Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл мезгілдері -

Жыл мезгілдері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2265 | Размер: | Автор: гость
. Қалмырза Гүлбаһрам,
Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдеріндегі өзгерістері туралы түсінік беру. Оқушыларға жан-жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың тіршілігі жайлы түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, бірін-бірі сыйлауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, слайдтар, ребус.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жыл мезгілдеріне саяхатқа шығамыз.
Бізбен бірге белгілі мультихикая кейіпкерлері «Дара мен Боти» да шықпақшы.

Оларға жолда түрлі кедергілер кездесіп тұр. Біз оларға көмектесеміз бе?
-Әрине. Олай болса сабағымызды бастайық.
«Шаттық шеңберін» құру.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Оқушыларды топқа бөлу.
1-топ: Қыс.
2-топ: Көктем.
3-топ: Жаз.
4-топ: Күз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Бірінші кедергі көпірден өту.
Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңіндегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып жазу. Мысалы:
О, адамдар!
... ... ақтаңдар,
... ... баспаңдар.
... ... ..,
... ... сақтаңдар.

Үй тапсырмасын бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Ой ашар»
Көк шығады
Мал төлдейді
ағаштар бүршік жарады
Құстар келеді

Күн жылынады

«Қызығушылықты ояту». Екінші кедергі түлкі апанынан өту.
Сурет жұмбақты шешу. «Бұл қай кезде болады?»

Жиып теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Шанамен зырлап жүретін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» тақырыбына тоқталып өтеміз.
1. Мәнерлеп оқыту.
2. Мазмұнын түсіндіру.
3. Сұрақ қойып жауап аламыз
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген?
-Өлең шумақты оқыған кезде көз алдыңа нелер елестеді?
-Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады?
-Автордың бұл сөзді жиі қолданудағы мақсаты не?
-Өлеңді оқып, қандай ой қорытындысын жасауға болады?
Біз ары қарай саяхатымызды жалғастырамыз.
Келесі кедергі орман алқабынан өту.
«Мағынаны тану».
Постер қорғау. «Ойлан, жұптас, талқыла».
-Ал немерелерім, өздеріңе бөлініп берілген ай аттарының қасиеттері неде, білесіңдер ме?
1-топ: Қыс айлары.
2-топ: Көктем айлары
3-топ: Жаз айлары.
4-топ: Күз айлары.

Сергіту сәті.
1,2,3 Қарлығаш болып ұш.
4,5,6. Қарлығаш болып қалқы.
7,8,9,10. Қарлығаш болып қон.

Келесі кедергі гүлді алқаптан өту.
«Ойлан, тап» «Ғажайып жетілік»
Ұяшықтар арқылы сұрақтарға жауап беру.

1. Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады?
2. Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?
3. Күз мезгіліне қандай айлар жатады?
4. Күз мезгілінде табиғат қандай түске енеді?
5. Қыс мезгілінің ауа райы қандай болады?
6. Қыс мезгіліне адамдар қалай дайындалады?
7. Әр мезгілде неше айдан бар екен?

«Ой толғаныс»
Сабақты қорыту барысында оқушыларға шығармашылық тапсырма беру.
Келесі кедергіден өту үшін шығармашылық тапсырма орындайды.
Жыл мезгілдері жайлы сахналық көрініс көрсету:

Сахналық көрініс:

Ертеде Жыл ақсақал болыпты. Ол балаларына былай деп қолқа салады.
- Ұлдарым мен қыздарым. Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Оңды солды таныдыңдар. Енді мен сендердің келешектеріңе үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер?

Мен дайынмын!- деді Қыс.
Мен де, -депті Көктем.
Мен де, -дейді Жаз.
Мен де, -дейді Күз.

Ендеше біліп қойыңдар. Біздің арғы атамыз - Уақыт. Одан Ғасыр. - «Жыл». Мен сендерге он екі айды үш-үштен теңдей бөліп, еншіге бергім келіп отыр. Мына бас киімдерді өздерің таңдап, үштен бөліп алыңдар.
Ескертемін: үш ай кезекпен жұмыс істейтін боласыңдар.
-Балалар, бүгінгі сабақтағы саяхатымыз да аяқталып қалды. Міне, «Дара мен Боти» да барлық кедергілерден өтіп, табиғатты тамашалауда.
Барлығымыз экранға назар аударып, табиғаттың кереметтерін тамашалайық.
Экраннан суреттер көрсетут.
Үйге тапсырма: «Жыл мезілдері» өлеңін оқыту, сурет салғызу

Бағалау:
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды критериалды бағалау, мадақтау, жұлдызша , смайлик арқылы бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.