Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Критериалды бағалау жүйесін химия пәнін оқытуда қолдану

Критериалды бағалау жүйесін химия пәнін оқытуда қолдану

. Қостанай облысы әкімдігі «Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты»КММ
Бегайдарова Асемгуль Серикбаевна
Химия,биология пәнінің мұғалімі

Критериалды бағалау жүйесін химия пәнін оқытуда қолдану
Еліміздегі білім беру саласындағы үлкен өзгерістердің қарқынды дамуына ықпал етіп жатқан жайымыз бар.Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалдық бағалау жүйесін дамытып,оны сабақтарымызда қолданысқа енгізіп жатқанымыз әлемнің өзгерісін өзімізге алып келіп жатқанымызды көрсетеді.
Мектептің қарқынды дамуының қазіргі жағдайында білім сапасының бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі қайдан туп отыр деген сауал келеді? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
1. бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);
2. оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
3. білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.
4. әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.
Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады.Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау –оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалаудың міндеттері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
-Үлгісі оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
-Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға:
-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар:
Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау:
-Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
-Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау:
-Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)
-Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;
-Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау:
-Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы )
-Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді
-Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді.
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуыа көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі,ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.
Суммативті (немесе жиынтық) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.
Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.
«Химия» пәні бойынша оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
Блум таксономиясына салып,талдауға болады
Критерийлер Максималды деңгей
А Білу 1
В Түсіну 2
С Қолдану 3
D Талдау 4
E Жинақтау 5
F Бағалау 5
Барлығы 20

Оқушылардың білім деңгейлері мына шкала бойынша бағаға айналдырылады:

Ұпай саны Баға
10-нан төмен ұпай «2»
11-14ұпай «3»
15-17ұпай «4»
18-20ұпай «5»
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Оқушылар істей білуі қажет
Критерий А
Қажетті ақпаратты іздеп табу;
Алынған ақпаратты түсіндіру;
Ақпаратты талдау;
Ақпаратты химия тіліне «аудару»;
Қазіргі қоғамдағы химияның алатын орны және ролін түсіну;
Адам қызметіндегі химияның маңызына қарапайым мысалдар келтіру;
Химияның өмірдегі байланысын анықтай алу;
Критерий В
Мәселені анықтай алу және гипотеза ұсыну, зерттеу мақсатын анықтау, қорытынды шығару;
Зерттеудің әдіс-тәсілдерін анықтай білу;
Қажетті ақпаратты дұрыс таңдай білу;
Қосымша ақпарат іздей алу және оны өз бетімен мақсатқа жету үшін қолдана алу;
Критерий С
Мәселені шешу жоспарын құру (ресурстар және уақытты қолдану арқылы), өз бетімен сипаттау;
Өз шығармашылық қызметін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
Критерий D
Химияда тәжірибелік жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау;
Химияның жабдықтардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану;
Жұмысты жоспар бойынша орындау;
Жұмысты белгіленген мерзімде орындау;
Берілгендерді дұрыс жинақтау және жазу;
Химияның есептерін шешу,теңдеулерін шығару және алынған нәтижелерді талдау;
Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу;
Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру;
Сапалы жоба құру;
Критерий Е
Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру;
Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау;
Критерий F
Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу;
Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру;
Ақпаратты түсінікті түрде көрсету;
Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану;
Тәжірибені өңдеу және қорытындылау тәсілдерін дұрыс қолдану;
Критерий G
Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу;
Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу;
Шығармашылықты талдау жәнебағалау;
Критерий H
Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану;
Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу;
Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.

Қорытынды
Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:
1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;
2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;
3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген уақытта анықтау;
4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды жекелеуге (дифференциалдауға) болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);
5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;
6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.
Просмотров: 7298
.