Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сен  қалшы мәңгі сезімім...

Сен қалшы мәңгі сезімім...

. Сен қалшы мәңгі сезімім...
Уақытша бәрі, өмірдің өзі өтпелі,
Жарыққа шығар оранған мың күн өрттегі.
Күн сайын орап, түн сайын еріп соңымнан,
Жаулап та алды сағыныш атты дерт мені...

Аңсауды қайтем, оралмас сол бір көктемім,
Сақтаушы парақ сырымды оған шерткемін.
Өткен шақты аңсау, бәрі де бекер емес пе?
Жаралап жанды, шөліркеп ерін кепкенім.

Қалайша қиям, ғажайып жастық мекенді,
Мәңгілік аңсар жердегі жұмақ екен-ді.
Аңшыдай болдым, жаяулап қуып жете алмас,
Тылсымға құмар, уақыт боп зырлар бөкенді.

Өтпелі бәрі, сен қалшы мәңгі сезімім,
Жырыммен қалам өлеңнің өлмес өзімін.
Мақсатқа жету - бақытпен өту ендеше,
Жырларым-жеңіс, өлеңім -өр, рух, төзімім!

Қиялмен құшып, ойыммен ұшып жеткенмін!
Киелі өлең, мағынасы терең серттенмін!
Сезімім менің саналы жанға сый беріп,
Бәйшешегі болып көгере берер көктемнің...
26.03.2012жыл.
Просмотров: 1557
.