Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жыл  құстары -

Жыл құстары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5841 | Размер: | Автор: гость
. Жалпы білім беретін Оян орта мектебі

Ұйымдастырылған оқу – іс әрекеті
Экология
Тақырыбы: Жыл құстары


Мектепалды даярлық сыныбы

Өткізген: А.Б.Габдуллина

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетінің технологиялық картасы
Өткізген мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Габдуллина. А.Б.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Эқология

Тақырыбы: Жыл құстары
Мақсаты 1)Балаларға құстар туралы түсінік беру, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұ мат беру.
2)Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу. балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
3)Отанын, жерін, орманын, табиғатты, құстарды қорғауға, қамқоршы болуға,оларға тиіспеуге,ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер Құстар туралы суреттер,жұмбақтар, слайд,әліппе- дәптер,құстардың дыбысы

Билингвалді бөлімі: Құстар -птицы, қарға-сорок,аққу-лебедь, жыл құстары – перелетный птицы, қыстап қалатын құстар- зимующие птицы

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға.
Сәлем деймін құрдасқа,
Сәлеметсіз бе?- апайлар.
Тәрбиеші: Егер менің қолыма құс келіп оны мен аялап, мәпелер едім.
-Егер менің қолыма құс келіп қонса,
-Мен оны жуындырар едім.
- Мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім
- Мен оның аузына дәм салар едім
- Мен оның қанаттарын тазалар едім
- Мен оны құшағыма қысар едім
--Мен оған қамқор боламын
- Мен оны аялаймын
- Мен оны мәпелеймін
- Мен оны тамақтандырамын
Өте жақсы балалар, сонымен біз құстарды жақсы көреміз.Оларды күтіп баптаймыз,қамқор боламыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. «Жыл құстары»
Балалар қимылмен жасайды

Дарын
Нұрсұлтан

Милана

Мүслим

Ботакөз
Бекжан
Жансая
Ілияс
Раушангүл
Ұйымдастырушылық – ізденушілік - Құстар нешеге бөлінеді?
- Қандай құстарды білесіңдер?
- Құстар не істей алады?
- Ұшады
І. Құстар туралы әңгімелеу
Балалар біздер сәуір айының алғашқы күні біз нені қарсы аламыз?Құстар –адамға дос.Құстардың еті тамақ болса,мамық қауырсыны киім, көрпе-жастық болады.Құстар орман,жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасы көп.Құстарды негізге алып, ұшақтар жасады.Сазгерлер құстардың үнін әуенге қосты.
ІІ. Жұмбақтар шешу
1 Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
2.Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табы
3.Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
4.Мұқият тыңда, қандай құс,
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды ...
5.Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
-құстардың қандай пайдасы бар?
-құстардың ортақ қасиеттері қандай, айырмашылықтары қандай?
Әліппе- дәптермен жұмыс
- Өздеріне таныс құстарды атаңдар
- Қыстап қалатын құстарды көк түспен, жыл құстарын қызыл түспен қоршап сызыңдар.
- Қыстап қалатын құстар суыққа төзімді болады. Қарны ашып, жаураған құстар адамдарға жақын келіп көмек сұрайды.
- «Орман дәрігері» деп атайды?
- Тоқылдақтың суретін бояу.
ІІІ. Құстардың дауысын тыңдайықшы.
Балалар, құстар туралы не білеміз?
1.Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.
2. Олар тіршілік иелері.Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді.
Құстар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Мүслим
Құртты іздеп інінен,
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер.
Бекжан
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Бір томардан томарға,
Секең- секең ауысқан.
Ботакөз
Кептер хабар тасыған,
Үйретіп оған жасынан.
Хат әкеліп өькеріп
Сан қиындық басынан.
Жансезім
Қарлығашпын мен,
Адамның тұрағымын.
Мекен етіп тұрамын,
Тазалаймын үй –ішін.
Ел аузында мақтаулы,
Тазалықшымын төселген.
ІҮ.Сергіту сәті. «Балапандар»
Ү. Топтастыру.
«Құстарға» тән ерекшеліктерді топтастыру.
ҮІ. Зымыран сұрақтар
1. Құстар қайда ұя салады?
2. Хат тасушы құс
3.Қай құста мүлде ұя болмайды
4. Аң аулайтын құс
5.Өз атын өзі шақыратын құс?.
6. Құста не болмайды?
7.Орман емшісі
8.Ән салатын құс
9.Құйрығы айыр құс
10.Құйрығы ұзын құс
11. Баласын аппағым дейтін құс
Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық? Неге?»
Ән «Ақ көгершін» Үй, дала құстары
Қарлығаш, торғай, бүркіт,шағала т.б.

Балаларға түсіндіру

Үкі

Тоқылдақ

Қарлығаш

Қарға

Көкек

Құстардың дауысын тыңдайды.

Ағаштың қуысындағы зиянды құрт-құмырсқаларды жейді.

Балалар құстар туралы білетіндерін айтады.

Құстар туралы тақпақтарын айтып береді.

Тұмсығы, қанаты,екі аяғы,құйрығы,мойны,құлағы бар. Жұмырқалайды,дән мен,жәндіктермен,
зиянкес құртармен қоректенеді.
Ағашқа
Көгершін
Көкек
Бүркіт
Көкек
Сүт
Тоқылдақ
Бұлбұл
Қарлығаш
Сауысқан
Қарға

Рефлексивтік коррекциялаушы - Бүгін балар біздер нелермен таныстық?
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Құстар нешеге бөлінеді?
- Құстардың Қазақстанда қанша түрі бар?

Құстармен
Бау-бақшаларды қорғайды, зиянды құрт-құмырсқаларды жейді.
Дала және үй құстары

Күтілетін нәтиже:
Балалардың білуі:Құстарды ажырата біледі.
Балалардың игеруі:Құстардың ортақ қасиеттерін мен
айырмашылықтарын игереді.
Балалардың меңгеруі:Суретпен жұмыс жасауды,сұраққа жауап
беруді меңгереді.

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетінің технологиялық картасы
Өткізген мектепалды даярлық топ тәрбиешісі:Габдуллина. А.Б.
Білім беру саласы: «Таным.»
Білім беру бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырыбы: 2-5 сандарының құрамы.
Мақсаты: 1) Балаларға 2-5 сандарының құрамын түсіндіріп көрсету. Көңіл
бөле тыңдауға, балалардың сабаққа толық қатынасын
қадағалауға, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерінің
мағынасын түсінуге дағдыландыру.
2)Балалардың көркемдік талғамдарын, сөздік қорларын,
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3)Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу
Түрі: ертегі сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Көрнекіліктер: сандар, суреттер,әліппе-дәптер,таңбалар,слайд
Билингвальді бөлімі: сан –цифр, один – бір, екі- два
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Баланың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-
ізденушілік

Рефлексивтік -коррекциялаушы
Шаттық шеңбері .
Шеңбер болып тұрайық,
Ауадан қуат алайық.
Ауадан алған қуатты,
Қолымызға салайық.
Күннен қуат алайық,
Күннен алған қуатты.
Жүрегімізге салайық,
Жүректегі жылуды.
Апайларға сыйлайық
Балалар, бүгін біздер орманға саяхатқа шығамыз.Орманда аңдар көп,аңдардың тапсырмаларын орындаймыз.
1.Бірінші орманда қоян келе жатып бір үйшікке тап болып,оның есігін аша алмай тұр екен , балалар қоянға көмектесеміз бе?
1 –тапсырма. 2,3 сандарының құрамын айту.
2.Әтештің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс.4 санының құрамын жазу.
3. Бақа кездеседі. Дәптермен жұмыс.
5 санының құрамын жазу.
4. Кірпі кездеседі. Санамақ айту.
5. Кірпіге көмектесейік, алмаларды екі себеке әр түрлі етіп бөліп салуға.
6.Кірпі сендерге логикалық тапсырмалар алып келдім, соны шешіңдер.
А) Ағашта 5 құс отыр ,оның 2-еуі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
Ә) Анарда 3 алма Миратта 2 алма бар. Барлығын қосқанда қанша алма болады?
Б) Гүлге 5 көбелек қонып еді. Оның 1-еуі ұшып кетті. Гүлде қанша көбелек қалды?
Сергіту сәті.
Орманда аю келе жатып бір үйшікке кездеседі. Келіп оған кірейін десе есік ашылмайды. Балалар көмектесеміз бе?
6. Дәптермен жұмыс Барлық жапырақтағы қоңыздар тең болу үшін, неше қоңыз қосу керек? Тиісті санды қоршап сыз.
7. Орманды жортып келе жатып қасқыр кездеседі. Бірақ қасқырға есік ашылмайды. Дегенмен қасқыр бізге тапсырма алып келіпті.Қасқырдың тапсырмасын орындайық.
8. Бұл не? Зымыран.
Қандай фигуралардан құрастырылған?
9.Дәптеріміздегі фигураларды бояңдар.
- балалар қандай ертегі кейіпкерлері кездесті?
- сабақ сендерге ұнады ма?
- қандай сандардың құрамдарымен таныстық?
Бағалау .
Мадақтау.

Балалар шеңбер құрады.

Балалар қимылмен жасайды.

1+1,2+1,1-2

2+2,3+1,1+3

4+1,2+3,3+2,1+4

Санамақты балалар айтады.

3 құс қалды.

5 алма.

4 көбелек қалды.

Көмектесеміз.

Балалар тиісті сандарды қоршап сызады.

Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

үйшік

ұнады
2,3,4,5 сандарының

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: 1-5 сандарының құрамын .
Нені игереді: Таңбалардың қолданылуын .
Нені біледі: 1 – 5 сандарының құрамдарын қосуды, азайтуды.Есептерді
қырағылықпен шешуді.

Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні:27.11.15
Өткізген мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі:Габдуллина.А.Б.
Білім саласы: Қатынас
Білім бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:Елордасы- Астана
Мақсаты: 1) Балаларға еліміздің бас қаласы –Астана туралы мәлімет
беру.Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру.
2) Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Ойлау
арқылы ой- өрістерін жетілдіру.
3) Өз елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ –жауап, түсіндіру
Көрнекілік: Астана туралы суреттер, Бәйтерек макеті,ескерткіштер,Астана туралы ролик, әліппе-дәптер, субояқ, манка, желім
Сөздік: ескерткіш, Елорда, Бәйтерек
Билингвалды бөлімі: Астана – столица

Тәсілдер кезеңі Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шатық шеңбері
Қол ұстасып тұрайық,
Мен Отанды сүйемін,
Сен де Отанды сүйесің!
Мен анамды сүйемін,
Сен де анаңды сүйесің!
Мен әкемді сүйемін,
Сен де әкеңді сүйесің!
Көтеріп бір көңілді,
Шаттықпенен күлейік.
Дос, бауыр боп бәріміз, тату –тәтті жүрейік!
Ойын «Қазақстан қалалары» Қазақстанның кез келген қаласын айтып, қарсы тұрған балаға допты лақтырады. Ал допты қағып алған бала келесі қаланы айтып ойын жалғаса береді.

Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сай қимылдарды жасайды.

Алматы,Атырау, Ақтау,Ақтөбе, Өскемен, Қарағанда, Семей, Орал,Қызылорда
Ұйымдастырушы- ізденушілік І.-Балалар қандай елде тұрамыз?
-Қазақстанда қандай қалалар бар, білесіңдер ме?
- Қазақстанның бас қаламыз қалай аталады?
-Қазақстан қандай мемлекет?
ІІ.Жаңа сабақ. «Елордасы - Астана».
Туған еліміз,егеменді ел болып,тәуелсіз ел атанды.Тәуелсіз алғаннан бері еліміз, жаңарып Астана қаласы бой көтерді.
ІІІ.Балалар Астана туралы әңгіме құрастырады. Астана қаласы көрікті,өте әдемі , жаңа қала.Есіл өзені бойында орналасқан.Астанада Бәйтерек бар.Әсем қалаға қарасаң көз тоймайды. Бәйтерек - өмір ағашы.Салмағы 300 тонна болатын шар хамелеон шыныдан жасалған.Күн сәулесіне түсуіне қарай өзгеріп тұрады.
-Астанада нелер бар?
Астанада қандай биік ,әдемі ғимарат бар?
-Бәйтерегіміз - еліміздің мақтанышы.Бәйтеректің үстінен қарағанда Астананың келбетінің сұлулығы, әсемдігі көрінеді.
ІҮ. Астана туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Ілияс: Сарыарқамның төрінде,
Ұлы көшті бастаған.
Мақтанышым бас қалам,
Ару қалам Астанам!
Жансезім:Ең жас қала әлемде,
Және сенсің ең көркем.
Әлі талай болады,
Кереметтер сенде ертең.
Бекжан: Жаса жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
Дарын: Жайнай бер жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған
Ү. Сергіту сәті. «Мен қазақпын!»
ҮІ. Ойын «Кім көп сөз айтады?», «Астана» деген сөздің әр дыбысынан басталатын сөздер ойлату.
А – алма, ара, алаша,арқан, алақан, алмұрт
С –сағат, саты, саты
Т – тарақ, тамақ, тара, тышқан, тасбақа
Н – нан,нарық, нар
ҮІІ. Сурет салу . Бәйтерек суретінің бейнесіне желім жағып, манка себу, кепкесін субояқпен бояу.
ҮІІІ. Астана туралы ведио ролик көрсету. Қазақстанда
Алматы, Орал, Ақтөбе,Ақтау, Атырау т.б.
Астана

Тәуелсіз

Үкімет үйі, Елбасы қызмет орны – Ақ орда, ескерткіштер, театрлар, саябақтар, «Жасанды мұхит»- «Думан» океанариумы.

Балалар Астана туралы жаттаған тақпақтарын айтады.

Балалар әр дыбыстан басталатын сөздер айтады.
Рефлексивті - коррекциялау -Балалар біздер қандай елде тұрамыз?
-Біздің бас қаламыз қалай аталады екен ?
-Астанада нелер бар екен?
Мадақтау.
Сабақ аяқталды. -Қазақстан
-Астана
-Ескерткіштер, музейлер, саябақ т.б.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Астана туралы біледі.
Меңгеруі: Астананың әсем , көрікті қала екенін
Жасай алуы: Бәйтеректің суретін салуды

Өткізген мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі: Габдуллина.А.Б.
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың!
Мақсаты: Ата –аналар мен балаларға дене шынықтырудың пайдасын,
адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін
түсіндіру.Көтеріңкі көңіл - күйде болуларын қалыптастыру, тепе –
теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына
қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: доптар, қапшық, ат,кегли, шелек, кубик, теңге
Ойынның барысы:
І. Армысыздар, құрметті қонақтар, балалар! «Шынықсаң шымыр боларсың» атты сайысқа қош келдіңіздер. Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
«Жүйріктер» тобы, «Мықтылар» тобы .
1. Сайыстың ептілігін,ұйымшылдығын бақылап, бағалайтын әділқазылар алқасынмен таныс болыңыздар.
1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Юсупов.М.Н.
2. Мектеп дәрігері: Бисембаева.Э.С.

ІІ.Эстафеталық сайыс:
1.Сәлемдесу
2. «Ұлулар сайысы»
Ойынның шарты: Жанұя мүшелері кедергілер арасымен ұлуға ұқсап тізбектеліп жүру арқылы мәреге бірінші болып жетуі керек.
3.«Кім шапшаң».
Ойынның шарты: Шелектегі кубиктерді белгіленген жерге алып төгеді, баласы жинайды, алып келеді.
4. «Құрсау» сайысы.
Ойынның шарты:Алдымен әкелері қапшықты белдеріне дейін кейіп киіп секіру арқылы белгіленген жерге дейін барып қайтып келеді,ал балалар қос аяқпен секіріп мәреге жетеді.
5. «Жалаушаны тез жеткіз».
Ойынның шарты: Аналары кедергілер арасымен допты екі аяқғының арасына қысып жүгіріп келеді, балалар үлкен доппен секіреді.
6. «Ат жарыс»
Ойынның шарты: Шабандоздар сөреде дайындалып тұрады.Шабандоздар ағаш атқа отырып, мәрені айналып жүгіріп келеді, атты балаларға береді, балалар мәрені айналып келеді.
7. «Кім жүйрік?»
Ойынның шарты: Әкелері балаларын көтеріп жарысу арқылы мәреге бірінші болып жету.
Тәрбиеші: Құрметті спорт сүйер қауым осымен отбасылық сайысымыз аяқталды.Жарайсыңдар командалар. Әділқазылардың бағаларын күтеміз.
Сайысқа қатысқан отбастарын «Ең мықты» «Ең алғыр» номинацияларымен марапатталды.
Сайысымыз аяқталды.Сау болыңыздар.
Өткізген мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Габдуллина.А.Б.. және мектеп мед.бикесі: Бисембаева.Э.С.
Тақырыбы: Тазалықты сүйеміз
Мақсаты: Балалардың жеке бас гигенасы,тазалық, денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту.Олардың жинақылыққа, ұқыптылыққа үйрету.Тазалықтың пайдасын суреттер арқылы көрсетіп, ой –өрістерін дамыту. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілік: тазалық туралы суреттер, слайдтар
- Балалар, қане орнымыздан тұрып,келгенапайлармен амандасайық.
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннен жылу алайық,
Алақанға салайық,
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты,
Бір –бірімізге сыйлайық.
-Жарайсыңдар балалар, көңіл- күйлерің жақсы ма?Енді орнымызға келіп отырайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, бірлесе отырып шешейік.
1) Жуынып болғанда,
Жүреді қолдары. (Орамал)
2) Түйістіреді көзіңді –көзіңе,
Жолықтырады өзіңді –өзіңе. (Айна)
3) Қалтамда жатыр тісі бар,
Тістемей –ақ істер ісі бар. (Тарақ)
4) Қант та емес, ұн да емес,
Ұқсастық бар ептеген.
Тістің бәрін аппақ қып,
Тигізеді септігін. (Тіс пастасы)
5) Арқалығы сүйектен,
Жапсырылған қылы бар,
Тістен көрсе кірлерді,
Тұра алмайтын жыны бар. (Тіс щеткасы)
6) Кір қоқысқа жаны қас,
Түк қалдырмай қырнайды. (Сабын)
7) Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (Су)
- Жарайсыңдар жұмбақтарды шештіңдер. Енді бұл заттар не үшін керек?
- Тазалық үшін.
- Үнемі таза жүру біздің міндетіміз.Таза жүріп, таза ауамен жиі дем алсақденіміз сау болады.Енді тазалық туралы ақыл кеңесті мектебіміздің медбикесі Эльмира Сәбитқызына сөз кезегін берейік.
- Медбике тіс, тісті қалай күту керектігі туралы, әр түрлі жара, тазалық туралы слайд арқылы көрсетіп балаларға түсіндірді.
Бүгін біздер тазалық туралы көп нәрселер білдік.үнемі жуынып,денені шынықтырып жүруді әдетке айналдырайық. Міне осылай жүрсек деніміз сау, мықты болып өсеміз.
Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.