Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыстап қалатын құстар

Қыстап қалатын құстар

. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты: Тобы: «Балбөбек»
Тақырыбы:Қыстап қалатын құстар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Айналамен таныстыру экология
Мақсаты:Балалардың қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.Қыстайтын құстарға сүйіспеншілік, қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: құстар туралы тақпақтар жаттату.
Көрнекілік әдісі: құстардың суреті,жұмыртқа
Билингвалдық компонент: Көгершін,қарға,торғай.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы – Сәлеметсіңдер ме, қыздар мен ұлдар! Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін, өйткені сендермен кездесуді асыға күттім. Ал сендер «қоршаған ортамен таныстыру» сабағына келе жатқанда қуандыңдар ма?
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Балалар,мұнда келіңдер,
Қызықты көріңдер!
Құстар ұшып келіпті,
Үй үстіне қоныпты.
«Ғажайып сәт»:
(ұядағы жұмыртақаны көреді)
-Балалар бұл не?
-Геометриялық пішіні қандай?
-Жұмыртқаның түсі қандай?
-Ішінде не бар?
«Психологиялық жаттығу»:
-Ендеше,жұмыртқаның ішіндегі балапанға жылы лебіздерімізді білдірейік.
(Жұмыртқаны қолына алып тілек айту). Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Сендер қандай құстарды көріп жүрсіңдер?
Дұрыс айтасындар балалар бұл құстар суыққа өте төзімді екен.Сондықтан бұлар жылы жаққа ұшпай,қыстап қалады. Күннің суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылып қалады.
Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен-көлдерге су қатып қалады.Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей,сол жерде қыстап қалады.
Оларды қыстап қалатын құстар деп атайды.
Балалар жүгіре басып келіп,құсты көріп,таңғалады, қызығушылық танытады.

(-Жұмыртқа)

(-Сопақша)
(-Ақ)
(-Балапан)

Денің сау болсын.
Үлкен болып өс
Іздену- ұйымдастырушы Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді.Қарны ашып,жаураған құстар адамдарға жақын келіп,көмек күтеді.Бұл кезде олар қорқуды да ұмытып кететін сияқты.»
Балалар бүгін бізге қонаққа көгершін келіпті қарсы алайықшы.
Көгершін: Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен сендерден көмек сұрай келдім.Балалар «Қыс-қарлы,боранды,аязды, жылдың суық мезгілі болғандықтан бізден көмек күтеді.Соған көмектесесіңдер ме?
Көгершін:Мен жай келген жоқпын сендерге бір ойын алып келдім.Осы ойынды жақсы ойнасаңдар,мен сендерді құстарға көмектеседі деп ойлаймын.
Ойнаймыз ба?
Дидактикалық ойын:
«Құстардың түрлері»
Ойынның мақсаты: Балалардың зейінін дамытып, құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Балаларға үстел үстіндегі араласқан суреттерден үй құстарымен қыстайтын құстарды ажыратып, тақтаға ілу тапсырылады. Күз мезгілі

Көгершін,қарға,торғай.

Сәлеметсінбе Ақ көгершін

-Көмектесеміз

-ойнаймыз
Рефлексивті – коррекциялаушы

Егер, балалар, сендер көшеде келе жатсыңдар, бірнеше тентек балалар бір құсқа тас лақтырып жатады.
-Сендер сол кезде не істейсіңдер?
-Бұл дұрыс па?
Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар, құстарға қамқорлық көрсетуіміз керек.
- Балалар, біз бүгін қандай құстармен таныстық?
Ендеше балалар осымен сабағымыз аяқталды. . Тентек балаларға бұларын дұрыс емес деп айтамыз.

-Бұл дұрыс емес

-қыстап қалатын құстармен
-Сауболыңыз!
Күтілетін нәтиже: Оқу іс-әрекеті өз мақсатына жетті.
Нені білді: Қыстап қалатын құстар туралы танысады.Құстарды бір бірінен ажырату әдісін меңгерді.
Қандай түсініктерді игерді: Кез-келген уақытта көмектесуге дайын құстарға.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қыстап қалатын құстарды өз бетімен ажыратуды үйренді.
Просмотров: 7230
.