Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұзын құлақ, ақ қоян -

Ұзын құлақ, ақ қоян

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5109 | Размер: | Автор: гость
. Өтегенова Күлаш Өмірбекқызы
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
II санатты тәрбиешісі

Тобы: «Ақмаржан» (4-5 жас) ортаңғы тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Ұзын құлақ, ақ қоян»
Мақсаты: Табиғатты және жануарлар мен аңдарды сүюге, оларға қамқорлық көрсете білуге
тәрбиелеу. Балалардың тілдік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: Компьютер, геометриялық пішіндер қиылған қоян, түрлі түсті картонның үстінде
қоянның сұлбасы, желім, үй қояны.

Іс - әрекет
бөлімдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру-шылық ізденушілік

Рефлексиялық түзетушілік

Шаттық шеңбері

Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз

- Балалар орнымызға отырайық, осы көңілді күйде іс – әрекетімізді бастайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атаңдаршы?
- Қазір қыстың қай айы?
- Қыста не жауады?
- Ауа – райы қандай болады?
- Жарайсыңдар балалар, дұрыс.
- Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тауып көріңдерші.
Құлағы ұзын,
Көзі қыли.
Қорқады да,
Жүреді ылғи.
- Дұрыс балалар, бұл – қоян
- Балалар, қоян үй жануары ма, әлде жабайы жануар ма?
- Үй жануарлары – ол біз үйде күтіп ұстаған жануарлар.
Қоян орманда өмір сүргесін ол жабайы жануар деп саналады. Бірақ үйде де өсірілетін қояндар болады, ол үй қояны – кролик.
Үй қоянын көрсету.
- Құлағы қандай?
- Неше құлағы бар?
- Қоян нені жақсы көреді?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, қоян неден қорқады?
- Иә, дұрыс балалар.
-Балалар, енді назарларыңды бері аударыңдар
(слайдпен жұмыс)
І слайд – сұр қоян
- Балалар, бұл не?
- Денесі қандай?
- Басы қандай?
ІІ слайд – ақ қоян.
- Ал, бұл не?
- Дұрыс, балалар, мынау ақ қоян.
Қоян жазда сұр болады, қыста ақ болады. Өйткені ол қорқақ болғасын табиғатта тіршілік үшін, қоян өзінің жауларынан қорғану үшін, қыста қармен бірдей ақ тон киеді, ал жазда, қоңыр тоны болады.
Бейне ролик көрсету.
ІІІ слайд – түлкі, қасқыр.
- Балалар, қараңдаршы, мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Дұрыс, қоян олардан қорқады.

Ертегі: «Қоянның құлағы неге ұзын?»
Бірде қоянның туған күні болады. Ол туған күніне ормандағы аңдарды шақырады. Ең бірінші түлкі келеді «Туған күнің құтты болсын!» деп құлағынан тартып гүлін береді. Онан кейін қасқыр келеді ол да «Туған күнің құтты болсын, қоянжан» деп сәбіз беріп құлағынан тартады. Ең соңынан аю келеді қолындағы балын беріп, «Қоян туған күнің құтты болсын» деп құлағынан тартады. Қоянның құлағы қып-қызыл болып қызарып, үлкен болып өсіп кетеді. Міне, содан бері қоянның құлағы ұзын екен.
Тосын сәт:
Есік ашылып, жылап қоян кіреді (бір құлағы жоқ)
- Балалар, бізге қоян келді, бірақ ол неге көңілсіз екен?
- Тоқта қояным! Сен неге жылайсың?
Қоян: Мен бір құлағымды жоғалтып алдым.
- Ай – ай – ай, өте өкінішті екен. Қояным, сен жылама, мына жерге отыр, бүгінгі оқу іс әрекетінде біздің балалар сен секілді қоянның бейнесін жапсырады, көргің келе ме?
- Балалар, қоянның құлағы нешеу болуы керек?
- Дұрыс, ендеше қоянның құлағын табуға көмектесеміз бе?
Қоян: Апай, балалар шаршамау үшін сергіп алайықшы
Сергіту сәті:
Бармақ боп тойға сұр көжек
Жуынып жатыр бүгжеңдеп
Тұмсығын жуды
Қолын жуды
Құлағын жуды, сілкінді
Құп – құрғақ боп сүртінді
- Балалар, бүгін біз «сиқырлы қоянды» жапсырамыз. Қоянымыз сиқырлы болған соң, мүмкін қоянымыздың құлағы да табылып қалар.
Балаларға көмектесу, жұмыстарын бақылау.
- Кәнекей, жапсырып болсақ, сиқырлы қояндарымызды қонақтарға көрсетейікші.
(Сол кезде қоянның екінші құлағын шығару)
- Қоян, сенің құлағың табылды ғой.
Қоян құлақтарын ұстап қарайды, қуанып:
- Иә, менің құлағым табылған екен, - дейді.
- Балалар, бұл сендердің жасаған сиқырлы қояндарыңның арқасында біздің қоянның құлағы табылды.
Қоян: Балалар, мен өте қуаныштымын. Менің сендерге әкелген сыйлығым бар, оны апайларың соңыра өзі береді, рахмет сендерге қош – сау болыңдар! Енді сендер маған орманға қонаққа келіңдер.
- Балалар, бүгін сендер үлкен қайырымды іс атқардыңдар. Сендердің мейірімділіктерің қоянға қуаныш сыйлады.
- Балалар, осымен бүгінгі оқу іс – әрекетімізді аяқтаймыз. Қонақтармен қоштасайық. Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.

Балалар орындарына жайғасады.

- Қыс мезгілі
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан
- Қаңтар
- Қар жауады
- Салқын, аяз болады.

-Қоян

-Жабайы жануар.

- Ұзын
- Екеу
- Сәбізді жақсы көреді.
- Қасқырдан, түлкіден қорқады.

Балалар слайдқа назарларын аударады.

- Сұр қоян
- Сопақша
- Дөңгелек

-Бұл ақ қоян

-Түлкі, қасқыр.

Балалар ертегіні сахналап көрсетеді.

- Иә
- Екі құлағы

-Көмектесеміз
Балалар сергіту сәтіне қатысады.

Сергітудің сөздеріне сәйкес қимылдарды орындайды.

Жұмыстарын жоғары көтеріп көрсетеді.

Таң қалады.

Балалар қоянмен бірге қуанады.

- Сау бол, қоян!

Орындарынан тұрып, қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Суреттен қоянды таниды.
Игереді: Қоянның қыста ақ, жазда сұр болатынын игерді.
Меңгереді: Қоян туралы ертегіні, оларға қамқорлық көрсете білуді меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.