
Қайырлы күн жер Ана!
Қайырлы күн достарым
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
- «Жақсы сөз жарым ырыс»-дейді дана халқымыз, ендеше бір –бірімізге жақсы тілектер айтайық.
- Балалар, біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз
Мен сендерге ертегілерден үзінді оқимын, сендер қай ертегі екенін тауып аласыңдар
1 ертегіден үзінді:
Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. («Әке мен бала» ертегісі)
2 ертегі:
-Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап сары бөлкелер үйіліп тұр екен. («Нан қайдан шығады»)
3 ертегі:
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті. («7 лақ»)
4 ертегі:
Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден тартады(«Шалқан ертегісі»)
5 ертегі:
Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
(«Мақта қыз бен мысық»)
6 ертегі
Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді.
(«Қарлығаш пен дауіт)
- Тамаша, балалар, ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер
- Олай болса, мына бейнефильмді көрейік
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Оқушыларға сұрақ:
-Бұл қандай ертегі?
-Ертегіде жыл басы не болды?
-Тышқан болды
-Неліктен тышқан, жыл басы болды?
-Тышқан сабырлы, ақылды, шешімді дұрыс қабылдады.
- Ал, неліктен басқа хайуанаттар жыл басы бола алмады?
- Басқа хайуанаттар ақылға емес өздерінің денесіне, күшіне сеніп асықпай жүріп жыл басы бола алмады.
- Иә, балалар шешімді дұрыс қабылдау керек екен.
Сөздік жұмыс:
Жаңа түйе жылқыға: сені бұлақ суымен суару керек,
жабағымда пайдалы –деді.
Бұлақ-мөлдір, жер астынан шығатын таза су.
Жабағы- көктемде қырқып алынатын түйе мен қойдың жүні.

Сергіту сәті
«Не қалай дыбыстайды?» ойыны
Жылқы: үреді, кісінейді, мөңірейді.
Сиыр: мөңірейді, үреді, маңырайды.
Ит: кісінейді, маңырайды, үреді.
Қой: маңырайды, мөңірейді, бақылдайды.
Өздерің көрсете аласыңдар ма?
- Ал жануарлардың төлін білесіңдер ме?
Оқушылар сиырдың , жылқының, қойдың, түйенің төлдерін табады және олар қалай аталды?

Жақсы, балалар.
«Мақал сөздің мәйегі»-демекші енді мақалды аяқта ойынын ойнайық.
1.Жылқы - малдың патшасы.... (Түйе — малдың қасқасы).
2.Сиырдың сүті...... (тілінде)
3.Төлден мал өседі,... (шыбықтан тал өседі)
4.Ат-адамның қанаты,.. (ас адамның қуаты)
- Өздерің түсініп айтқандай әр жануардың өзіндік ерекшелігі, адамға өзіндік пайдасы бар екен. Енді балалар «жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде, ақылмен айламен, жыл басы болған тышқанның бейнесін сурет салу, жапсыру, мүсіндеу арқылы бейнелеп көрейік. Ол үшін үш топқа бөлініп орталықтарда не істеу керектігін түсіндіреді.
Өзін-өзі бағалау -Тәрбиеші балалардың бүгінгі оқу іс-әрекетінде өте жақсы қатысқандарын айтып мақтайды.Бүгінгі ертегілеріміз ұнадыма? Кімге не істегеніміз ұнады?Тәрбиеші балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. «Жыл басына таласқан хайуанаттар»-деген ертегіні үйге барғанда ата-әжелеріңе, достарың әңгімелеп беріңдер.
Сабақты қорытындылау
Сабақ сендерге ұнады ма?
Не ұнады?
Не үйрендіңдіер?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.