Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кітап - өмір ұстазы

Кітап - өмір ұстазы

. ХХІ ғасыр – руханият, мәдениет, ақпарат ғасыры. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ, біздің рухани – мәдени тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі – кітапхана.



Мектеп кітапханаларының өз ерекшеліктері мен өзгешелігі бар. Бір жағынан олар жалпы кітапхана нормалары мен қағидаларын ескерсе, келесі жағынан және бастысы қазіргі заманның мектептің оқу-тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады. Бүгінгі мектеп кітапханасы өз уақытының деңгейінде болып, мектептің дамуына үлгеріп, оған балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеуге белсене көмектесуі тиіс.
Рухани тарихта ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан – теңіз. Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп, алдағыны көрегендікпен болжаған. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.
«Кітап – білім кілті» кітапханаға оқушылар жиі келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық пен жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді. Кітапхана үнемі түрлі шаралар өткізіп отырады.
Жалпы жыл бойына көпшілік іс-шаралар: көрмелер, шолулар, әдеби кештер, пікірталастар, әңгімелер мен дауыстап оқулар, сайыстар, ақын-жазушылар шығармаларынан мүшайра, атақты адамдар өмірі мен еңбектерін насихаттау, т.б. өткізілетін іс-шараларда мұғалімдермен, оқушалармен бірлесе отырып атқарылады.
«Кітап - рухани қазына» атты апталық өткізіліп, ертегі әдеби кітаптар бойынша сайыстар, қойылымдар өткізіліп, «Алтын сақа», «Алтын қақпа» ойындары жүргізіліп, барлық сыныптар атсалысады. Мектеп кітапханасы әр тақырыптарда ауызша журналдар, ертеңгіліктер, тәрбие сағаттары бойынша жұмыстар өткізу тәжірибеге айналған. Мысалы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» кітап көрмесі, «Біз тәуелсіздікке қалай жеттік» буклет, «Тәуелсіздік - 20» картотека, «Желтоқсан – ерлік айы», «Арманы үлкен азат ел» атты тәрбие сағаттары, «Жасай бер, ана тілі – қазақ тілі», ертеңгілік, «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Ж.Аймауытов «Ақбілек» дөңгелек үстел, «Мектеп дарабозы» сайысы, т.б. тақырыптарда жасаған іс-шаралар мазмұнды да тартымды ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасы рөлі жылдан-жылға артып келеді. Иә, рухани болмысымызды айқындауда құдіретті құрал – кітап өлшеусіз рөл атқарады. Олай болса, жақсы кітаптың бар қазынасы оқырман жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра білейік.

Павлодар облысы. Баянауыл ауданы.
Е.Бекмаханов атындағы мектептің кітапханашысы
Ахметова Майнұр Шайхықызы
Просмотров: 6269
.