Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ғашықтық дерті  (Поэма)

Ғашықтық дерті (Поэма)

. Ғашықтық дерті
(Поэма)

Балалықтың бал татыған
Сәттері ғой естен кетпес,
Сағым қазір қусаң жетпес.
Қызық еді шынында...
Қуанышпен таңды атырған
Ғашықтық та өмір тектес,
Ата анамен уайым шекпес
Қызың менен ұлың да...

Бір ауылда көрші болып,
Тұрды қыз бен бала іңкәр,
Жігіт болып өсті сұңқар
Жұрт қарайтын қызығып...
Көз алмайтын күн-түн шолып,
Қыдырғанда әнін шырқар,
Жетегінде ылғи тұлпар.
Қыз қарайтын сызылып...

Ғашық еді жастайынан,
Бір-біріне ынтығып,
Қайран жүрек бұлқынып,
Күн батқанда ай астында сырласып...
Табылатын қос қайыңнан,
Бір – біріне ұмтылып,
Жүректерде жыр тұнып,
Ынтық еді шын ғашық...

Уақыт екен тез өтпелі,
Қыз қарайтын наздана
Таң атуға қалғанда бір аз ғана,
Бұлбұл сайрап бақытты етер екеуін.
Алысқан қол серт пе еді?
Ұялушы еді бозбала,
Қысылатын қыз бала
Әттең тағдыр қоймас бәрін шектеуін...

Қоштасатын күн де жетті,
Жігіт елден ұзады
Көшу болды тұзағы
Ата ананың соңына ерді амалсыз.
Сағынумен күндер өтті,
Үміт үзбей қыз әлі,
Түн ұйқысын бұзады
Жігіт кетті хабарсыз...

Амалсыздан тұрмыс құрды,
Шет мұсылман салтымен,
Іштен тынды антымен,
Қайтсін енді қыз баласы бір мұңлық.
Жылап бүкті сезім сырды
Шыдамдылық қалпымен,
Сабырлылық шартымен
Жүрек қиын – бұл шындық...

Тұрған жері тәжік елі,
Ері әскерге аттанды,
Ақ көңілмен шаттанды,
Елге қорған болам деп...
Енді жасы төгіледі
Елесі енді сақталды
Армандаған бақ қалды
Кім ойлаған қара қағаз алам?- деп...

Перзенттерін сүйреп, күйреп,
Жиырма жыл да өтіпті
Өткен өтіп кетіпті
Оралыпты ата қоныс мекенге.
Жүрек қалап, бұрып бүйрек
Жыл құсындай жетіпті,
Уақыт –емші, бекіпті
Өз еліңе жетер ме?

Тағдыр деген толқын тектес,
Қай жағаға лақтырарын білмейсің
Тек үмітпен жүргейсің
Сезім шіркін ұлы тым!
Барлық арман босқа кетпес
Босқа өмір сүрмейсің
Төрт құбылалы кім дейсің?
Кездестірді жігітін...

Көз жанары өзгермеген,
Қарап тұрып қалды да,
Жүрек дүрсіл салды да.
Тіл қата алмай бір орында қап қойды
Ұшып қиял кездерменен
Естен бір сәт талды да,
Көңіл көкті жарды да,
Сезім оты ап бойды...

Жігіт шашы ақ қыраулы,
Отбасымен орныққан
Шыға алмаған сондықтан,
Ата-ананың бұйрығына бас ұрып,
Бәрі дәйім бір сұраулы,
Барлық сырды сонда ұққан
Кете алмайсың шындықтан
Қала алмайсың жасырып...

Қанша тағдыр бұл ғаламда,
Толқын болып өрілген,
Сұлу болып көрінген
Әрбір жанда бір кемдік...
Дархандық бар даламда,
Тектілікпен терілген,
Адамдығың берілген
Сезімменен түрлендік...

Әттеңі көп қой шынында,
Сезімді жүрміз ардақтап.
Абыройды қалап жалтақтап.
Адамдық атты қаладық!
Тәңірдің берген сынында,
Имандылықты салмақтап,
Қасиеттілікті қармап қап,
Арменен қалсақ жарадық!!!
05.12.2012жыл.
Просмотров: 1961
.