Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ОРТА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ.

ОРТА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ.

. Тенизбаева Алтынай Амановна информатика пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы,
Бейнеу селосы, Манашы орта мектебі ММ

ОРТА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін барынша технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e - Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.[1]
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» ұсынған оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курсына онлайн режимде қатысып, бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген сол модулдардың ішінде «білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды».[2]
Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Сабақ үрдісін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық ортаға ену дағдыларын қалыптастыру, сабаққа қажетті мәліметтерді іздеу, сұрақтарға жауап алу, ақпараттық ресурстарды пайдалана білу, олардың қайда орналасқанын және қандай мақсатта қолдануға болатындығын меңгерту болып табылады.
Бұл мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін:
1.Сабақта оқытудың АКТ - ны тиімді қолдана білу.
2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
3. АКТ - ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.
4. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу
5. Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Соның ішінде электронды оқулықтың тиімді жақтары
 Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.
 Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
 Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
 Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
 Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
 Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
 Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
 Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
 Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
 Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.
ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары
AutoPlay Media Studio бағдарламасының– бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. 5 сыныпқа дайындаған электронды оқулығымның басты бетіне аннотация; пән туралы қысқаша ақпарат; жұмыс бағдарламалары; электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар; ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары; жасақталған. Келесі бетке көшкенде сол компьютерге отыратын оқушының суретін орнатамын. Бұл әрине оқушыны қызықтырады, оқуға деген ынтасын оятады. Одан әрі сілтеме теориялық материалдар (лекция конспектiлерi); теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы; практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
бақылау тапсырмаларымен жалғасады. Лабораториялық жұмыстардың да әдiстемелiк нұсқалары; бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар; бақылау тестiлерiнiң жинағы немесе сол электронды оқулықты ашып отырған жерінен интернет желісіне қатынап Padlet, Kahoot.it e-learning Apps, ойын түріндегі тестілеу бағдарламасына қатынап тест тапсырмасын орындау және нәтижесін көруге болады. Телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi; керекті бейне роликтерге тез қатынау мүмкіндігін жасадым.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет ақпараттық коммуникациялық технологияның жетістіктерін пайдалана отырып оқушының білімін, ойлау қабілетін, ерік-жігерін, шығармашылықпен өз бетімен жұмыс жасай білетін заман талабына сай бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сонымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану ерекшеліктеріне байланысты білім беру саласында электрондық оқыту құралдарын дайындау күн тәртібіндегі негізгі мәселе болып саналады.
Академик А.П. Ершов: «Компьютерлік сауаттылықтан – қоғамның ақпараттық мәдениетке және мәдениеттің жалпы бөлшегі болуы керек» деп айтқан болатын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің //Қазақстан халқына Жолдауы/,2014
2.Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж 7желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нда білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. III басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. .
Просмотров: 4011
.