Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл мезгілдері. Көктем -

Жыл мезгілдері. Көктем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1490 | Размер: | Автор: Публикатор
. Шымкент қаласы, №34 жалпы орта мектебі.
Тохсанбаева Жұлдыз Көбейсінқызы.

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. Көктем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Оқушылар қоршаған орта қадірін түсіне отырып, сөйлеу тілдерін, сөздік қорын байытады. Жаңа тақырып негізін түсінеді, жаңа сөздер үйренеді.
Дамытушылық: Сабақта үйренген жаңа сөздерді әр түрлі қатынастарға түсіре алады.
Тәрбиелілік: Өзгенің пікірін тыңдай отырып, өз ойын айтуға дағдыланады. Табиғатты қорғау, аялау, құрметтеу сезімі қалыптасады.
Сабақтың түрі: қалыптан тыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, баяндау.
Көрнекілігі: кеспелер, кестелер, суреттер, сөздік жұмысы, үнтаспа, плакат, жинақ папкасы, кластер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу.
Әнұран айтқызу.
- Ал, балалар, әнұранның сөзін кімдер жазған?
- Әнұранның әнін кім шығарды?
- Қай елде тұрасыңдар?
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіздікті қашан алды?
- Қазақстанда мемлекеттік тіл қандай тіл?
- Отан, тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Жыл-365
Ай-12
Апта-7
Тәулік-24-60 минут.

Жыл мезгілдері
2. 1. Көктем 2.Жаз 3.Күз 4.Қыс
1.1 Наурыз 2.1 Маусым 3.1 Қыркүйек 4.1 Желтоқсан
1.2 Сәуір 2.2 Шілде 3.2 Қазан 4.2 Қаңтар
1.3 Мамыр 2.3 Тамыз 3.3 Қараша 4.3 Ақпан

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Кіріспе.
Өткенді еске түсіру.
- Ал, балалар, жыл мезгілдері қанша еді?
- Қазір қай мезгіл?

Ой қозғау. Топтастыру. Белгілерін жазу.





Топпен жұмыс.
Көктем
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн жылынады. Қар, мұз ериді. Күн ұзарады. Ағаштар бүршік атады. Құстар жылы жақтан ұшып келіп, ұя салады. Көктемде мал төлдейді. Егіс жұмысы басталады.
Көктемнің алғашқы гүлдейтін гүлдері: бәйшешек, қызғалдақ, меруертгүл, қоңыраугүл.
Сөздік жұмысы:
Көктем-весна
Бәйшешек-подснежник
Меруертгүл-ландыш
Қызғаладақ-тюльпан
Қоңыраугүл-калокольчик

1.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
А) мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды
Ә) оқушылар дауыстап қайталайды
Б) оқушылар тізбектеп оқиды
2.Мәтінді осы сөздік арқылы орыс тіліне аударту.

Сұрақ-жауап
1. Көктем айлары қай ай?
2. Көктемде ауа райы қандай болады?
3. Ағаштар не жарады?
4. Нелер ұшып келеді?
5.Көктемнің алғашқы гүлдері қандай?
Сергіту сәті.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Ал, кәнеки ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,
Төрт, бес, алты, жеті,
Анау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, кәнеки қон.

Шығармашылық жұмыс:
Әр топқа өз аттарына лайық суреттер таратып беру. Топтағы оқушылар сол сурет бойынша бір-бір сөйлемнен жазып, мәтін құрастырады. Топ басшысы мәтінді оқып шығады.

Жұптық жұмыс.
Мезгілге байланысты сұрақ-жауап.
Тіл дамыту (ауызша)
«Ауылым» әнін орындату.
Мәнерлеп өлең оқу.
Жылдың төрт мезгіліне байланысты өлеңдер оқыту. «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қоңыр күз», «Көктем».
- Балалар, оқыған өлеңдеріңнің авторы кім, білеміз бе?
Оқушылардың бірі «Абай Құнанбаев» дейді, тағы біреулері оқыған өлеңінің авторын атайды.
- Абай деген кім?

Абай Құнанабаевтың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айтқызу.

ІV. Қорытындылау, жинақтау.
- Ал, балалар, бүгінігі алған білімдерімізді мына суретпен жұмыс арқылы бекітейік.
- Тақтада не көріп тұрмыз?
- Ағаш.
- Көктемгі ағашқа ұқсай ма?
- Жоқ.
- Ағашта не жетіспей тұр?
- Жасыл жапырақтар.
- Дұрыс, жапырақ жетіспей тұр.
Әр оқушыға жапырақ таратып беру.Енді әрқайсың «көктем бізге не сыйлайды?» деген сұраққа бір сөзбен жауап жазып, ағашқа апарып ілеміз және оқимыз.

Сонымен, біздер балалар, жыл мезгілдерімен, соның ішінде көктеммен толық танысытық. Түсінбеген сұрақтарың бар ма?

V. Бағалау, мадақтау.
VІ.Үй тапсырмасын беру. Көктем туралы шығарма жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.