.
.
Атырау облысы Өзі-өзіне қол жұмсағандар азаптан құтылмайды.
Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 923 | Размер: | Автор: гостьҚызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің Кітапхана меңгерушісі:
Құсанова Айшолпан Сайынқызы
Тақырыбы: Өзі-өзіне қол жұмсағандар азаптан құтылмайды.
Мақсаты:Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау;қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу;өмірге қиындық неден шығатынын, еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.
І.Кітапханашы: Армысыздар, құрметі ұстаздар, оқушылар. Сіздерге әлем бойынша ең өзекті проблемалардың біріне айналып отырған «Суциид» деген пәле қайдан шықты? Өмір адамға бір ақ рет беріледі. Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды көпті кешкен тіршілігіне пешенеге жазғанын көреді. Қазақстан Республикасында 1994 жылы ратификацияланған «Бала құқығы конвенциясы» бойынша мемлекет және барлық заңды қатысушылар бала құқығын қорғауға ат салысады. Бала құқығы барлық заңсыз әрекеттерден, күштерден, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың, үлкендер, ата-анасы немесе оның орындағы заңды жауапты тұлғалар тарапынан көрсетілген жағымсыз күштерден және т.б. бала өміріне келтірілген зауалдардан қорғауды қамтамасыз етеді. Алайда, алдымыздағы берілген мәліметтер бала өмірін, құқығын қорғау шараларының әлі де болса жеткіліксіздігін көрсетеді. Балалар мен олардың отбасына деген арнайы (психологиялық кеңес беру, көмек көрсету, материалдық қамтамасыз ету, тіпті кей жағдайларда тек қана көңіл бөлуді қамтитын) іш-шаралардың ұйымдастырылуы қажет.
ІІ. «Мен және өмір» жаттығуы.
Шарты: оқушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен, Аяжан өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.
«Өмір» жаттығуы.
Шарты: тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке-жеке талдап беру. Мысалы, «өмір-өзен, өмір- мейірім, өмір –ірге тас, өмір рахат.»
«Жылы тілек» жаттығуы.
Шарты: бір біріне жылы тілек айту.
ІІІ. «Релаксация» жаттығуы.
Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін жұмып отырып оны елестетеді.
Терең демал, дем шығар, сендер сыныптарыңмен орман ішінде дем алып жұрсіңде, алдарыңда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің исі нәзік, жұпар, ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірің көлге қонған көбелектей ұшып аспанда қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңе мейірім ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік, күш жігер еніп, өмірдегі сенімсіздікпен қорқынышты ұмытып, өзіңді өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің «біз бақытты боламыз» деп қуанып, бір-біріңе қолдарыңды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қоныңдар. Көздеріңді ашып бір-біріңе күлімдеңдер.
ІV.Қорытынды.
Өмір деген заңғар биік емес пе? Адам өмірге бақытты болу үшін келеді. Өмірдің мәні –соған жету. Шешілмейтін проблема жоқ, тек уақытында оны ақылдаса отырып шешуге тырысу керек. Адаспайтын, қателеспейтін адам жоқ, оны ешкім де жазғырмайды.Оқушыларға айтарымыз екі өмір жоқ. Адам баласыына өмір бір-ақ рет беріледі. Әр бір атқан таңды қызыға да қуана ақ тілекпен қарсы алып, таза да дұрыс жолмен жүрейік!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.